- •Шымкент көпсалалы колледжі
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пікір сарап
- •1.Түсіндірме жазба
- •2.Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
- •3. Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны
- •5.Білім берудің жоспарлы нәтижесін бақылау
- •5.1. Сынақ сұрақтары
- •5.2.Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •6.3. Оқу құралдары:
5.Білім берудің жоспарлы нәтижесін бақылау
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде оқу курсы аяқталысымен саралау сынағы көзделген.
5.1. Сынақ сұрақтары
1. Оториноларингологияның міндеттері мен мақсаттары?
2. Мұрын қуысы мен оның қосалқы қуыстарының басқа ағзалар мен жүйелердің физиологиясына тигізетін әсері?
3. Мұрынның қабыну ауруларын атаңыз.
4. Мұрыннан қан кету: жалпы және жергілікті себептері.
5. Мұрын қалқасының гематомасы, этиологиясы, патогенезі?
6. Мұрын және оның қосалқы қуыстарының жарақаттануы.
7. Мұрын қуысы мен мұрынның қосалқы қуыстарының бөгде денелері, ринолиттер, алдын алу, алып тастау әдістері.
8. Жоғарғы жақсүйек қуысына пункция жасау тәсілі.
9. Мұрынның тыныс алуы және иіс сезу қызметін тексеру әдістері.
10. Балаларда жұтқыншақ арты кеңістіктегі құрылымының ерекшеліктері.
11. Жұтқыншақтың созылмалы аурулары: созылмалы фарингит, себебі, симптомдары, емі.
12. Жұтқыншақтың созылмалы аурулары: созылмалы тонзиллит, себебі, симптомдары, емі.
13. Таңдайдың бадамша бездері шұңқырларының құрамын анықтау тәсілі.
14. Жұтқыншақ ауруларына зерттеудің және емдеудің жаңа әдістері.
15. Балалардағы ларинготрахеит ерекшеліктері.
16. Көмейдің күл ауруы клиникасы, диагностикасы, емі.
17. Көмей мен кеңірдектегі бөгде денелер симптомдары, диагностикасы.
18. Көмейдің рентгенографиясы мен томографиясы, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштер.
19. Трахеостомиядан және операциядан кейінгі науқасақа таңғыш салу тәсілі.
20. Сыртқы отит клиникасы, диагностикасы, емі.
21. Құлақты зерттеу әдістері, құлықты алып тастау әдістемесі.
22. Ортаңғы құлақтың жіті іріңді қабынуы, даму сатылары.
23. Жұқпалы аурулар кезінде және балалық шақта кездесетін ортаңғы құлақтың жіті іріңді қабыну аурулары ағымының ерекшеліктері.
24. Кереңдік және мылқаулық. Туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері.
25. ЛОР-онкологиясы бар науқастардың күтім жасау ерекшеліктері.
5.2.Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
ЛОР ауруларының даму кезеңдері.
Сыртқы және ішкі мұрынның және мұрын маңындағы қуыстарының клиникалық анатомиясы мен физиологиясы.
Мұрын қалқасының гематомасы мен абсцессі, клиникасы, диагностикасы, емі.
Патогенездік терапия, тамырларды селективті эмболизациялау.
Мұрын және оның қосалқы қуыстарының жарақаттануы.
Қан кетуді тоқтату тәсілдері: алдыңғы және артқы мұрынды тығындау, күйдіру, жергілікті және жалпы қан тоқтатқыш дәрілерді қолдану.
Мұрын қуысы мен мұрынның қосалқы қуыстарының бөгде денелері, ринолиттер, алдын алу, алып тастау әдістері.
Жұтқыншақ пен өңештің клиникалық анатомиясы мен физиологиясы.
Паратонзиллярлы абсцесс. Оның түрлері, симптомдары, емі.
Көмей мен кеңірдектің клиникалық анатомиясы мен физиологиясы.
Жіті және флегмонозды ларингит. Клиникасы, диагностикасы, емі.
Орофарингоскопия, артқы риноскопия, тікелей емес ларингоскопия, мұрын-жұтқыншақты саусақпен тексеру, жақсүйек артындағы лимфа түйіндерін пальпациялау. Бөгде денелерді алып тастау әдістері.
Көмей, кеңірдек және бронх ауруларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасаудың және оларды емдеудің жалпы әдістері.
Тікелей және тікелей емес ларингоскопия.
Стробоскопия.
Көмейдің рентгенографиясы мен томографиясы. Компьютерлік томография.
Трахеостомиядан және операциядан кейінгі науқасақа таңғыш салу.
Құлақтың клиникалық анатомиясы мен физиологиясы.
Сыртқы отит, отогематома, экзема, отомикоз, тілмелік қабыну, перихондрит, клиникасы, диагностикасы.
Ортаңғы құлақтың жіті және созылмалы қабынуы. Мастоидит.
Есту жолын үрлеу, құлақты тазалау, жағынды алу, компресс қою әдістері.
Мұрын мен мұрын маңындағы қуыстардың ісіктері (қатерлі және қатерсіз ісіктері). Симптомдары, диагностикасы.
Жұтқыншақ пен көмейдің ісіктері. Көмей обыры. Симптомдары, диагностикасы.
Құлақ обыры. Симптомдары, диагностикасы. Ерте анықтау әдістері.
ЛОР-онкологиясы бар науқастарға шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету шаралары.
5.3. Сынаққа арналған тест тапсырмалары
Сынаққа арналған тест тапсырмаларының дұрыс жауабы «+» белгісімен белгіленген.
6.Әдебиеттер және оқу құралдары
6.1. Негізгі әдебиеттер:
Детская оториноларингология: учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. М.Р.Богомильский, В.Р.Чистяков. – М., ГЭОТАР- Медиа, 2007. -576с.
Оториноларингология: учебник + CD. В.Т.Пальчун, М.М.Магамедов, Л.А.Лучихин. – М., ГЭОТАР- Медиа, 2008. -656с.
6.2. Қосымша әдебиеттер:
Мемлекеттік тілде:
Құлақ, мұрын, тамақ және көмей мүшелерін тексеру жолдары (әдістемелік құрал). З.Ш.Шайықов, Н.Т.Асылбеков, Н.Т.Омаржанова, О.М.Газизов, Б.А.Ермекбаева. – Қарағанды, 1995.
Құлақ, мұрын, тамақ аурулары (оқулық құрал). Ш.Шайықов, Р.К.Тулебаев, Н.Т.Асылбеков. – Ақмола, 1997.
Құлақ, мұрын, тамақ аурулары (оқулық құралы). С.Е.Тайбогаров, Ю.М.Овчинников. –Алматы, 1994.
Орыс тілінде:
Диагноститка и профилактика воспалительно- дистрофических изменений респираторного тракта (учебно-методическое пособие). Р.К.Тулебаев, И.Н.Братель, И.С.Ушаков. – Астана, 2000.- 87стр.
