Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз экзамен 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
566.27 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Қабыну патофизиологиясы»

Қабыну – бұл://

ауру алды жағдай//

нозологиялық бірлік//

патологиялық реакция//

патологиялық жағдай//

біртектес дерттік үдеріс

***

Қабынудың жиі себебі болып табылады: //

биологиялық факторлар//

механикалық факторлар//

физикалық факторлар//

химиялық факторлар//

психогендік факторлар

***

Қабынуды шақыратын фактор аталады: //

мутаген//

аллерген//

флогоген//

пироген//

канцероген

***

Экзогендік флогогендік факторларға жатады: //

тромбтар//

вирустар//

бос радикалдар//

уытты метаболиттер//

тіндер ыдырауының өнімдері

***

Эндогендік флогогендік факторларға жатады://

қышқылдар//

риккетсиялар//

электр тоғы//

ауыр металдардың тұздары//

антиген-антидене кешендері

***

Сепсистік қабыну дамуының себебі болуы мүмкін:// тіннің некрозы// пиогендік бактериялар//

тінге қанның құйылуы// веналық тамырлардың тромбозы// стерильді бөгде ақуызды енгізу

***

Қабынудың бірінші сатысы болып саналады: //

стаз//

экссудация//

альтерация//

пролиферация//

қан айналымның бұзылыстары

***

Екіншілікті альтерация, ең алдымен осының тіндерге әсер етуінің нәтижесі болып табылады: //

флогогендік факторлардың//

қабыну медиаторларының//

тіндік өсу факторларының//

өзгерген нәруыздардың//

алкалоздың

***

Қабынудың жасушалық медиаторы://

плазмин//

гистамин//

калликреин//

брадикинин//

комплемент

***

Жасуша мембранасының фосфолипидтерінен түзілетін қабынулық медиаторларды атаңыз://

серотонин//

азот оксиді//

тромбоциттердің активациялық факторы//

прокоагулянттар//

каллидин

***

Қабыну ошағында тамыр эндотелийі зақымдануы және Хагеман факторының белсенуі байқалады. Осы фактор белсендірілуінің салдары ретінде қанда қабыну медиаторларының қайсысы пайда болады://

гистамин//

простагландин//

өспелерді жоятын фактор//

брадикинин//

комплемент

***

Қабыну медиаторларының негізгі әсер ету механизмі осының жоғарылауымен байланысты: //

тамырлар өткізгіштігінің//

артериялық қысымның//

арнайы антиденелер титрінің//

қабыну ошағындағы зат алмасудың//

флогогендік фактордың патогендігі

***

Науқас 26 жаста, кенеттен оңжақ бүйірі тұсында қатты ауыру сезімі пайда болған және ауыру сезімі оңжақ шабына, бел аймағына беріледі. Бір рет құсқан, дене температурасы 37,8°С дейін көтерілген. Пальпация жасағанда ішінің оңжақ бөлігі ауыртады, тітіркендіру симптомы оң нәтижелі. Қан анализінде: лейкоциттер 14,0•109/л, ЭШЖ – 22 мм/с. Қабынудың осы түріне тән://

аяқталмаған фагоцитоз//

тамыр өткізгіштігінің төмендеуі//

қабынулық гранулемалардың пайда болуы//

қабыну ошағында нейтрофилдердің жиналуы//

қабыну ошағында алып көпядролық жасушалардың жиналуы

***

Қабыну ошағында артериялық гиперемия дамуын қамтамасыз ететін механизмдер://

аксон-рефлекстің активациясы//

тамыр тонусының базальді компонентінің жоғарылауы//

артерия қабырғасына симпатикалық ықпалдардың белсенуі//

моноаминооксидазалармен норадреналиннің ұзақ ыдырауы//

вазодилататорларға тамыр қабырғасы сезімталдығының төмендеуі

Фагоцитоздың жасушаішілік қорыту сатысында бұзылуының себебін атаңыз://

глюкуронидаза синтезделуінің активациясы//

глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің күшеюі//

фагоцитозда оттектік белсенді түрлері түзілуінің күшеюі//

лизосомалық ферменттер белсенділігінің жеткіліксіздігі//

пиноцитоз жеткіліксіздігі

***

Қабыну кезіндегі экссудация дамуының механизмі://

макроэргиялық қосындылар концентрациясының жоғарылауы //

капиллярлар мен венулалар өткізгіштігінің артуы//

венулаларда гидростатикалық қысымның төмендеуі//

эндотелий аралық қуыстардың тарылуы//

цитопемпсистің тежелуі

***

Қабынудың келесі медиаторлары хемотаксис пен фагоцитозды белсендіреді://

простациклин//

тромбоксан А2//

интерферон-гамма//

простагландин D2//

лейкотриендер С4, D4

***

Қабыну ошағына бірінші болып шығады: //

нейтрофилдер//

эозинофилдер//

лимфоциттер//

моноциттер//

базофилдер

***

Қабыну ошағындағы тамыр эндотелиімен лейкоциттердің тығыз байланысуын қамтамасыз етеді://

интегриндер// L-селектиндер//

E-селектиндер// простагландиндер//

иммуноглобулиндер ***

Қабыну кезінде жергілікті температураның жоғарылауының патогенездік факторы болып саналады://

стаз// ишемия// эмболия//

веналық гиперемия// артериялық гиперемия ***

Жіті қабыну кезіндегі қызба дамуына ықпал ететін, пирогендік қабілеті бар қабынулық медиаторды атаңыз://

гистамин//

лейкотриен В4//

интерлейкин-2//

Хагеман факторы //

өспелерді жоятын фактор

***

Дифтерия, дизентерия, өкпе туберкулезіне осының пайда болуы тән://

іріңді экссудаттың//

сірнелі экссудаттың//

геморрагиялық экссудаттың//

фибриноздық экссудаттың//

шірікті экссудаттың

***

Науқас 48 жаста, соңғы үш жылда жиі кіші дәретке отырғысы келетініне және қуық аймағында ауырлық сезім пайда болатынына шағымданады. Суық тисе қызба және кіші дәреті ауырсыну сезімімен болатынын айтады. Қабынудың осы түріне тән://

альтерацияның басым болуы//

айқын тамырлық реакциялар //

тіндердің мононуклеарлық инфильтрациясы//

экссудацияның айқын болуы

аяқталған фагоцитоз ***

Қабыну кезінде қылтамырлар мен венулалардағы гидростатикалық қысым осылардың әсерінен жоғарылайды://

ишемия//

веналық гиперемия//

артериялық гиперемия//

тамырлар кемерлері тікелей зақымданғанда//

венуланың эндотелиальді жасушалары жиырылуынан

***

Қабыну ошағындағы жасушаларда тотығу және фосфорилдену процесін келесі эндогендік агенттер туындатады://

калий//

кальций//

кортизол//

динитрофенол//

альфа-токоферол

***

Ііріңді экссудатқа тән:// фибриннің жоғары құрамы // эритроциттердің жоғары құрамы //

өлген лейкоциттердің жоғары құрамы //

төмен протеолиздік белсенділік// салыстырмалы тығыздықтың төмен болуы ***

Қабыну кезінде,гельминттермен шақырылған экссудат құрамында көп болады://

нейтрофилдер//

эозинофилдер//

лимфоциттер//

эритроциттер//

моноциттер

***

Лейкоциттердің «роллингіне» қолайлы жағдай жасайды:// қанағыстың жылдамдауы// L- және E-селектиндердің белсенуі //

Лейкоциттердің беткейінде интегриндердің экспрессиясы// эндотелийде адгезия рецепторларының санының азаюы// эндотелийде иммуноглобулиндергеұқсас молекулалардың экспрессиясы ***

Қабыну ошағындағы жасушалардың пролиферация процесін стимулдаушы ықпалы бар заттектерді атаңыз://

цАМФ//

кейлондар//

өсу факторы//

глюкокортикоидтар//

иммуноглобулиндер

***

Қабынудың адаптациялық маңызы осының дамуында:// альтерацияның//

фагоцитоздың//

ағза гипофункциясының//

инфекцияның бүкіл организмге таралуының//

организмнің сенсибилизациясының

***

Науқаста маникюр жасатқаннан кейін жалпы әлсіздік, қалтырау, сол қолының солқылдатып ауыртатыны мазалайды. Дене температурасы 39,10С. Сол қолының екінші саусағы ісінген, қызарған, ыстық, ұстағанда ауырады. Қан талдамасында лейкоциттер саны жоғарылаған, ЭТЖ жылдамдаған, С-реактивті нәруыз жоғарылаған. Науқаста дамыған типтік патологиялық процестің жалпы көріністерінің патогенезін осының әсерімен түсіндіруге болады://

интерлейкин-1 //

интерлейкин-4//

интерлейкин-10//

интерферон-альфа//

интерферон-бета

***

Қабыну кезіндегі қанайналым және микроциркуляция бұзылысының негізгі және ұзақ сатысы://

стаз//

ишемия//

тромбоз//

веналық гиперемия//

артериялық гиперемия

***

Науқастың плевралық сұйықтығын зерттегенде, пунктат мөлдір, ашық-сары түсті, тығыздығы 1,021 г/л, құрамындағы нәруыздар – 0,42 г/л, 1 мкл-дегі жасушалар саны 3600, лимфоциттер басым. Зерттеу нәтижелері бойынша сұйықтықтың түрі://

транссудат//

іріңді экссудат//

сірнелі экссудат//

ихорозды экссудат//

фибринозды экссудат

***

Алапеспен ауыратын науқастың терісінде және тері грануляциялар көптеп түзілген. Бұл жағдайда патогенездік тұрғыда тағайындаған дұрыс://

адаптогендерді//

антигистаминдік препараттарды//

вирусқа қарсы препараттарды//

антибактериялық препараттарды//

глюкокортикоидты препараттарды

***

Науқас оң қолын иығынан төмен күйдіріп алған. Күйген жердің терісі ісінген, ашық қызыл түсті, кейбір жерлерінде эпидермис сырылған. Дене температурасы 38,00С. Қан талдамасында лейкоциттер саны жоғарылаған, ЭТЖ жылдамдаған. Осы деректер науқаста қабынудың осы сатысы дамғанын айқындайды.://

экссудация//

пролиферация//

біріншілік альтерация//

лейкоциттердің эмиграциясы //

қанайналым бұзылыстары

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]