Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз экзамен 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
566.27 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»

Генетикалық бағдарламаның өзгеруі салдарынан жасушаның зақымдануы байқалады://

қалыпты гендердің репрессиясында//

ДНҚ репарация гендерінің экспрессиясында //

патологиялық гендердің тежелуі кезінде//

субклеткалық органеллалар өзгергенде//

тотығу және фосфорилдену ажырауында

***

Жасуша зақымдануының эндогендік себептеріне жатады://

вирустар//

иммундық кешендер//

механикалық ықпалдар//

ауыр металлдар тұздары//

электромагниттік толқындар

***

Осмометрдің өзгеруі және плазмалық мембрана арқылы жасушалар көлемін реттеу механизмі бұзылуынан жасушалар зардапталуының бейспецификалық көріністері дамиды, осы көріністің патогенезінде маңызды://

Na/К - АТФ-аза активтілігінің төмендеуі//

липидтердің асқын тотығу процестерінің тежелуі//

жасуша ішіндегі осмостық қысымның төмендеуі//

цитозольді нәруыздың гидрофильдігінің азаюы//

Са2-АТФ-аза активтілігінің жоғарылауы

***

Зардапталған жасушаларда ферменттік белсенділіктің өзгеруі осымен байланысты://

калийдің жасуша ішіне енуімен//

жасушаішілік алкалоздың дамуымен //

ақуыздық молекулалардың қайтымсыз денатурациясымен//

оттегі субстраттарының жеткіліксіздігімен//

лизосомалар зақымдалуымен

***

Жасушалардың созылмалы зақымдалуының апаттық сатысынан кейін дамитын сатысында байқалады://

жасушаның генетикалық аппаратының активациясы//

қалған құрылымдардың қызметтерінің жоғарылауы//

жасуша құрылымының гипертрофиясы, гиперплазиясы//

РНҚ, нәруыздар және АТФ түзілуінің тежелуі//

жасушаның дистрофиясы және өлімі

***

Жасушада иондалған кальцийдің тым артық жиналуынан қорғайды://

ядро//

лизосома//

рибосома//

цитоплазмалық мембрана//

саркоплазмалық ретикулум

***

Липидтердің асқын тотығуының белсендірілуі ықпал етеді://

Д- гипервитаминозға//

каталаза белсенділігінің артуына//

өзгерімді валенттілігі бар металлдардың жоғарылауына//

супероксиддисмутаза белсенділігінің артуына//

альфа-токоферролдың артуына

***

Қан алған кезде оны сұйылту үшін дәрігер-зертханашы натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданды. Эритроциттердің айқын гемолизі байқалды. Қан жағындысында пішіні сфераға ұқсас эритроциттер анықталды. Эритроциттер зақымдалуының негізгі механизмі осымен байланысты://

мембраналық протеазалардың белсенуімен//

мембраналық фосфолипазалардың белсенуімен//

мембраналардың осмостық зақымдалуымен//

мембраналар липидтерінің асқын тотығуымен//

ірімолекулалық кешендердің эритрроциттер бетіне адсорбциясымен

***

Жасушаның ишемиялық зақымдануларында байқалады://

Са-АТФаза активтілігінің жоғарылауы //

Nа/К-АТФаза активтілігінің төмендеуі//

жасушада Са иондары концентрациясының азаюы //

липидтердің асқын тотығу процесінің тежелуі//

фосфолипаза А2 тежелуі

***

Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі://

жасушалардан натрийдің шығуына//

жасуша ішілік калийдің жоғарылауына//

жасуша ішілік кальцийдің азаюына//

жасуша ішілік оттегінің жоғарылауына//

жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға

***

Жасушаның ишемиялық зақымдануы кезіндегі жасуша ішілік метаболизмнің компенсаторлық өзгерістеріне жатады://

креатинфосфаттың мобилизациялануы//

анаэробты гликолиз процесінің тежелуі//

лизосомалық ферменттердің активациясы //

митохондрияларда тотығу және фосфорилдену ажырауында//

аденилді нуклеотидтердің катаболизмдік өнімдерінің жиналуы

***

Жасушаның рецепторлық аппаратының бұзылыстарын туындата алатын процестерді атаңыз://

кальмодулин активациялануы//

гуанилатциклазаның активациясы //

мембрана байланыстыратын фосфолипазалардың активациясы//

антиоксиданттық жүйенің активациясы//

жасушада калийдің жиналуы

***

Жіті жасуша зақымдануының бірінші сатысын атаңыз://

некроз//

некробиоз//

паранекроз//

жасушаның бейспецификалық реакциясы//

біріншілікті спецификалық әсер ету

***

Жасушалардың антиоксидантты қорғанысының ферментті емес факторын атаңыз://

глюкуронидаза//

альфа-токоферол//

еківалентті темір иондары//

глутатионпероксидаза//

сутек тотығы

***

Цианидті калиймен жасуша зақымдануының спецификалық көрінісіне жатады://

майлардың асқын тотығуның активациясы//

генетикалық аппараттардың зақымданулары//

мембрана фосфолипидтерінің деструкциясы //

нәруыздық құрылымдардың денатурациясы//

цитохромоксидазаның блокадасы

***

Кардиомиоциттердің ишемиялық зақымданулары кезіндегі айқын ацидоздың салдары://

Nа/К-АТФаза активациясы//

антиоксиданттардың артуы//

лизосомалық ферменттердің инактивациясы//

миофибрилланың жиырулық функциясының төмендеуі//

креатининкиназалық жүйе ферменттерінің активациясы

***

Жасушада бос иондалған кальций жоғарылағанда байқалады://

фосфолипаза А2 активациясы //

фосфолипаза С инактивациясы //

цитоплазмалық мембрананың гиперполяризациясы //

липидтердің асқын тотығуының тежелуі//

жасушадан К шығуының азаюы

***

Некроздың апоптоздан айырмашылығы://

қабынулық реакцияның дамуы//

клиникалық көріністердің болмауы//

гидролиздік ферменттердің тежелуі//

жасушада дистрофиялық өзгерістер болмауы//

құрамында хроматин бар фрагменттердің түзілуі

***

Жасуша зақымдануындағы интрацеллюлярлық адаптациялық механизмдерге жатады://

гликолиздің тежелуі//

гиалоплазманың буферлік жүйелерінің тежелуі//

гиалоплазмаға лизосомалық ферменттердің шығуы//

кальций иондарының жасушаға тасымалдануының күшеюі//

ДНК-полимераза және лигазалардың активациясы

***

Қызба, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, миалгиялар, артралгиялар, лейкоцитоз, жылдамдатылған ЭТЖ, қанда темір және мырыштың азаюы, С-реактивті ақуыздың жоғарылауы организмнің зақымдануға деген жалпы реакцияларына тән, осы реакциялардың негізгі медиаторларын атаңыз://

прооксиданттар//

биогендік аминдер//

комплемент жүйесінің бөліктері//

қабынуды қолдайтын цитокиндер//

лизосомалық ферменттер

***

Комплемент жүйесі белсендірілуінің салдары://

фагоцитоз тежелуі//

нысана-жасушалардың дегидратациясы//

мес жасушалардың гистамин түзуінің тежелуі//

полиморфтыядролы лейкоциттердің активациясы//

нысана-жасушалардың қалыпқа келуі

***

Стресс-реакцияларға тән://

гипотермия//

лимфалық тіндердің гиперплазиясы//

артериялық қысымның төмендеуі//

қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің азаюы//

айыршабез және лимфа түйіндерінің атрофиясы

***

Жалпы адаптациялық синдромының іске асыру механизмдері осының өндірілуі жоғарылауымен байланысты://

глюкокортикоидтардың//

вазопрессиннің//

андрогендердің//

альдостеронның//

эстрогендердің

***

Стресті дамытатын фактор әсер еткеннен дамитын, ұзақтығы 6-48 сағатқа созылатын «жалпы бейімделу синдромының» осы сатысында айырша бездің, көкбауырдың және лимфа түйіндері өлшемдері кішіреюінен басқа байқалады://

эндогендік опиоидтар сөлденісінің төмендеуі//

бүйрекүсті безі милы қабатының белсенуі//

зақымдаушы факторға организмнің тұрақтылығының жоғарылауы//

екіншілік иммундық тапшылықтың дамуы//

бүйрекүсті безі қыртысының гипертрофиясы

***

Науқас Д., 46 жаста. Диагнозы: «Солжақ қарынша миокардының алдыңғы қабырғасының инфаркты». Жарты жыл бұрын пациент көлік апатына ұшырап, әйелі мен баласы қайтыс болған. Сол кезден бастап стресс жағдайында жүр және темекіні көп шегеді. 3 ай бұрын ішінің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі пайда болған. Тексергенде асқазанның сілемейлі қабатында эрозиялық зақымданулар бар екендігі анықталды. Жалпы адаптациялық синдромның осы сатысы аталады://

адаптация//

апаттық//

қалжырау//

шокқа қарсы//

төзімділік

***

Стреске бейімделудің негізгі механизмдеріне жатады://

адренергиялық жүйенің белсендірілуі//

опиоидергиялық жүйенің белсендірілуі //

симпато-адреналдық жүйенің белсендірілуі //

ГАМК-ергиялық жүйенің тежелуі//

серотонинергиялық жүйенің тежелуі

***

Науқас К., 28 жаста, көлік апатынан кейін 15 минуттан соң ауруханаға жеткізілді. Пациент есін біледі, қатты және көп сөйлейді, көмек сұрайды. Орнынан тұрып кеткісі келеді, жиі күрсінеді. Беті бозғылт, суық тер қаптаған. Көз шарасы шығыңқы, қасаң қабығы кеңейген, жылтыр. Экстремалді жағдайдың осы сатысына тән://

брадикардия//

эндотоксемия//

артериялық гипотензия //

антиноцицептивті жүйенің тежелуі//

симпатоадреналды жүйенің қозуы

***

Осы шоктың ағымында эректильді және торпидті сатыларын ажыратады, дамуының негізгі патогенездік механизміне жатады://

микроциркуляцияның бұзылуы//

қанайналымның орталықтануы//

симпато-адреналды жүйенің тежелуі//

гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері жүйесінің белсендірілуі//

күшті ауыру сезімді серпіндердің миға көптеп түсуі

***

Шок кезіндегі қанайналым орталықтануының негізгі механизмі осымен байланысты://

симпатикалық жүйке жүйесінің белсендірілуімен//

альфа- және бета -адреноблокаторларының тежелуімен//

гипоталамо-гипофизарлы- бүйрекүсті бездері жүйесінің тежелуімен//

вазоконстрикциялық әсері бар заттектер құрамының төмендеуімен//

құрсақ қуысындағы ағзаларға қанның жинақталуы

***

Зат алмасу мен микроциркуляцияның шок-спецификалық бұзылыстарына жатады://

пре- және посткапиллярлардың жиырылуы//

эритроциттердің агрегациясының әлсіреуі//

биологиялық тотығу процесстерінің күшеюі//

вазоактивті заттектер түзілуінің тежелуі//

тамыр өткізгіштігінің төмендеуі//

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]