Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз экзамен 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
566.27 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Қышқыл-сілтілі үйлесімнің бұзылыстары»

Теңгерілген газдық ацидозды келесі көрсеткіштер куәлендіреді: //

рН 7,25, РаСО2 58 мм сын.бағ.

рН 7,30, РаСО2 58 мм сын.бағ..

рН 7,37, РаСО2 58 мм сын.бағ.

рН 7,50, РаСО2 28 мм сын.бағ.

рН 7,56, РаСО2 30 мм сын.бағ.

***

Қанда рН 7,58 тең болуы осыны куәлендіреді://

теңгерілген ацидозды//

теңгерілген алкалозды//

теңгерілмеген алкалозды//

жартылай теңгерілген ацидозды//

жартылай теңгерілген алкалозды

***

Жартылай теңгерілген газдық емес ацидозды келесі көрсеткіштер куәлендіреді//

рН 7,20, SB 15,8 ммоль/л

рН 7,32, SB 22,4 ммоль/л

рН 7,45, SB 29,7 ммоль/л

рН 7,50, SB 32,2 ммоль/л

рН 7,54, SB 41,8 ммоль/л

***

4. Науқаста рН 7,47, рСо2 25 мм сын. Бағ., sb 23,0 ммоль/л, вв 48,8 ммоль/л, ве -2,1 ммоль/л. Осы қышқылдық-негіздік жағдайдың біртектес түрінің себебі болуы мүмкін://

гипертиреоз//

гипервентиляция//

биіктік ауруы//

айқын қызба//

тыныс жолдарының обструкциясы

***

Теңгерілген газдық ацидозға раСО2 және SB көрсеткіштерінің келесі өзгерістері тән://

раСО2 жоғарылауы, SB жоғарылауы

раСО2 жоғарылауы, SB төмендеуі

раСО2 төмендеуі, SB төмендеуі

раСО2 төмендеуі, SB жоғарылауы

раСО2 қалыпты, SB төмендеуі

***

Науқас бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрімен стационарға жеткізілді. Дем алысы қосымша тыныс бұлшықеттерінің іске қосылуымен көрінетін шулы, терең тыныс. Қан құрамында рН 7,25, рСО60 мм.сын.бағ., SB 16,2 ммоль/л, ВВ 34,8 ммоль/л, ВЕ -7,8 ммоль/л. Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылысына тән://

теңгерілген газдық ацидозға//

теңгерілмеген газды емес ацидозға//

теңгерілмеген аралас ацидозға//

теңгерілмеген газды алкалозға//

теңгерілген газды емес алкалозға

***

Газды ацидоз осы кезде дамиды://

күйіктік ауруда//

теңгерілмеген қантты диабетте//

бикарбонат натрийдің организмнен шығарылуы кезінде//

функциональді «өлі» кеңістіктің ұлғаюында//

гипервентиляция жағдайында өкпені жасанды желдетуде

***

Газды ацидоз кезіндегі айқын гиперкапния осының дамуына әкеледі://

бронходилатацияның//

бассүйекішілік қысының төмендеуіне//

холинергиялық эффектілердің тежелуіне//

бүйректік қан ағымның күшеюіне//

ми артериолаларының кеңеюіне

***

Газдық ацидоздың теңгерілуі кезінде организмде гидрокарбонат аниондарының іркілуі немесе шығарылуы осының есебінен: //

кальций орнына гидрокарбонаттың сүйек тініне өтуі//

калий орнына гидрокарбонаттың эритроцитке өтуі//

бүйректе натрий гидрокарбонатының реабсорбциясының жоғарылауы//

бүйрек арқылы титрленетін қышықылдар шығарылуынаң жоғарылауы//

ақуыздық буфермен гидрокарбонаттың байланысуы

***

Өкпенің гипервентиляциясының салдары болуы мүмкін://

газдық ацидоз, гипокапния//

газдық ацидоз, гиперкапния//

газдық алкалоз, гипокапния//

газдық емес алкалоз, нормокапния//

метаболизмдік ацидоз, нормокапния

***

Газдық алкалоз дамиды://

қанды жоғалтқанда//

қантты диабетте//

бауырдың ауыр түрде зардапталуында//

тыныс алу орталығы қозғанда//

құрамында СО2 мөлшері көп болған газдық қоспалармен дем алғанда

***

Теңгерілмеген газды алкалозға тән://

гиперкалиемия//

ұсақ бронхтардың тарылуы//

мидың артериялық гиперемиясы//

бассүйекішілік қысымның жоғарылауы//

нерв бұлшықеттік қозымдылықтың күшеюі

***

Газдық алкалоздың теңгерілуі кезінде қан құрамында гидрокарбонат құрамы төмендеуі осының есебінен: //

бүйрек түтікшелер жасушаларымен протондар секрециясының жоғарылауынан//

сүйек тінінен протондар шығарылуының азаюынан//

бүйректермен гидрокарбонат жоғалтудың жоғарылауы//

жасушаларда гликолиздің тежелуі//

өкпе желдетуінің жоғарлауы

**

Газдық алкалоз кезінде иондық алмасу есебінен жасушаларда иондалған кальцийдің азаюы осыған әкелуі мүмкін://

тетанияға//

бронхоспазмға//

мидың ишемиясына//

қанның қорда жиналуына//

бассүйекішілік қысымның жоғарылауына

***

Газды емес ацидоздардың барлық түріне тән қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің өзгеру бағытын атаңыз://

рН жоғарылауы//

BB жоғарылауы//

рСО2 жоғарылауы//

НСО3 төмендеуі//

BE оң нәтижелі

***

Бүйрек түтікшелеріндегі ацидо- және аммониогенездің күшеюі осының дамуына әкеледі://

газды алкалоз//

газды емес бүйректік ацидоз//

газды емес метаболизмдік ацидоз//

газды емес метаболизмдік алкалоз//

газды емес бөлінулік алкалоз

***

Метаболизмдік ацидоздың шұғыл компенсациялық механизмдері осыған негізделген://

бүйректе аммониогенез белсендірілуіне//

бауырда глюконеогенез белсендірілуіне//

қандағы гидрокарбонатты буферлік жүйе белсендірілуіне//

тыныс орталығы инспираторлық нейрондарының тежелуіне//

нәруыздық буферлік жүйе тежелуіне

***

Гломерулонефрит, бүйрек жеткіліксіздігінде қышқыл-негіздік үйлесімділіктік патологиясының типтік түріне жатады: //

газды ацидоз//

газды алкалоз//

экзогенді ацидоз//

бөлінулік ацидоз//

метаболизмдік ацидоз

***

Гипокапния осының теігеруі ретінде дамиды: //

газды ацидоздың//

газдық емес алкалоздың//

газдық емес ацидоздың//

бөлінулік ацидоздың//

бөлінулік алкалоздың

***

Метаболизмдік алкалоздың патогенезінде маңызды рөл атқарады://

гидрокарбонатты буфердің зорығуы//

бүйректе натрий реабсорбциясының тежелуі//

қышқыл өнімдердің жеткіліксіз бейтараптануы //

альвеолалық вентиляция көлемінің жоғарылауы//

біріншілік зәрге сутек иондарының көп түсуі

***

Газдық емес ацидоздың ұзақ уақытты теңгеру механизміне жатады://

альвеолярлы желдету көлемінің ұлғаюы//

гидрокарбонатты буферлік жүйелердің белсенуі//

аммониогенез есебінен қышқыл өнімдердің бөлінуі//

бүйректе бикарбонаттар реабсорбциясының шектелуі//

ацидогенездің тежелуі

***

Бүйректік бөлінулік ацидоз кезінде тиімсіз болатын ұзақ уақытты компенсациялық механизмді атаңыз://

гипервентиляция//

аммониогенез активациясы//

буферлік жасушалық жүйе активациясы//

гидрокарбонатты буфердің активациясы//

бауырлық механизм активтілігінің артуы

***

Газды емес алкалоздың негізгі көрсеткіші- қанда осылардың жоғарылауы: //

лактаттың//

көмір қышқыл газының//

кетондық денешіктердің//

бикарбонаттардың//

титрленетін қышқылдардың

***

Газды емес бөлінулік ацидоздың гиперсаливациялық түрі дамиды://

тау ауруында//

ұзақ диареяда//

тоқтаусыз құсуда//

жүктілік токсикозда//

Бүйрек жеткіліксіздігінде

***

Минералокортикоидтардың жоғарылаған секрециясы немесе оларды организмге артығымен енгізгенде осындай жағдай дамуына әкеледі://

газдық ацидоздың//

газдық алкалоздың//

газдық емес ацидоздың//

аралас ацидоздың//

газдық емес алкалоздың

***

Қантты диабетпен ауыратын науқас диета бұзған және инсулиннің дозасын жеткіліксіз енгізген. Сана сезімі есеңгіреген, құсқан, аузынан ацетон иісі келеді. Тыныс жиілігі - 32 мин-1. рН 7,20, РаСО2 32 мм сын.бағ., SB 15,1 ммоль/л, ВЕ – 9,8 ммоль/л. Зәрде кетонды денелер . Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылысына тән://

газдық ацидозға//

аралас алкалозға//

метаболизмдік ацидозға//

метаболизмдік алкалозға //

бөлінулік алкалозға

***

Науқаста айқын тұншығу дамыған. Дем алу актында қосымша тыныс бұлшықеттері іске қосылады. Терісінің түсі цианозды. Алыстан ысқырықты сырылдар естіледі. рН 7,25, РаСО2 59 мм сын.бағ., SB 22,3 ммоль/л, ВЕ – 2,5 ммоль/л. Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылысына тән://

теңгерілген газдық ацидозға//

жартылай теңгерілген газдық ацидозға//

теңгерілмеген газдық ацидозға//

теңгерілмеген газдық алкалозға//

теңгерілген газдық алкалозға

***

Миокард инфаркты бар науқаста өкпе ісінуімен асқынған. рН 7,24; гиперкапния, SB төмендеуі, ВЕ көрсеткіші теріс. Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылу түріне тән://

газдық ацидоз//

газдық алкалоз//

метаболизмдік ацидоз//

метаболизмдік алкалоз//

аралас ацидоз

***

Бас миының өспесі бар науқаста ентікпемен қабаттасады. рН 7,48; рСО2 23 мм. сын.бағ.; SB 24,8 ммоль/л; Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылу түріне тән://

газдық ацидоз//

газдық алкалоз//

метаболизмдік ацидоз//

метаболизмдік алкалоз//

газдық және метаболизмдік ацидоз

***

Науқасты ұзақ мерзім эпигастрия аумағының ауырсынуы, жағымсыз иісті кекіруі мазалайды. Соңғы айда 15 кг –ға жүдеген. Екі күн бойы тоқтаусыз құсу болған. Асқазанға зонд енгізіп шіріген тағам массалары көптеп алынды. рН 7,54; нормокапния, SB және ВВ жоғарылаған; ВЕ мәні оң. Осы өзгерістер қышқыл-сілтілі үйлесімділіктің қандай бұзылу түріне тән://

газдық ацидоз//

газдық алкалоз//

экзогендік алкалоз//

метаболизмдік ацидоз//

бөлінулік алкалоз

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]