- •Шымкент көпсалалы колледжі
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пікір сарап
- •1.Түсіндірме жазба
- •2.Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
- •3. Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны
- •5.Білім берудің жоспарлы нәтижесін бақылау
- •5.1. Сынақ сұрақтары
- •5.2.Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •6.3. Оқу құралдары:
Шымкент көпсалалы колледжі
БЕКІТЕМІН
Әдістемелік кеңес төрайымы
Жаналиева Г.Ж.___________
« __ »_____________201_ ж
Оқу жұмыс бағдарламасы
Пәні: «Оториноларингология»
Мамандығы: «0301000» - Емдеу ісі
Курсы: 4 семестр - 8
Барлық сағат саны: 30 сағ.
Теория: 20 сағ.
Тәжірибе: 10 сағ.
Сынақ: 8 сем.
Шымкент 2014ж
2010 МЖМБС-ға, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. Астана 2010-ж
Пікір сарап
«Оториноларингология» пәнін оқыту болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың бір бөлігі болып саналады 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы, 0301013- «Фельдшер» біліктілігі бойынша.
Пәннің тақырыптық жоспарына келесі тараулар мен тақырыптар енгізілген: Оториноларингологияға кіріспе, мұрын және мұрын маңындағы қуыстар, мұрынның жедел және созылмалы аурулары, мұрын аурулары кезінде жалпы күтім жасау және емдеу әдістері. Жұтқыншақ пен өңеш аурулары, көмей, кеңірдек аурулары және бөгде денелер, көмей, кеңірдек және трахея ауруларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау және оларды емдеудің жалпы әдістері. Сыртқы құлақтың аурулары, ішкі және ортаңғы құлақтың аурулары. Кереңдік және мылқаулық. Лор-онкология.
Оқу жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жапыға міндетті білім беру стандартының 2010 жылғы типтік бағдарламасына сәйкес келеді.
Пікір сараптаған:
м.ғ.к., доцент
Пазылбеков С.А._______
«______» _______ 2014ж.
Қаралған:
«Жалпы медицина» кафедрасының мәжілісінде
«______» _______ 2014ж.
«Жалпы медицина» кафедрасының меңгерушісі
Умарова М.С. _____________
Келісілген
Әдістемелік кабинет меңгерушісі
Байназарова Г.А.______________
«______» _______ 201_ж.
Дайындаған оқытушы:__________ Абдраманова А.
1.Түсіндірме жазба
Кіріспе
Оториноларингология – клиникалық пән ретінде құлақтың патологиясы мен морфофизиологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы тыныс алу жолдарының және солармен аралас аймақтарды зерттейді. ЛОР ағзаларының басты ерекшеліктерінің бірі олардың бас пен мойында орталық орналасуы. Олар бас-сүйек ойықтары, көз ұясы, тіс-жақ аппаратымен, омыртқа жотасымен және кеуде аралық ағзалармен, магистральді қан тамырлармен, негізгі нерв бағанымен және өрімдерімен тығыз байланысты. Патологиялық процестер осы аймақтың кез-келген сегментінде дамитын жалпы механизмге ие болады және бір-бірінің ағымын асқындырады. Жиі бірдей клиникалық симптомдарымен өтеді. Фельдшер өз тәжірибесінде ауыз қуысындағы клиникалық көріністерін, диагностика принциптерін және ЛОР ағзаларының ішінде дифференциальді диагностиканы және аурудың келесі ем тактикасын жақсы білу керек.
Пәннің мақсаты: ЛОР органдарының зақымдалуы мен аурулары туралы жалпы ұғым алып шығу, ЛОР ағзаларының негіздері бойынша тексерулер туралы және оториноларингологиядағы жедел көмекті көрсете алу.
Пәннің міндеттері:
құлақ, мұрын, тамақ ауруларының жақ-бет аймағының аурулары туралы білім беру;
ЛОР ағзаларын зерттеу әдістерін үйрету;
ЛОР ағзаларынң және жақ-бет аймағынан қан кету, бөгде зат, жарақат кезінде жедел көмек көрсету әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйрету.
Бағдарлама басқа клиникалық пәндермен интеграцияны қарастырады: терапиядағы мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі, сонымен қатар жалпы кәсіптік пәндер. МЖМБС- сәйкес базалық, кәсіптік және арнайы құзырлықты қалыптастыруға арналған модульдік оқытудың құрылымы енгізілген.
