Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

15.Жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын талдаңыз.

Жергілікті атқарушы билік органдары – бұған жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергілікті .өкілді органдар - әкімдер мен мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекетгік мүдцелерді ескере отырып, оны іске асыруға кажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

16.Мемлекеттік басқарудың нормативтік құқықтық актілерінің түрлерін тізбектеңіз.

Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері.

Басқарудың құқықтық актілерін әртүрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: заңдық қасиеттері бойынша, әрекетр ету мерзімі бойынша, әрекет ететін аумағы бойынша, құзіретінің сипаты бойынша, аттары бойынша, көрініс сипаты бойынша, күрделілік деңгейі бойынша, қабылдау тәртібі бойынша.

Басқарудың құқықтық актілерін құзіретінің сипаты бойынша мынадай 3 түрге бөлуге болады:

1) жалпы актілер;

2) салалық актілер;

3) салааралық актілер;

Жалпы құқықтық актілер ҚР-ның Конституциясына және басқа да заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билік субъектілері мен атқарушылардың мінез-құлық ережелерін бекітеді. Жалпы актілердің ішіндегі неғұрлым маңыздысы – ҚР Президентінің актілер. ҚР Президентінің актілері негізінде Үкіметтің және атқарушы биліктің өзге де органдарының қызметінің тәртібі және құқықтық негізі құрылады, яғни олар құрылтайшылық сипатта болады. Аттары бойынша бұл актілер: жарлықтар, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, нұсқаулықтар, шешімдер, ережелер болып бөлінеді.

17.Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін айқындаңыз.

25-бап. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілеу

1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгіленеді.

2. Нормативтік құқықтық актілердің әр алуан түрлерін қабылдау тәртібінің ерекшеліктері сонымен қатар:

1) кодекстер үшін - осы Заңмен.

Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;

2) заңдар үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламенті туралы, Қазақстан Республикасының Президенті туралы, референдум туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, оның ішінде Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен;

2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актілерімен;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президенті туралы заң актісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы тәртіпті реттейтін актілерімен;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен;

5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Үкімет пен осы органдар туралы заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы органдардың қызметін реттейтін қаулыларымен;

6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы заң актілерімен;

7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары үшін - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;

8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтік қаулылары үшін - сайлау және референдум туралы заң актілерімен;

8-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік шешімдері үшін - осы органдар туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен айқындалады.

3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөніндегі құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]