ОҚКЕ КЕЗЕҢДЕРlНlҢ РЕТТІЛІК КЕСТЕСІ
«Жалпы медицина» 051301, 7 курс 5+2 интерндерге
1 Кезең
Интернге арналған ақпарат:
Төменгi критерийлерге сәйкес өкпе аускультациясын жасауды көрсетіңіз.
N |
Қадамдарды бағалау критерийлерi |
Балмен баға |
||
1 |
Тыңдауды фонендоскопты симметриялы қоя отырып, өкпе ұшынан бастаңыз. Сонан соң бұғана астынан бастап, ІІ-ІІІ қабырғааралықтарда қиғаш шеттей отырып жүргізіңіз: қалыпты жағдайда бронхтық тыныс естiлетiн жерлердi, везикулалық, бронх тыныстарының қиғаштарын дұрыс сызып көрсетiңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
2 |
Везикулалық тыныстың әлсiреу себептерiн дұрыс айтыңыз: семiздiк, анасарка сияқты - өкпеден тыс, iрi бронхтардың тарылуы, инфильтрат, ателектаз, плевра қабықтарының қалыңдауы сияқты – өкпелiк себептердi дұрыс айтыңыз. Везикулалық тыныстың күшеюiнiң физиологиялық жағдайда арық адамдарда, балаларда болатынын, патологиялық күшеюдiң бронхитте, үзiлiстi тыныстың-бронхоспазмда,пневмосклерозда кездесетiнiн айтыңыз. Өкпе үстiнде бронх тынысының өкпе қабынып, қатайғанда, қуыс пайда болғанда (резонаторға айналғанда) естiлетiнiн дұрыс айтыңыз. Графикалық сызып көрсетiңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
3 |
Бронхиальді тыныс. Өкпе үстiнде бронх тынысының өкпе қабынып, қатайғанда, қуыс пайда болғанда (резонаторға айналғанда) естiлетiнiн дұрыс айтыңыз. Графикалық сызып көрсетiңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
4 |
Негiзгi тыныс шуларынан басқа патологиялық сырылдарды естiп, бағалаңыз: құрғақ, ылғалды. Құрғақ сырылдар бронх қуысы тарылған кезінде пайда болады (спазм, қабыну инфильтрациясы), ылғалды сырылдар бронх қуысына (бронхит) немесе өкпе қуысына (каверна, абсцесс) экссудат сұйықтығының жиналуынан пайда болады. Бронхтардың калибріне байланысты майда, орта, iрi калибрлi деп бөлінеді. |
3,0 |
1,5 |
0 |
5 |
Крепитация мен плевра үйкелiс шуының айырмашылығын дұрыс айырыңыз, крепитация алвеольярлы тінде қабыну болғанда және тыныс алған кезінде естіледі, ал плевра үйкелiс шуы плевра жапрақшаларында қабыну болғанда және тыныс алу, тыныс шығару кезінде естіледі. Жауапты графикалық толықтырыңыз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 15
Тапсырманы орындауға бөлiнген уақыт – 7 мин.
2 Кезең
Интернге арналған ақпарат: Төменгi критерийлерге сәйкес жүрек аускультациясын жасауды көрсетіңіз.
|
Қадамдарын бағалау критерилерi |
Бағасы-балмен
|
||
1 |
Ережеге сәйкес жүрек аускультациясын жүргiзiңіз, жүрек ұшынан бастап - митральдi қақпақ, аорта қақпағы - төстен оңға II қабырғааралықта, содан соң өкпе артериясы қақпағы - II қабырға аралықта төстен солға, үшжармалы қақпақ - семсерше тәрiздi өсiндi негiзiнде және аорта қақпағының қосымша нүктесі – Боткин-Эрб нүктесiнде. |
3,0 |
1,5 |
0 |
2 |
Митральдi қақпақты тыңдағанда дыбыстық мiнездеменi дұрыс берiңіз |
3,0 |
1,5 |
0 |
3 |
Аорта қақпағын тыңдағанда дыбыстық мiнездеменi дұрыс берiңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
4 |
Өкпе артериясы қақпағын тыңдап дыбыстық мiнездеменi дұрыс берiңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
5 |
Үшжармалы қақпақты тыңдап дыбыстық мiнездеменi дұрыс беріңіз. |
3,0 |
1,5 |
0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 15
Тапсырманы орындауға бөлiнген уақыт – 7 мин.
