Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать
  1. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тұжырымдаңыз.

Мемлекеттік қызметшiнiң:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігiн арттыруға;

8-1) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

9) өзiнiң мемлекеттік қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

11-1) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

16) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

  1. Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктерге және олардың қызметтеріне тоқталыңыз.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне,қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды

Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы реттейді. Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады.

  • Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

  • Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

  • Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi.

  • Қоғамдық бірлестіктер болып табылады: Саяси партиялар;

  • Бұқаралық қозғалыстар;

  • Кәсіптік одақтар;

  • Жастар мен балалар ұйымдары;

  • Ғылыми, техникалық, мәдени-ағарту, спорт және т.б. ерікті қоғамдар;

  • Шығармашылық одақтар;

  • Ассоциациялар. т.б. бірлесулер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]