3 Кезең
Интернге арналған ақпарат: Дәрігер-интерннің науқасқа іштің пальпациясын төменде көрсетілген критерийлерді көрсете біліңіз.
N |
Қадамдарын бағалау критерилерi |
Бағасы Балмен |
||
1 |
Емтихан тапсырушы қолын жуып, науқастың жанына оң жақтан отырады. Сыпайы iштi қарап, пальпация жасауға рұхсат сұрайды. lш формасын сипаттайды. lштiң тартылған шар тәрiздi болуын, ассиметриялы болуы мүмкiндiгiн айтады. Көзге көрiнетiн перистальтика болуы мүмкiндiгiн айтып, оның диагноздық маңызын түсiндiредi, портальдi гипертензиядағы құрсақ қабырғасының веналарының кеңеюiнің диагноздық маңызы. |
3,0 |
1,5 |
0 |
2 |
lштiң беткей пальпациясын дұрыс жасады. Оң қолдың алақанын жайып, iшке қойып, байыппен барлық аймақтарды зерттедi. Өз iс қимылының мәнiн түсiндiре отырып, құрсақ қуысы бұлшық еттерiнiң жұмсақ немесе кернелгенiн, ауырсынулы немесе ауырсынусыз, ауырсынулы болса локализациясын айта кеттi. Беткей пальпация сол жақ мықын аймақтан басталады, симметриялық аймақтарды салыстыра отырып, эпигастрийге көтерiлдi. Пальпация кезiнде iш қабырғасының кернелуi бар, жоқтығын, жарықтарды, бұлшықет айыруылары бар, жоқ екенiне көңiл аударды. |
3,0 |
1,5 |
0 |
3 |
Терең пальпация немесе әдiстемелiк жылжымалы пальпацияны бiр қолмен жүргiздi, екiншi қолымен пальпация аумағынан әрiрек бұлшықет пердесiн аздап басып тұрды. Бимануальдi пальпация жасауға да болады. Пальпацияның жасалу реттiлiгi сақталды: сигма тәрiздi, соқыр, жоғарылаушы, төмендеушi iшектер, асқазан, көлденең жуан iшек, бауыр, талақ, ұйқы безi. lшек пальпациясы ережеге сәйкес жасалды, алақан iш қуысының бетiне зерттелетiн iшек осiне перпендикуляр қойылды, қолды терең батыру, әр тыныс шығарғанда мүшенi артқы құрсақ қабырғасына дейiн тақап терiмен бiрге сырғытады. Пальпацияланған iшек саусақ астынан сырғып өтедi, саусақтар оның қасиеттерiн сезедi. |
3,0 |
1,5 |
0 |
4 |
Пальпация барысында емтихан тапсырушы өз iс-әрекетiн түсiндiре отырып, тоқ iшек бөлiктерiнiң қалыпты жағдайындағы мiнездемелерiн бердi (көлемi, консистенциясы, жылжымалылығы). |
3,0 |
1,5 |
0 |
5 |
Бауыр пальпациясы науқастың горизонтальдi қалпында жасалды. Науқастың төсегiне оң жақтан отырып, зерттеушi алақанын және сол қолдың 4 саусағын науқастың оң бел аймағына, ал сол қолдың үлкен саусағымен бүйiрден және алдынан қабырға доғасын басады, оң қолдың алақанын, қол саусақтарын бүгiп орта бұғана сызық бойымен қабырға доғасының астынан саусақ ұштарымен iш қабырғасын басады. Науқасқа терең дем ал деп айтылады. Бауыр төмендеп, саусақтарға келiп сырғып өтедi. Зерттеушi қолы бұл уақытта қозғалыссыз, әдiс қайталанады. Мұнда бауырдың консистенциясы, шеттерiнiң жағдайы, сезiмталдығы, көлемi анықталады. Қалыпты жағдайда шетi үшкiр, жұмсақ, ауырсынусыз, терең дем алғанда қабырға доғасымен төс маңы сызықтан 1-2 см шығыңқы. |
3,0 |
1,5 |
0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 15
Тапсырманы орындауға бөлiнген уақыт – 7 мин
4- кезең
Интернге арналған ақпарат: Төменде келтірілген критерийлерді қолдана отырып, интерннің Зертханалық анализдер интерпретациясы талдау дағдыларын көрсетіңіз.
№ |
Қадамдарды бағалау критериі |
Балл бойынша бағалау |
||
1 |
Қанның жалпы анализіндегі өзгерістерді және олардың клиникалық маңызын дұрыс көрсеті
|
3,0 |
1,5 |
0 |
2 |
Зәрдің жалпы анализіндегі өзгерістерді және олардың клиникалық маңызын дұрыс көрсеті
|
2,0 |
2 |
0 |
3 |
Қақырықтың жалпы анализіндегі өзгерістерді және олардың клиникалық маңызын дұрыс көрсеті
|
2,0 |
2 |
0 |
4 |
Қанның биохимиялық анализіндегі өзгерістерге дұрыс клиникалық түсініктеме берді
|
3,0 |
2 |
0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл -10
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут
