Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

21.Әкімшілік жазаның мақсаттарын түсіндіріңіз.

Әкімшілік жазаның мақсаттары төмендегідей:

-әкімшілік заң нормасымен қарастырылған әрекеттер үшін тиісті жауаптылық шарасын тағайындау.

- әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңды сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында қайта тәрбиелеу.

-әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаудан сақтандыру, алдын алу.

Мерзімі бойынша әкімшілік жазалар: бір реттік (разовый), бір мерзімдік (единовременный), созылмалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі және қосымша жазалардың тағайындалу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 46-бабында көрсетілген.

Әкімшілік жазалар тағайындау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің белгілі бір құқықтарынан айырады.

22.Әкімшілік іс жүргізу сатыларын түсіндіріңіз.

Әкімшілік іс жүргізу-материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс -әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады. Әкімшілік іс жүргізуге мынадай ерешеліктер тән:

1) мемлекетпен тікелей байланысы : себебі әкімшілік іс-жүргізу билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі.

Оның негізін уәкілетті басқару органдарының іс-әрекеттері құрайды;

2) түрлі құқық салаларының материалдық нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс жүргізудің

әлеуметтік белгіленуін білдіретін заңды әрекет;

3) нақтылы басқару істерін шешуге бағытталған;

4) құқықтық тәртіп көмегімен ғана нәтижеге ие болатын заңды нәтижелі іс-әрекет;

5) процессуалдық құжаттардағы іс-әрекеттер нәтижесінің міндетті түрде толтырылуы;

6) процессуалдық реттеудегі объективті қажеттілікті тудырады. Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары(принциптері).

23.Әкімшілік іс жүргізуге қатысушы маман мен сарапшының айырмашылығын және олардың құқықтары мен міндеттерін жазыңыз.

Әкімшілік іс жүргізу субъектілеріне заңды нормалар негізінде әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды, сонымен қатар мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйымдарды жатқызамыз, Бұл қатысушылар іс жүргізуде әр түрлі қызмет атқаратындықтан олардың құқықтық мәртөбесі де әр алуан болады. Барлық субъектілердің тең құқылы мүмкіндіктері бар. Олар заң алдында да бірдей болғандықтан заң бойынша әрекет етуі тиіс.

23.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы және негізгі міндеттерін атаңыз.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті) — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау,қарсы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын күзетуге, Арнаулы ақпарат қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен елдің конституциялық құрылысы негіздерінің, мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы, экономикалық,ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуеті қорғалуының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды құру, ұстап тұру және дамыту, Мемлекеттік шекараны күзету, үкіметтік байланысты ұстап тұру және қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеттері:

1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;

4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;

4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;

5) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстарды анықтау,жолын кесу, ашу және тергеу;

6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]