- •6.55 Жастағы ер адам сол жақ қол-аяқтардың кенеттен әлсізденуіне байланысты ауруханаға жеткізілді
- •5)Алькогольді мастанудың түрінің(атипиялық) өзгерісі (дисфориялық, депрессивті нұсқаулары, истерикалық көрініспен мастану).
- •6) 55 Жастағы ер адам, екі сағат бұрын сөйлеуінің бұзылуы мен оң жақ аяқ-қолдарының әлсіздігіне байланысты ауруханаға жеткізілді.
- •3. Қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары: мелшейіп қалу (психогенді, кататоникалық, галлюцинаторлық, депрессивтік, онейроидтік) және қозу
- •4. Органикалық емес ұйқының бұзылысы (клиникасы, ахж-10 бойынша диагностикалық критериі, емі).
- •5. Алкоголизм кезіндегі абстиненттік синдромның ерекшеліктері, терапия бағыттары.
- •1.Жүйке жүйесінің метаболизмді бұзылыстарымен дегенеративті тұқым қуалау аурулары. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •2.Соматоневрология. Соматологиялық аурулар кезінде жүйке жүйесінің бұзылысы.
- •5.Алкогольді тәуелділіктің үшіншілік кезеңінің сипаттамасы. Алкоголизм кезіндегі тұлғаның өзгерісі
- •3. Психопатологиялық синдорм; (делириозды, галлюцинаторлы, психоорганикалық).
- •4 . Шизофрения (даж 10 бойынша жіктелуі ) ағымдық үлгісі мен түрі.
- •5. Ұшатын еріткіштерді қолдану салдарынан пайда болатын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.
- •6. 72 Жастағы әйел адам жүрек қыспасымен ауыратын,
- •18Билет
- •6.К науқас. 30 жасында ауырып, типті күйзелістен өтті, амбулаторияда емделді.
- •1 Ерікті қозғалыстар және оның бұзылыстары.Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелер.Мишық бұз.Симптомдар және синдромдар.Зерттеу әдістері.
- •4.Катерли нейролептикалык синдром пайда болуы.
- •5.Опиатты наркомания дарежеси.Дари гердин ерте дигностикасы
- •2.Вегетативті жүйке жүйесі. Бұзылыстардың симптомдары және синдромдары. Зерттеу әдістері.
- •4.Невроздың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы (неврастения, истерикалық невроз)
3. Қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары: мелшейіп қалу (психогенді, кататоникалық, галлюцинаторлық, депрессивтік, онейроидтік) және қозу
Қимыл-қозғалыстың бұзылыстарын психоматорикалық бұзылыстар деп те атайды, себебі бұл кезде науқастың қимыл-қозғалысы ғана емес психикасы да бұзылады.
Қимыл-қозғалыстың бұзылыстарының түрлері:
1.Гипокинезия, 2.Гиперкинезия, 3. Дискинезия
Гипокинезияға ступорды жатқызады. Ступор дегеніміз – қимыл-қозғалыстың, сөйлеудің, ойлаудың төмендеуімен жүретін психикалық бұзылыс.
1. Депрессивті ступор- қозғалыссыз тұрады, бірақ сыртқы ортадан әрекет етсе жауап қайтару сақталады.
2. Галлюцинаторлы ступор кезінде қозғалыс болмайды бірақ галлюцинацияға байланысты мимикалар байқалады.
3. Психогенді ступор күшті психикалық жарақатқа реакция ретінде болады. Жүректің қағысы жағарылап, артериялық қасым өзгеріп, терлегіштікпен көрінеді.
4. Кататониялық ступор кезәнде науқас ұзақ уақыт бойы бәр қалыпта мелшейіп қатып тұрады, каталепсия тән.
5. Онейроиды ступор кезінде қозғалыс болмайды, бірақ фантастикалық ойларына байланысты мимкалар озгеріп отыруы мүмкін, мысалға қуаныш сезімі немесе үрей сияқты көріністер.
Гиперкинезия кезіндегі қозу түрлері:
1. Маниакальды қозу – ақылға сыйымсыз көңіл күйдің шектен тыс жоғары болуы. Қозғалыстарның координациясы жақсы, сойлегенде қатты дауыста.
2. Истерикалық қозу – науқас өзіне көңіл аударылғанын байқағанда немесе көңіл аударту мақсатында әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасап қозу.
3. Гебефренді қозу – гримаса, мимиканың озерістерімен жүретін ақылға қонымсыз көңіл-күйдің тым жоғары болуы, секіріп, шапалақтап жүруі, жындылықпен байқалады.
4. Галлюцинаторлы қозу – галлюцинацияға қимыл-қозғалыспен жауап беру.
4. Органикалық емес ұйқының бұзылысы (клиникасы, ахж-10 бойынша диагностикалық критериі, емі).
F51 Органикалық емес ұйқының бұзылысы.
Клиника: Ұйқы циклының бұзылысы байқалады – сергектік, инсомния, гиперсомния, сонымен қатара парасомния. Түнгі қорқыныштар балалық және жасөспірім шақта фантазия мен сандырақтың пайда болуына алып келеді. Ұйқы бұзылысымен қоса тітіркенгіштік, әлсіздік, еңбекке қабілетсіздік байқалады.
Диагностика: Диссомния — біріншілік психогенді жағдайлар, бұл кезде эмоционалды тұрғыда негізделген ұйқының сандық, сапалық немесе уақыттық бұзылыстаыры, яғни инсомния, гиперсомния және сергектік байқалады.
Парасомния — вұйқы барысында пайда болатын қалыптыдан тыс эпизиодты психогенді жағдайлардың болуы, оған ұйқы сұрау, қорқынышты түстер жатады.
Терапия: Бензодиазепиндер, барбитураттар, аз мөлшерде нейролептиктер, үшциклды антидепрессанттар (амитриптилин) қолданылады. Электротүс, электронаркоз және энотерапия, гипнотерапия қолданылады.
F51.0 Органикалық емес ұйқысыздық
Клиника: Қанағаттанбайтындай ұйқының ұзақтығы немесе ұйқының қанағатсыз сапада болуы. Себебі- стресс, симптомдары – үрей, алаңдаушылық, напряженность. Науқас ұйқының ұзақтығы қалыпты болса да ұйқым қанбады деп шағымданады, тітіркедіргіш және назар қоюы бұзылады.
Диагностика: Негізгі клиникалық белгілері: Ұйықыға кетудің бұзылысы, ұйқының сапасының болмауы.Ұйқының бұзылысы бір ай көлемінде кем дегенде жетісіне 3 рет бұзылады. Ұйқысыздық салдарынан әлеуметтік және профессионалды әрекетсәздәк пайда болады.
Терапия: Кешкі жылы ванна, валериана, бензодиазепины, аз дозада амитри птилина.
F51.1 Органикалық емес гиперсомния
Клиника: Науқас ынғайсыз түскі уақытта ұйқысы келетінін және транспортта ұйықтап кала беретінін айтады. Кейбіреулері ұйқыдан оянуларының қиын екенін айтып, түстері өңімен араласып адекватты емес іс-өрекеттер жасайтынына тоқталады.
Диагностика: Күндізгі уақыттада ұйқышылдық болады. Ұйқы мен ояну арасындағы уақыттың ұзаруы. Бір ай көлемінде күнде кездеседі және дистресске алып келеді, нарколепсиясыз, неврологиялық және соматикалық патологиясыз байқалатын әлеуметтік әрекетсіздік пайда болады
Терапия: стимуляциялық әсері бар ноотропты заттар, өсімдікті стимуляторлар және аз дозада мелипрамин..
F51.2 Ұйқы режимінің бұзылысы – органикалық емес сергектік.
Клиника: Ешқандай неврологиялық немесе соматикалық бұзылыстарсыз немесе психоактивті заттардың әсерінсіз адамның ұйқысын режимінің бұзылысы,яғни күні мен түні ауысып кетеді.
Диагностика: ұйқы мен сергектілік режимінде синхрондылықтың болмауы. Ұйқы уақытында ұйқысыздық, ал сергектік уақытында ұйқышылдықтың болуы. Дистресс тудырады және әлеуметтік әрекетсіздікке алып келеді.
Терапия: ұйқы-сергектік режимін қалпына келтіру ушін физикалық терапия, таңғы уақытта стимуляторлар, ал кешке бензодиазепам беріледі.
F51.3 Ұйқы сұрау (Снохождение) (сомнамбулизм)
Клиника: Ұйқының алғашқы үштен бір бөлігінде науқас көзі ашық қалпында тұрып бир жерге баруға тырысыды, көбінесе балконға, есікке қарай, кей жағдайда өзімен бірге жастығы мен көрпесін алып орынын өзгертеді. Оятуға тырысқанда негативті жауап қайтарады. Көздері ашық және жыпылықтамайды. Оянғаннан кейін –амнезия, ЭЭГ-де пароксизмальды активтілік жоқ
Диагностика: Ұйқының алғашы үштен бір бөлігінде турып немесе жүру. Жұрген кезінде бір жерге қадалып қарап тұрады, контакт жасауға реакция жоқ болады. Эпизод жайлы амнезия. Оянғаннан кейін аздаған уақыттан соң психикалық және қимылдық активтіліктің қалпына келуі. Деменция мен эпилепсияның жоқтығы.
Терапия: бензодиазепин немесе амитриптилин.
F51.4 Ұйқы кезіндегі қорқыныштар
Клиника: Түнде қорқыныш, үрей сезінеді, көзге көрінбейтін құбжықтардан тығылып қашқандай болады.
Диагностические критерии: Үреймен жүреді, тахикардия, ТАЖ жоғарылауы, терлегіштік және қарашықтың кеңеюі байқалады. Эпизодтың түнгі ұйқының алғашқы үштен бір бөлігінде болуы және 1 минуттан 10 минутқа дейін созылуы. Ояту мақсатындағы әрекеттердге реакцияның болмауы. Эпизодқа байланысты амнезия. Ісік пен эпилепсияның болмауы.
Терапия: барбитураттар, бензодиазепиндер.
F51.5 Қорқыныштар
Клиника: Көп уақыт бойы мазалайтын қайталанатын қорқынышты түстер корумен байқалады.Науқас қайтадан сол түсті күруден қорықып уйықтамауға тырысады.
Диагностика: үрейге және қорқынышқа толы түстерін науқастың есінде анық болады. Оянғаннан кейін аз уақыттан кейін сергектік тез келеді, Айқын дистресске алып келеді.
Терапия: психотерапия, психоанализ, антидепрессанттар және транквилизаторлар әсерінен ұйқыны тереңдету, карбамазепин.
F51.8 Органикалық емес ұйқының басқа да бұзылыстары.
F51.9 Органикалық емес ұйқының бұзылыстар, белгісіз.
