5 Кезең
Интернге арналған ақпарат: төменде көрсетілген критерийлерге сәйкес электрокардиограмманы талдау дағдылығын көрсетіңіз.
№ |
Қадамдарды бағалау критериі |
Балл бойынша бағалау |
||
1 |
ЭКГ барлық тіркемелерін қараңыз. R-R арасының өлшемі бойынша Цукерман кестесімен жүректің ырғағын және жиырылу жиілігін дұрыс анықтаңыз. |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
ЭКГ II стандарттық тіркемесінде Р-Q арасын дұрыс өлшеңіз. PQ интервалын Р тісшесінің басталған жерінен қарыншалық жиынтықтың басталған жеріне (Q)дейін өлшеп , жыбыр аритмиясында , PQ арасы өлшенбейтінін атап өтіңіз.Алынған нәтижесін бағалау барысында қалыпты көрсеткішке (0,12-0,20сек) сүйеніңіз. P-Q арасының 0,20 сек ұзаруын атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылысымен байланыстырыңыз. |
2,0 |
0,5 |
0 |
3 |
QRS арасын QRS жиынтығының басталған жерінен аяқталған жеріне дейін өлшеп , оның нәтижесін бағалауда дені сау адамның көрсеткішіне (0,06-0,10 сек) сүйеніңіз. QRS жиынтығы 0,10 сек ұзарған жағдайды қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысымен байланыстырып, дұрыс талдаңыз. Оның себептерін: қарыншалардың ұлғаюы, Гис шоғыры тармақтарының бөгемесін, эктопиялық қозуды атаңыз. |
2,0 |
0,5 |
0 |
4 |
ЭКГ тісшелерін дұрыс сипаттаңыз. P тісшесін сипаттаған кезде қалыптыға сүйеніп: дөңсе пішінді, тегіс, изолиниядан жоғары қараған , биіктігі 01-03 mV, ұзақтығы 0,07-0,11 сек. және жүрекшелер зақымдалған кезде Р тісшесінің кеңеюі, биіктеуі, екі өркешті немесе ара тәрізденуі мүмкін екенін айтыңыз. |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
QRS (қарыншалық ) жиынтығы 3 тісшелердің: төмен қараған Q тісшесі, жоғары қараған R тісшесі , және төмен қараған S тісшесінен тұратынын атап өтіңіз. |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
QRS жиынтығының бастапқы бөлімінің вольтажын бағалау үшін вертикаль бойынша R тісшесінің шыңынан ең терең жерге дейін өлшеңіз. QRS жиынтығының ең жоғарғы өлшемін анықтау үшін Кеуде тіркемесінен QRS жиынтығының тісшелерін өлшеп, оның қалыпты көрсеткішін - 0, 33 - 1,0 mV атаңыз . Q тісшесінің ұзақтығы 0,04 сек, Q тереңдеуі және ұзаруы миокардтағы ошақты өзгерістерге байланысты болу мүмкіндігін айтып кетіңіз. R и S тісшелерді өлшемдеріне қатысты оң жақ кеуде тіркемелерінде ол 1ден аз , өтпелі аймақта 1ге жақын, ал сол жақ кеуде тіркемелерінде 1ден көп екенін көрсетіңіз. |
2,0 |
0,5 |
0 |
7 |
S-T сегменті ЭКГ жиынтығының соңынан Т тісшесінің өрлеуші аяғына біртіндеп өтетін Т тісшесіне дейінгі ЭКГ бір кесіндісі деп сипатаңыз. Ұсынылған ЭКГ талдау барысында ST-сегментінің басы қалыптыда изоэлектрлік сызыққа сәйкес немесе оған өте жақын екенін айтыңыз. ST сегментінің жоғарғы немесе төмен ығысуы миокардтың ошақты немесе жайылмалы зақымдалуына, зат алмасуының бұзылысына, улануға байланысты екенін көрсетіңіз. |
2,0 |
0,5 |
0 |
8 |
Талданған ЭКГ Т тісшесі қалыптыда I тіркемеде барлық уақытта оң, II тіркемеде екі фазалы болуы мүмкін екенін ескерте отырып айтыңыз. Теріс ТII, теріс ТI не ТIII патологиялық өзгерісті көрсетеді. Теңбүйірлі, шыңы биік Т – тәжі артериясының жетіспеушілігіне тән. |
2,0 |
0,5 |
0 |
9 |
ЭКГ талдауға дұрыс қорытынды беріңіз. |
2,0 |
1,0 |
0 |
