Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз экзамен 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
566.27 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Патофизиология пәні және міндеттері. Жалпы нозология»

Патофизиология – зерттейтін ғылым: //

ауруларға диагноз қою принциптерін//

аурулардың номенклатурасын және жіктемесін//

ауру туындауының себептері мен жағдайларын//

ауруларды алдын алу мен емдеу принціптерін//

ауру туындауының, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтарын

***

Қоянның бас миының гипоталамус аумағына электродтар мен микроканюлялар салынған. Бір жыл бойы канюля арқылы наркоздық заттектер енгізіліп гипоталамустың функциялық активтілігі зерттелген. Бұл эксперимент қай топқа жатады://

жіті эксперименттер//

созылмалы эксперименттер//

Эксперименттік бақылау//

материалсыз моделдеу//

формаланған моделдеу

***

Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті түрде болуға тиісті: //

жануарларды иммобилизациялау//

наркотикалық дәрілерді қолдану//

диагностиканың жаңы әдістерін өңдеу//

адам ауруларын жануарларға үлгілеу//

зерттеудің морфологиялық әдістерін қолдану

***

Материалды моделдеуге жатқызады://

логикалық моделдеу//

компьютерлік моделдеу//

математикалық моделдеу//

интеллектуальды моделдеу//

биологиялық объектілерде моделдеу

***

"Жеке патофизиология" бөлімінде зерттеледі: //

ауру туралы жалпы түсініктер//

типтік патологиялық процестер//

белгілі бір ағзалардың типтік бұзылыстары//

ауруды емдеу әдістері мен тәсілдері//

ауруды диагностикалау принциптері

***

Өттегі конкремент өт қабын тітіркендіріп, коронарлы артериялардың тарылуын туындатқан салдарынан стенокардия ұстамасы байқалған. Бұл://

патологиялық реакция//

патологиялық процесс//

патологиялық жағдай//

ауру алды//

ауру

***

Қабыну, өспелер, ісінулер, ишемия, эрозия – бұл мысалдары://

патологиялық реакцияның//

патологиялық процестің//

патологиялық жағдайдың//

ауру алдының//

аурудың

***

Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы://

патологиялық жағдайдың//

патологиялық процестің//

патологиялық реакцияның//

ауру асқынуының//

аурудың

***

Патологиялық процестің аурудан айырмашылығы://

бір ғана себебі болады//

аурудың тек бір ғана көрінісін береді//

әрқашан жұмысқа қабілетті төмендетеді//

толық сауығумен аяқталады//

полиэтиологиялық

***

Жүре пайда болған патологиялық жағдайларға жатады: //

альбинизм//

полидактилия//

брахидактилия//

фенилкетонурия//

күйіктен кейінгі тыртық

***

Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының трансмуральді инфаркты, жіті миелобласттық лейкоз, А вирусты гепатит бұлар Жалпы нозология категориясының мысалдары. Осы категория сипатталады://

еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен//

әлеуметтік бейімделу жоғарылауымен//

әлеуметтік пайдалықтың жоғарылауымен//

тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістердің болмауымен//

организм және қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің қайта орнатылуымен

***

Науқас Р., 45 жаста, меланоциттерден дамыған қатерлі өспемен ауырады. Диагнозы: «Түйіндік меланома». Бұл өспе ұзақ және қарқынды түрде ультрафиолет сәулесін қабылдағаннан кейін пайда болған. Алғашында денесіндегі туа біткен қалдың түсі, пішіні өзгеріп, көлемі ұлғайған кейін беті жарықтанып қанайтын болған. Бұл жағдайдағы нозологиялық бірлікті атаңыз://

туа біткен қал//

қанкетулер//

меланома//

өспе//

жара

***

Қантты диабетке, подаграға, Гирке ауруына, фенилкетонурияға, алкаптонурияға тән://

ағымы жіті жасырын кезеңсіз//

ағымы жіті жасырын кезеңмен//

ағымы қауырт//

созылмалы ағым//

абортивті ағым

***

Аурудың атипиялық түріне жатады://

аурудың классикалық әйгіленімдерімен өтетін ағым//

инкубациялық кезеңмен өтетін ағым//

рецидивпен өтетін ағым//

оралымды ағым//

созылмалы ағым

***

Аурудың аяқталуын атаңыз: //

рецидив//

ремиссия//

өршу//

толық сауығу//

патологиялық процесс

***

Өлімнің соматикалық түрі, әдетте, осының нәтижесі болады://

зорлаудың//

қартаюдың//

жазатайым оқиғаның//

патологиялық жағдайдың//

ұзаққа созылған, әлсірететін аурулардың

***

Қазіргі адам организмі мен ата-бабалар организмін салыстырғанда, бұрынғы заман адамдарының организмінде калийдің кідіруі, ал натрийдің шығарылу механизмі күшті болған. Бұл аурудың негізін ғылыми тұрғыда түсінуге мүмкіндік беретін методологиялық принциптің қай түрі ://

тұтастық принципі//

себептік принциптер//

ауру динамизмінің принципі//

тірі табиғаттың эволюциялық даму принципі//

функциялық-құрылымдық өзгерістердің бірігу принципі

***

Науқас ес-түссіз, терминалді үзіліс кезінде артериялық қысымы жоғарылайды, қосымша бұлшықеттердің қосылуымен, дірілмен тыныс алады. Бұл белгілер терминалді жағдайдың қай сатысына тән://

шок//

кома//

агония//

преагония//

биологиялық өлім

***

Терминальдік үзіліс осыған ауысудың белгісі://

шоктың комалық жағдайға//

агонияның клиникалық өлімге//

преагониялық жағдайдың агонияға//

клиникалық өлімнің биологиялық өлімге//

шоктың эректильді фазасының торпидті фазасына

***

Өлімнің агониялық кезеңіне тән: //

сана сезімінің сақталуы//

анаэробтық гликолиздің басым болуы//

рефлекстердің күшеюі//

жүрек соғуы мен тыныстың толық тоқтауы//

тотығу және фосфорлану процесстерінің қосарласуы

***

Науқаста 2 минут аралығында ұйқы артериясында пульс анықталмайды, қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, тынысы анықталмайды, есі жоқ, артериялық қысым анықталмайды, жүрек тондары естілмейді. Бұл науқасқа жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізгенде тыныс жолдарына ауаны үру және төстің компрессиясын жасау аралығындағы қатынас болуы тиіс://

1:2//

1:5//

1:15//

2:10//

2:30

***

Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің ұзақтығы созылады: //

1-2 минутқа//

2-4 минутқа//

4-6 минутқа//

5-10 минутқа//

10-15 минутқа

***

Клиникалық өлім уақытының қысқаруына ықпал етеді: //

жаңа туған кезең//

өлу процесінің ұзаққа созылуы//

гипотермиялық жағдайда өлуі//

реанимациядан кейінгі эндогендік уыттану//

оттегі жеткіліксіздігіне алдын ала өткізген жаттығулар

***

Клиникалық өлім кезінде жасушалардың тіршілігі осының есебінен сақталады://

қанайналымның сақталуының//

сыртқы тыныс аппаратының жұмысының //

тотығулық фосфорлану процесінің //

анаэробты гликолиздің //

тіндік тыныстың

***

Ғылым ретінде реаниматологияның негізін салушысы://

Андреев Ф.А.//

Кулябко А.А.//

Чечулин С.И.//

Неговский В.А.//

Брюхоненко С.С.

***

Жіті жіңішке ішектік түйнек жөнінде науқасқа операция жасалды. Операциядан кейінгі ерте кезеңде тамақтану тәртібін бұзғанынан, науқаста ішінінң қатты ауырсынуы, дене температурасының көтерілуі, нәжіспен тоқтаусыз құсу байқалды. Дәрігер перитонит дамығаны жөнінде қорытынды жасады. Берілген жағдайда аурудың асқунуы болып саналады://

құсу//

қызба//

ішектік түйнек//

ауырсыну синдромы//

перитонит

***

Түрлі аурулардың патогенезіндегі типтік тізбекті атаңыз://

гипотермия//

қабыну//

антиденелердің өндірілуі//

артериялық қысымның төмендеуі//

цитотоксикалық Т-лимфоциттердің түзілуі

***

Реанимациялық шаралардың тиімді болуы, ең алдымен осының толық қалпына келуімен байланысты: //

орталық жүйке жүйесінің//

жүйелік қанайналымның//

жүрек тамыр қызметінің//

тыныс алу жүйесінің//

зат алмасуының

***

«Мысық қарашығы» симптомы, көз мөлдірқабығының құрғап кетуі мен бұлынғырлануы, өліктік дақтар, өлік сіреспесі тән://

шоктың терминальді сатысына//

биологиялық өлімге//

клиникалық өлімге//

преагонияға//

агонияға

***

Дәнекер-тіндік тыртықтар, аяқ ампутациясынан кейінгі жағдайлар, буындар анкилозы, маймақтық, білектің аяғына дейін дамымауы бұл Жалпы нозология категориясының мысалдары. Осы категорияға тән белгіні атаңыз://

дизергияның дамуы//

ұзаққа созылмайтын, жылдам ағым//

өршу және ремиссиялар кезеңдері//

патогендік емес агенттердің әсерлерінен дамуы//

қарқынды үдеуге бейімділіктің болмауы

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]