Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1171_y_zhaua...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

9.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санаттарын жазыңыз.

10.Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын сипаттаңыз.

Мемлекеттік қызметшiлердiң жауаптылығы

1. Мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды заңсыз тағайындағаны және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды заңсыз босатқаны, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды заңсыз қолданғаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн бұзғаны, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария еткені, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қолданбағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сол сияқты осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

4-1) қызметiн төмендету;

5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн

11.Мемлекеттік қызметті тоқтатудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы

Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен босатылуы

1. Отставка дегенiмiз мемлекеттік саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттік лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Отставканы мемлекеттік саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.

3. Мемлекеттік саяси қызметшілер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде және тәртіппен отставкаға өтініш береді және отставкаға кетеді.

4. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттік саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттік саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

12.Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін негіздеңіз.

Қазақстан Республикасында мынадай қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін:

ҚР облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық бірлестіктерге жатады;

ҚР облыстарының жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері бар бірлестіктер аймақтық бірлестіктерге жатады;

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облыс шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады.Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады.

14.Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысанының түрлері жіктеңіз.

Басқару нысандарының түсінігі мен түрлері.

Мемлекеттік басқарудың нысаны – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі. Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері: - құқықтық ;

- құқықтық емес;

Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады.

Басқарудың құқықтық нысанын былайша жіктеуге болады: – құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.

Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]