- •Тақырыбы: «Патофизиология пәні және міндеттері. Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторларының адам организміне әсері»
- •Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың пато-физиологиялық аспектілері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»
- •Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»
- •Тақырыбы: «Апоптоз патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабыну патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы
- •Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы «Сепсис патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
- •Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
- •3 Түрге жататын (иммундық-кешендік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері://
- •1. Брутон гипогаммаглобулинемия кезінде бұзылады://
- •Тақырыбы: «Гипоксия»
- •Тақырыбы: «Тақырыбы: «Су-электролит алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қышқыл-сілтілі үйлесімнің бұзылыстары»
- •4. Науқаста рН 7,47, рСо2 25 мм сын. Бағ., sb 23,0 ммоль/л, вв 48,8 ммоль/л, ве -2,1 ммоль/л. Осы қышқылдық-негіздік жағдайдың біртектес түрінің себебі болуы мүмкін://
- •Тақырыбы: «Көмірсулар алмасуының бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Май алмасуының бұзылыстары»
- •24 Жасар науқаста коронарлы артериялардың атеросклерозы анықталған, лхат ферментінің белсенділігі төмендеген (лецитинхолестеролацилтрансфераза). Осы жағдайда атеросклероз дамуы байланысты://
- •30. Жіңішке ішекте липидтердің сіңірілуі бұзылады://
- •Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары. Ашығу»
- •24 Сағаттан асатын толық ашығу кезінде, глюкозаны энергиялық субстрат ретінде тек осы жасушалар қолданады://
- •Тақырыбы: «Дәнекер тінінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»
Патогенез - бұл://
аурудың даму механизмін зерттейді//
ауру дамуының себептерін зерттейді//
ауру дамуының жағдайларын зерттейді//
аурудың даму сатыларын зерттейді//
аурудың аяқталуын зерттейді
***
Патогенездің бастапқы тізбегіне жатады://
түрлі деңгейдегі біріншілік бүліністер//
себеп-салдарлың арақатынастар//
патологиялық процесстің қалыптасуы//
патологиялық процесстің тұрақтылығын//
қорғаныстық-орын толтырушы механизмдер
***
Субжасушалық (жасушаішілік) деңгейдегі бүліністердің мысалы ретінде қарастырылады://
ішкі секреция бездері қызметтерінің жойылуы//
радиацияның әсерінен атомдар мен молекулалардың қозуы//
коллагеноздардағы дәнекер тіндердің бүлінуі//
мес жасушалардың дегрануляциясы//
митохондриялардың зақымдалуы
***
Науқас Л., 48 жаста, 3 жыл бойы бірнеше рет сыздауық шығуына байланысты хирургқа қаралған. Бірақ жүргізілген терапия тиімсіз болған. Тексергенде пациент қантты диабеттің 2 типімен ауыратыны анықталды. Науқасқа қант деңгейін түсіретін дәрілер тағайындалды. Сыздауығы жазылды. Аурудың патогенезіндегі басты тізбекті атаңыз://
қабыну//
гипоинсулинизм//
көмірсу алмасуының бұзылуы//
гипергликемия//
гипоергия
***
Аллергиялық аурулар кезіндегі аллергиялық антиденелер, сенсибилизацияланған лимфоциттер және аллергиялық медиаторлардың түзілуі мен әсер етуі - бұл://
патогенездің басты тізбегі//
патогенездегі кері айналып соғу шеңбері//
патогенездегі себеп-салдарлық қатынастар//
патогенез дамуындағы ынталандырушы механизм//
патогенездегі адаптациялық реакциялардың қосылуы
***
Патогенездің басты тізбегін анықтау қажет://
аурудың себептерін жою үшін//
зақымдаушы медиаторларға ықпал ету үшін//
салдарлық бүлінулерге ықпал ету үшін//
ауыр субъективті сезімдерді жою үшін//
себеп-салдарлық арақатынастардың тізбектерін үзу үшін
***
Жылулық соққы кезінде дене температурасының жоғарылауынан нерв-бұлшықеттік қозымдылық артады, салдарынан тырысулар және жиырылулық термогенез күшейеді. Соңғысы температура көтерілуіне ықпал етеді және нерв орталықтары мен бұлшықеттердің қозымдылығын арттырады. Бұл://
процесстердің генерализациясы// патогенездің басты тізбегі// кері айналып соғу шеңбері// патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдері//
патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастары ***
Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы://
патогенездің басты тізбегінің//
патогенездің кері айналып соғу шеңберінің//
патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының//
патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының//
патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің
***
Аурудың механизмдерін үйрену үшін каузальді патогенез осыны оқып білудің негізінде жатыр деп болжайды://
морфологияны//
функцияның бұзылыстарын//
организм реактивтілігі мен резистенттілігін//
организмнің конституциясы мен тұқым қуалаушылығын//
организмге әсер ететін себеп пен жағдайдың
***
Организмнің шұғыл қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдеріне жатады://
жөтел//
фагоцитоз//
антиденелердің өндірілуі//
тіндердің гипертрофиясы//
тіндердің гиперплазиясы
***
Тұмауды басынан кешірген науқаста жүрек тұсында сыздап бара жатқан ауырсыну, физикалық жүктемелер кезіндегі ентігу, жалпы әлсіздік, аяғындағы ісінулер пайда болды. Дене температурасы 38,20С. Қарау кезінде ерін және мұрын ұшының цианозы, миокард гипертрофиясы анықталды. ЭКГ-да жыбырлақ аритмия анықталды. Берілген жағдайда салыстырмалы тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады://
құсу//
түшкіру//
көзден жас ағу//
ағзалардың гипертрофиясы//
жылу реттелуінің жоғары деңгейге көтерілуі
***
Сауығудың тұрақты механизмдеріне жатады://
катехоламиндердің босауы//
деподан эритроциттердің шығуы//
қан нәруыздарымен улардың бейтараптануы//
қорғаныстық рефлекстердің қосылуы//
репаративті регенерация
***
Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды://
аурудың себебіне//
аурудың симптомына //
организм реактивтілігі//
ауру патогенезінің негізгі тізбегіне//
аурудың спецификалық көріністеріне
***
Науқас жөтелгенде сары-жасыл түсті, қою қақырықтың шығуы қиындайды, дене температурасы 39°С дейін көтерілгені, физикалық жүктемелерде ентігу пайда болатыны, жөтелгенде және терең дем алғанда кеуде қуысында ауырсыну пайда болатыны, жалпы әлсіздік, тершеңдік мазалайтыны анықталды. Суық тигеннен кейін жылдам ауырып қалды. Қақырық талдамасында – грам-оң диплококктар. Берілген жағдайдағы патогенездік емнің мәні - осыны тағайындауда://
оттегімен дем алу арқылы емдеуді//
кеуде қуысының электрофорезін//
бактерияларға қарсы препараттарды//
дене қызуын басатын препараттарды//
муколитикалық препараттарды
***
Патогенездік алдын алу шараларына жатады://
жол жүру ережелері//
тұмау кезінде маска киіп жүру//
инфекциясы бар науқастарды оқшаулау//
өндірітегі техника қауіпсіздігі//
дене шынықтыру мен спортпен айналысу
***
Патогенездік алдын алу шараларына жатады://
профилактикалық екпелер//
қорғаныстық киімді пайдалану//
дезинфекциялау//
радиация кезінде радиопротекторларды пайдалану//
шыбын-шіркейлерді жою (ішек инфекциясын алдын алу ретінде)
***
Реактивтілік- бұл организмнің осындай қасиеті://
өз тіршілігін өзгерте алуы//
ішкі ортаның әсерлеріне жауап қайтара алуы//
қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгертпей жауап беру қасиеті//
сыртқы ортаның әсерлеріне қарсы тұра алуы//
қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгерте отырып жауап беру қасиеті
***
Филогенездік деңгейі бойынша реактивтіліктің жалпы түріне жатады://
түрлік//
топтық//
спецификалық//
даралық//
физиологиялық
***
Балалық шақтағы патологиялардың онтогенездік ерекшеліктеріне жатады://
симптоматиканың болмауы//
аурудың созылмалы ағымы//
ауру сезімінің нақты жерде орналасуы//
зақымдануға генерализацияланған реакция//
түрлі ағзаларда патологиялардың көп болуы
***
Ерлерде осының дамуына бейімділік бар://
депрессия//
атеросклероз//
өтте тас байлану ауруы//
темір тапшылықты анемия//
диффузды токсикалық зоб
***
Науқас П., 82 жаста, әлсіздікке, бұлшықеттерінің ауыратынына шағымданады. Науқас жүдеу, терісі құрғақ, дене температурасы 35,9ºС. Тексергенде өкпенің солжақ төменгі бөлігінің пневмониясы анықталған. Науқастағы аурудың симптомдарының айқын емес болуы реактивтіліктің қай түрін көрінісі://
түрлік реактивтіліктің//
топтық реактивтіліктің//
биологиялық реактивтіліктің//
спецификалық реактивтіліктің//
даралық реактивтіліктің
***
Қаны 1 топқа жататын адамдарда асқазанның ойық жара ауруының жиі кездесуі осы ерекшеліктермен байланысты://
түрлік реактивтіліктің//
топтық реактивтіліктің//
биологиялық реактивтіліктің//
даралық реактивтіліктің//
бейспецификалық реактивтіліктің
***
Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің қозымдылығын тексеру үшін Ашнер сынамасы жүргізілді. Науқастардың көз алмасын басқанда кейбір науқастарда пульстың баяулауы, кейбірінде пульс өзгермеді. Бұл мысалы://
түрлік реактивтіліктің//
топтық реактивтіліктің//
жас шамасына байланысты реактивтіліктің//
спецификалық реактивтіліктің//
даралық реактивтіліктің
***
Патологиялық спецификалық реактивтіліктің мысалы болып табылады://
аллергия//
иммунитет//
фагоцитоз//
наркоз кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі//
жарақаттық шок кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі
***
Спецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады://
қозымдылық//
төзімділік//
тітіркенгіштік//
сезімталдық//
антидене түзілуінің қарқындауы
***
Бейспецификалық патологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады://
аллергия//
аутоиммундық аурулар//
эпилепсия кезіндегі реактивтілік//
иммундық тапшылықты жағдайлар//
зақымдаушы ықпалдарға антидене түзілуінің жоғарылауы
***
Акулалардағы жаралар ешқашан іріңдемейді. Бұл осының мысалы://
топтық реактивтіліктің//
спецификалық реактивтіліктің//
даралық реактивтіліктің //
жүре пайда болған реактивтіліктің//
туа біткен резистенттіліктің
***
Конституциялық реактивтілікке байланысты патологияға жатады://
жарақат//
диатездер//
инфекциялар//
өспелердің өсуі//
венерологиялық аурулар
***
М.В. Черноруцкий жіктемесі бойынша дене бітімінің астениялық типінде осыған бейімділік жиі кездеседі://
семіруге//
қантты диабеттің 2 типіне//
ұлтабардың ойық жарасына//
біріншілік артериялық гипертензияға//
өттас ауруына
***
Науқас В., 82 жаста, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Терісі құрғақ, дене температурасы 36,00С. Осы жастағы адамдарға тән://
инфекциялардың жылдам таралуы//
ағзалардың функциялық белсенділігінің төмендеуі//
экзо- және эндотоксиндерге жоғары сезімталдық//
эндокрин жүйесі дамуының жетілмеуі//
тосқауылдар өткізгіштігінің артуы
***
