- •Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Астана 2012
- •2. Тәжірибенің мақсаты:
- •3. Тәжербие алдындағы тапсырмалар:
- •4. «Кіші мейірбике көмекшісі (сырқаттар күтімі бойынша)» ретінде оқу-өндірістік тәжірибені қтуде «Жалпы медицина» факультетінің і курс ______топ студенттерінің нәтижелері.
- •6. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Кіші мейірбике кқмекшісі (сырқаттар күтімі бойынша)» оқу-өндірістік тәжербиесі бағдарламасының мазмұны
- •Емдеу- профилактикалық мекемелеріндегі санитарлық, эпидемияға қарсы кесте
- •Емделетін бөлмелерде санитарлық, эпидемияға қарсы кестені сақтау.
- •Қабылау бөлімшесінде науқастарды қабалдау және санитарлық тазартудан өткізу. Ауруларды тасымалдау.
- •«Кіші мейірбике (сырқаттар күтімі бойынша) көмекшісі» ретінде өткен оқу-өндірістік тәжербиеден соң студенттер игеруі және орындай білуі тиіс тәжербиелік дағдылар тізімі:
- •Студенттердің тәжірибелік жетістіктерін әріптік -баллдық жүйе бойынша бағалау кестесі
6. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Кіші мейірбике кқмекшісі (сырқаттар күтімі бойынша)» оқу-өндірістік тәжербиесі бағдарламасының мазмұны
Емдеу- профилактикалық мекемелеріндегі санитарлық, эпидемияға қарсы кесте
Жұмыс орнына және медицина қызметкерлерінің сыртқы бейнесіне, тазалағына қойылатын талаптар. Науқастар жататын бөлмелерде, тамақтану бөлмесінде, дәліздерде, дәретхана және басқа бөлмелерде санитарлық жағдайды қамтамасыз ету. Стационар бөлімшелерінің жұмыс кестесі. Жауатын, дезинфекциялайтын жұмыс ертінділерін даярлау. Күнделікті ағымдағы, толық тазалауды өткізу. Қазақстан Республикасы санитарлық бақылау мекемесінде лицензиядан өткен дезинфекциялық заттарды еріту және пайдалану. Дезинфекцияны, залалсыздандыру алдындағы тазартуден өткізу. Құралдарды тазарту. АИВ-инфекциясымен ауратындағы арналғын медициналық заттарды жою. Жұмыста жеке қорғану және сақтану ережелерін сақтау.
Емделетін бөлмелерде санитарлық, эпидемияға қарсы кестені сақтау.
Емделу бөлмелеріндегі тазарту түрлері: ағымдағы тазарту, толық тазарту. Жуатын, дезинфекциялайтын ертінделерді даярлау. Емдеу бөлмелеріндегі тазалайтын құралдарға, оларды белгілеуге, сақтауға қойылатын талаптар. Ағымдағы және толық тазарту жиілігі және реті. Емделу бөлмелерін кварцтау. Жұмыстағы жеке қорғану және сақтану шаралары.
Қабылау бөлімшесінде науқастарды қабалдау және санитарлық тазартудан өткізу. Ауруларды тасымалдау.
Пациенттерді қабылдауда санитарлық (толық, жартылай) тазартудан өткізу. Педикулез табылғандағы тактика және тазарту шаралары. Бөлімшелерге пациенттерді тасымалдау тәсілдері. Емдеу профилактикалық мекеме ішінде пациенттерді тасымалдау.
4. Пациенттер күтімі
Пациенттердің, әсіресе ауыр аурулардың гигиеналық күтімін қамтамасыз ету. Іш киімдерді, төсекті ауыстыру. Ауруларды төсекте ауыстыру, төсектегі дене қалпын алмастыру ( Фаулер, Симс қалыптары, арқасымен, ішімен, бір қырымен жатқызу). Ауыз қуысы, мұрын, көз, құлақ, аяқ, жыныс ағзалары, ауы тұстары жіне бастағы шаш туалеті. Теріні күту, дене ойылуының алдын алу. Зәр қабылдағышты қолдану, ұлы дәретке отырғызу. Пациенттерді тамақтандыру. Тағамдар сақталуын бақылау. Науқастың функциональды жағдайын бағалау (тамыр соғысы, қан қысымы, тыныс жиілігін аңықтау, дене қызуын өлшеу). Жоғары қызба кезіндегі науқасты бақылау және күту. Науқас күтіміне коммуникативті дағдыларды қолдану: дәрігердің анамнез жинауына, күндегі науқас қарауына қатысты.
«Кіші мейірбике (сырқаттар күтімі бойынша) көмекшісі» ретінде өткен оқу-өндірістік тәжербиеден соң студенттер игеруі және орындай білуі тиіс тәжербиелік дағдылар тізімі:
1. Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартылуы (дезинсекция)
2. Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің санитарлық тазартылуы (гигиеналық былау, душ);
3. Қабылдау бөлімшесінде антропометрия (бойды, салмақты өлшеу) өткізу;
4. Науқасты тасылмадағышпен (қаталкамен), тасылмадағыш-кресломен, зембілмен тасымалдау;
5. Төсекті (екі тәсілмен) ауыстыру;
6. Іш киімдерді (іш көйлек, тіз киімді) ауыстыру;
7. Науқасқа дәрет қабылдағышты беру;
8. Науқасқа зәр қабылдағышты беру;
9. Теріні күту (науқас терісін сүрту, ысқылау);
10. Науқас астын жуу;
11. Ауыз қуысын тазалау;
12.Дене ойылуының алдын алу;
13. Дене ойылуының емдеу;
14. Қызулап жатқан науқас күтімі;
15. Ауыр науқастарды тамақтандыру.
8. Оқу-өндірстік тәжірибе қорытысындысы бойынша студенттер білетін және игерген дағдыларды дифференциальды сынақта бағалау ережелері
№ |
Дағдылар және оларды орындай білу, бағалау ережесі |
Баллдар-ды қадам-мен бағалау |
|
1 |
Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің толық санитарлық тазартылуы (дезинфекция) |
4,0 |
|
1. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
2. Санитарлық тазартуды бастағы шашты педикулезге қараудан басталады: адамның биттегені аңықталса дезинсекция өткізіледі: қосышма халат киіп орамал тартады, ауруды клеенкамен жабылған отырғышқа отырғызады; |
0,5 |
||
3. Шашты жерлерді дезинфекциялық ертінділерлің бірімен: каброфостың 0.15% су эмульциялы ертіндісі не тең көлемде араластырылған метилацетафостың 0.5%тіндісімен сірке қышқылы қосындысымен не т.б. ерінділермен тазалайды; |
0,5 |
||
4. Басты орамалмен 0 минутқа орап қояды; |
0,5 |
||
5. Бас жылы сумен жуылады; |
0,5 |
||
6. Шаш 6%-дық асқа қолданылатын сірке қышқылы ертіндісімен шайылыды; |
0,5 |
||
7. Он бес минут бойы шаш тісі жиі тарақпен таралады; науқас киімдері дезинцекциядан өткізу үшін бөлек қапқа салынады; |
0,5 |
||
8. Ауру тарихының сыртқы бетіне педикулез табылғаны туралы «Р» белгісі қойылады. Науқас тұратын жердегі СЭС-ға «Жұқпалы ауру туралы...» жедел жіберіледі. Егер педикулез болмаса, ауруға шешінуге көмектесіп, заттарын тізім бойынша қабылдағаны туралы тү2біртек толтырылады; |
0,5 |
||
2. |
Қабылдау бөлңмшесінде пациенттердің толық санитарлық тазартылуы (гигиеналық былау, душ). |
|
|
1. Былау ыдысын сабындаған ысқышпен жуады, оны 0,5 % хлорлы известь немесе 2% хлорамин Б ертіндісімен, соңынан ыссы сумен шаяды; |
0,5 |
||
2. Былауға түсетін ыдысты жылылығы 35-37 градустық сумен толтырады, су жылылығын су термометримін өлшейді; |
0,5 |
||
3. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
4. Науқасқа былау ыдысы ішінде ыңғайлы оарналасуына көмектеседі: су деңгейі төс шеміршегі тұсына жетуі, аяқтары арнайы ағаш тіреуішке қойылуы тиіс; |
0,5 |
||
5.Науқасты сабымен әуелі басын, сабынды ысқышпен сосын денесін, аяқ қолдарын, шабын, астын жуады; |
0,5 |
||
6. Душ қабылдағанда – науқас отырғышқа отырғызылады да, жоғарыда айтылғандай жуындырылады; |
0,5 |
||
7. Науқасқа былау қабылдаған не душқа түскен жерден шығуға көмектеседі, денесің жылы сүлгі не жамылғымен сүртеді; |
0,5 |
||
8. Былаудан соң науқас аяқтары, қолдарының тырнақтары алынады; таза аурухана киімін не нуқастың өз киімін киіндіреді. |
0,5 |
||
3. |
Қабылдау бөлімшесінде антропометрия (бойды, салмақты өлшеу) өткізу |
4,0 |
|
1.Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
2.Науқасқа қуығын босатуын, ұлы дәретке отыруын өтініледі; |
0,5 |
||
3. Түргеп тұрған пациенттің бойын ағаш бой өлшегішпен өлшенеді; |
0,5 |
||
4. Отырған пациент бойы ағаш бой өлшегішпен өлшенеді; |
0,5 |
||
5. Науқастың кеуде көлемі өлшенеді; |
0,5 |
||
6. Медициналық таразымен науқас салмағы өлшенеді; |
0,5 |
||
7. Барлық қажет өлшемдер 3рет өлшенеді; |
0,5 |
||
8. Дұрыс өлшем ретінде ең жоғарғы көрсеткіштер алынады; ауру тарихына деректер жазылады |
0,5 |
||
4. |
Науқасты тасылмадағышпен (қаталкамен), тасылмадағыш-кресломен, зембілмен тасымалдау. |
4,0 |
|
|
Науқасты тасылмадағыш не зембілмен тасымалдауды игерді: |
|
|
1. Тасымалдағыш науқас төсегіне перпендикуляры, бас жағын науқас аяғына қарай дұрыс орналастырылады; |
0,5 |
||
2. Жодастарымен бірлесіп науқасты басы астынан және қолтықтарымен немесе жамбасы астынан не саны және балтыры астынан ұстап тасымалдағышқа дұрыс салады; |
0,5 |
||
3. Науқасты 900-қа бұрып тасылмадағышқа ауыстырып дұрыстап салады, оны жабынмен жабады; |
0,5 |
||
4. Науқаспен бірге оның медициналық картасын қоса жібереді, бөлімшеге ауыр науқас жіберілгенін хабарлайды; |
0,5 |
||
|
Тасылмадағышпен-кресломен тасылмалдағанда: |
|
|
5. Науқас аяғын тірейтін тіреуішті басып тасылмалдағыш-креслоны алға қарай дұрыс бағыттайды; |
0,5 |
||
6. Науқасты креслоға дұрыс отырғызып, аяғын тіреуішке қояды; тасымалдағыш-креслоны бұрынғы қалпына келтіреді; |
0,5 |
||
7.Тасымалдау кезінде науқас қолы шынтақ тірейтін жердің сыртына шақпауын қадағалайды; |
0,5 |
||
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
||
5. |
Төсекті науқас бойы бағытымен ұзынынан ауыстыру: |
4,0 |
|
1. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
2. Қажеттілердің бәрін дұрыс: таза жамылғы (простыня), көрпе тысы, екі көпшік тысы, медициналық клеенка және жаялық; науқастың көрпесін алып, жамылғымен жабады. Көрпе тысын ауыстырып, кір көрпе тысын бөлек целофанды ыдысқа салады. Таза тыспен қапталған көрпені төсек басына қояды; |
|
||
3. Таза жамылғыны ұзынынан білек тәрізді етіп жинайды да төсек басына қояды; науқас басын сәл көтеріп көпшігін алып, тысын ауыстырады; |
0,5 |
||
4.Пациентті қырына жатқызып, осылай ұстап тұрады; |
0,5 |
||
5.Астындағы кір жамылғыны білек тәрізді етіп ұзына бойы жинап, босаған орынға таза жамылғыны төсейді; |
0,5 |
||
6.Пациентті кері арқасына аударып, сосын келесі қырымен таза жамылғыға жатқызады; |
0,5 |
||
7. Пациент астындағы кір жамылғыны алып, орнына таза жамылғының екінші жартысын жаяды; |
0,5 |
||
8. Жамылғыны толық жазып, қыртыстарын кетіреді, шеттерін тқсек (матрац) астына қайырады, науқас арқасындағы жеңіндегі көйлек кыртыстарын, тегістеп жазады, көпшікке жатқызады. |
0,5 |
||
|
Төсек ауыстырудың көлденең тәсілі: |
|
|
1. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
2. Таза жамылғы көлденеңінен жиналады; |
0,5 |
||
3. Сол қолымен науқас басын сәл көтеріп, көпшігі алынады; |
0,5 |
||
4. Оң қолымен тез төселген кір жамылғын білек тәрізді етіп науқас басынан бастап беліне дейін жинайды; |
0,5 |
||
5. Босаған орынға білек тәрізді жиналған жамылғы салынып, науқас белі тұсына дейін жазылады; |
0,5 |
||
6. Сол қолын науқас белі астына жіберіп,кір жамылғы науқас аяғына қарай алынады да, орнына таза жамылғы жайылады ; |
0,5 |
||
7. Көпшік тысын ауыстырып, науқас көпшікке жатқызылады; науқасты көрпемен жабады; |
0,5 |
||
8. Ауыстырылған кір төсек қапқа салынып шығарылады. |
0,5 |
||
6. |
Науқас іш киімдерін ауыстыру |
4,0 |
|
1.Науқас арқасына студент сол қолын жіберіп кеудесін сәл көтереді; |
0,5 |
||
2. Науқас көйлегін арқасынан мойынан қарай жинап, оны еппен басынан шағарады; |
0,5 |
||
3. Науқасты көпшікке жатқызып, жеңдері шешіледі. Шешілген кір көйлек бөлек қапқа салынады; |
0,5 |
||
4. Таза көйлектің жеңдері кигізіледі; |
0,5 |
||
5. Науқасқа көйлек басынан бастап кигізілді, арқасындағы қыртыстарын жазып, науқасты төсекке жатқызылады; |
|
||
6. Науқасты жамылғымен жауап, ауыстырылған кір киімді қапқа салып санитарлық тазартуға жибереді; |
0,5 |
||
7. Киім ауыстыру кезінде науқас денесін қарап, ойылған жерлері бар жоғына көз жеткізеді. |
0,5 |
||
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз-іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенін сұрауға мүмкіндік береді. |
0,5 |
||
7. |
Науқасқа дәрет қабылдағышты (судноны) беру |
4,0 |
|
1. Алдыменен науқас астына салынатып дәрет қабылдағыш, клеенка, гигиеналық дәкі әзірленіп, студент қолына резиналы қолғап киеді ; |
0,5 |
||
2.Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
3. Науқасты айналадағыларынан пердеменен бөліп, көрпесін алып, астына клеенка төселеді; дәрет қабылдағышты жылы сумен шайып, ішіне кішкене су қалдырады; |
0,5 |
||
4. Науқастың аяқтарын тізесінен бүгуге, сол қолын науқас сегізкөзі тұсына салып жамбасын көтеруге көмектеседі; |
0,5 |
||
5.Оң қолымен дәрет қабылдағыш науқас ауы астына қойылады; |
0,5 |
||
6. Жамылғымен науқасты жауып өзін жеке қалдырады; |
0,5 |
||
7. Науқас дәретке отырып болған соң, дәрет қабылдағышты ептеп суырып алып, дәрет дәретханаға төгіледі де, ыдыс ыссы сумен шайылады; |
0,5 |
||
8. Науқас асты жуылып, кептіріледі, клеенкасы суырып алып, ауыстырылған жамылғымен жабылады. |
0,5 |
||
8. |
Науқасқа зәр қабылдағышты беру. |
4,0 |
|
1. Алдыменен жылы зәр қабылдағыш, клеенка, дәкі, перде әзірленеді; |
0,5 |
||
2. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
3. Науқас айналадағыларынан пердемен қалқалап бөлінеді; көрпесін алып , екі аяғын тізесінен бүгуге көмектеседі, астына клеенка төмеледі; |
0,5 |
||
4. Дәретке көмектесетін адам сол қолына дәікіні алып, науқастың жыныс мүшесіне орайды, оң қолымен зәр қабылдағышты науқас астына жақындатады; |
0,5 |
||
5. Зәр қабылдағышты науқас аяқтары арасына орналастырып, жыныс мүшесін зәр қабылдағыш ішіне енгізеді де, оралған дәкіні алады ; |
0,5 |
||
6. Науқасты жамылғымен жауып жалғыз қалдырады; |
0,5 |
||
7. Дәрет ету аяқталған соң зәр қабылдағыш, клеенка науқас астынан алынады; науқасты жамылғымен жауып, перде алынады; |
0,5 |
||
8. Зәр қабылдағыш дезинфекцияланады: аммиак исін кетіру үшін зәр қабылдағыщ іші тазартатын «Санитарный-2» не сол сияқтылар ертіндісімен шайылады. |
0,5 |
||
9. |
Тері жамылғысын күту (науқас денесін сүлгімен сүрту, ысу ) |
4,0 |
|
1. Алдыменен жылы су, жұмсақ ысқыш, клеенка, көрпе, антисептикалық ертінділер (камфорлы спирт, этилді спирт, сірке қышқылы ....)әзірленеді ; |
0,5 |
||
2. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
3. Науқас астына клеенка төселеді; |
0,5 |
||
4. Жылы сумен, жуатын ертінділермен ылғандаған жұмсақ ысқышпен науқас денесін, мойынын, кеудесін, қолдарын сүртеді, ысады ; |
0,5 |
||
5. Сүлгімен құрғатып сүртеді, болған соң науқасты көрпемен жабады; |
0,5 |
||
6. Осылай науқас ішін, денесін оң және сол қырына жатықызып арқасын тазалайды; |
0,5 |
||
7. Аяқтарын тазалайды; тазартып болған соң денесін құрғатып сүртеді; |
0,5 |
||
8. Әсіресе қолтық, шап, әйелдерде кеуде бездері астына көңіл аударады. |
0,5 |
||
10 |
Науқас астын жуу. |
4,0 |
|
1. Алдыменен жылы (30-36 градус) әлсіз 0,1-0,5% марганц қышқылды калий не 0,1-0,2% риванол ертіндісі немесе жылы су құйылған құман, корнцанг, дәкі, клеенка, дәрет қабылдағыш, перде, вазелин майы әзірленеді, науқас пердемен айналасы ндағылардан қалқалап бөлінеді; |
0,5 |
||
2. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
3. Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын сәл бүгіп бұтын ашады; |
0,5 |
||
4. Сол қолды науқас сегізкөзі тұсына салып жамбасын сәл көтереді де, астына алдын ала әзірленген клеенка жамылғы үстіне төселеді; құйрығының астына дәрет қабылдағыш қойылады; |
1,0 |
||
5.Науқастың оң жағына тұрып сол қолымен құманды алып, оң қолымен дәкілі корнцангпен науқастың жыныс мүшелерін, оның айналасын антисептикалық ертінділермен жуады; дәкі көмегінен жыныс мүшесінен бастап тік ішек бағытына яғни жоғарыдан төмен бағытқа жуады; |
0,5 |
||
6. Пайдаланған дәкі дәрет қабылдағышқа тасталады. Ау аймағы терісі құрғатылып жаңағы ретпен таза дәкілі корнцанг арқылы сүртіледі; |
0,5 |
||
7. Ау аймағы тері жамылғысын қарап, оның қыртыстарын вазелин майымен майналанған мақтамен корнцанц арқылы тері қызарудың алдын алу үшін майлайды; |
0,5 |
||
8. Науқас астынан дәрет қабылдағышты, клеенканы алып, дәретті төгіп, ыдысты дезинфекциялық ертінділерге салады. |
|
||
11 |
Ауыз қуысын тазалау. |
4,0 |
|
1. Ауызды шаю үшін стандарты ертінділерді (бір литр су, бір шәй қасық ас содасын, бір шәй қасық тұз....) әзірлей алады; |
0,5 |
||
2. Алдын ала залалсыздандырылған шпатель, кішкене мақта домалақтары, пинцет, антисептикалық (2% натрий гидрокабронаты, әлсіз марганец қышқылы калий) ертінділер немесе жылы су, бүйрек тәрізді ыдыс, дәкі резиналы алмұрт тәрізді баллон, сүлгіү клеенка, 0.2 граммдық ыдыс әзірленеді; |
0,5 |
||
3. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
4. Қолға резиналы қолғап киіп, науқасқа тілін шығаруды өтінеді (не сол қолымен науқас тілін дәкіге орап, еппен бері шығарады) |
0,5 |
||
5. Антисептикалық ертіндімен ылғанданған кішкене мақтамен тңл үстін тіл түбінен ұшы бағытына қарай сүртіп тазалайды; |
|
||
6. Мақтаны ауыстырып, тілді жіберіп, шпадель көмегімен тістерді ашып, оны іш және сырт жақтарынан сүртеді; |
0,5 |
||
7. Науқасқа аузын шайдырады; егер науқас өздігінен аузын шая алмаса, баллонға жылы антисептикалық ертіндіні алып, науқас басын қырына бұрып, мойнын, кеудесін клеенкамен жауып, иегі астына бүйрек тиәрізді ыдысты қойып, ауыз қуысы жуылады; |
0,5 |
||
8. Шпадельмен науұас ұртын кеңітіп, оң және сол жағын алма кезек антисептикалық ертінділері ағымымен жуады. |
0,5 |
||
12 |
Науқас денесі ойылуының алдын алу |
4,0 |
|
1. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
2. Науқасты төсекте ыңғайлы орналастырады, қажет болса денесі ойылмауына септігі бар матрац қолданылады; |
0,5 |
||
3. Тәулігіне екі рет дене жиі ойылатын жерлерді жылы сумен, 10% камфоралы спиртпен ылғандаған дәкімен сүртеді; |
0,5 |
||
4. Науқастың төсектегі қалпын тәулігіне кем дегенде 5-6 рет өзгертеді; төсек төсегенде жамылғының қыртыстарын жазып, төсек қиқымдардан тазарталады;. |
0,5 |
||
5. Сегіз көзі, құйымшақ тұсына резиналы шеңбер, өкшесі тұсына дөңгелектеп шиыршықтаған мақта не дәкі шеңбері қойылады; |
0,5 |
||
6. Суланған не кірленген киімдер тез ауыстырылады; |
0,5 |
||
7. Дене ойығы пайда болған болса, тәулігіне 1-2 рет марганец қышқылды калий ертіндісімен тазартылады; |
0,5 |
||
8. Әртүрлі дәрежелі дене ойылуы белгілерін біледі: Бірінші сатысы: шеттері айқын емес қызғылт-көкшіл түсті; Екінші сатысы: көпіршіктер пайда болғанда Үшінші сатысы: көпіршіктер жарылып, жара пайда болады Төртінші сатысы: тері, тері асты клечатка, басқа жұмсақ тіндер некрозы |
0,5 |
||
13 |
Науқас денесі ойылуының емдеу. |
4,0 |
|
1. Бірінші сатысында: теріні антисептикалық (10% камфора спирті, 1% салицил спирті, су мен 70% спирт қоспасы) ертінділермен тазалайды, жеңіл массаж береді, ультракүлгін сәулесімен емдейді, ойылған жер айналасына резиналы шеңбер қояды; |
0,5 |
||
2. Екінші сатысында: көпшіктерді 1-2% бриллиант көгі, 5-10% марганец қышқылды калий, антисептиктер ертіндісімен (10% камфара спирті, 1% салицил спирті, су мен 70% спирт қоспасы), ультра күлгін түсті сәуле, резиналы шеңбермен емдейді; |
0,5 |
||
3. Үшінші сатысында: ультра күлгін түсті сәуле, 1% синтомицин эмульсиясы, 10% стрептоцид майы, облепиха майы және басқалары, резиналы шеңбер қолданылады; |
0,5 |
||
4. Төртінші сатысында: некрозды тіндерден тазарту, жараға 0.5% марганец қышқылды калий не 1: 5000 фурациллин ертіндісімен байлап таңу, ірің болса жараны антисептикалық ертіндімен жуу; тері тазаруына байланысты әртүрлі майлармен (солкосерил, апила және басқалары) байлау |
0,5 |
||
|
|
||
|
|
||
|
|
||
|
|
||
14. |
Қызулап жатқан науқастар күтімі |
4,0 |
|
1. Қызулап жатқан ауруды күту дағдасың игерді. Қызу көтерілген кезде: науқасты төсекке жатқызып, көрпемен жауы, аяғына қыздырғы қояды, жылы шәй береді, қызуды төмендетуге асықпайды: |
0,5 |
||
|
Қызу тұрақталған кезде: |
|
|
2. Көрпені жеңіл жамылғымен ауыстырады. Маңдайына сірке қышқылымен ылғалдаған салқын жарты литр суға екі шәй қасық компресс қояды не мұз салған қыздырғы қояды;
|
0,5 |
||
3. Содының әлсіз ертіндісімен мезгіл мезгіл аузын сүртеді, ерініндегі жарықтар вазелинмен сүртіледі; |
0,5 |
||
4. Жиі салқын сусындар сөл, морс ішкізіледі, кұніне 5-6 рет сұйық не сұйқылтым жеңіл сіңетін жоғары калориялы тағам береді; |
0,5 |
||
|
Қызу төмендеу кезінде: |
|
|
5. Көрпемен науқасты жауып, аяғына қыздырғы қояды, ыссы шәй не кофе беріп жылытады; |
0,5 |
||
6. Қызу тез төмендесе көпшігін алып науқас бас жағын төсекте төмендетеді; |
0,5 |
||
7. Қан қысымын, тамыр соғысын бақылайды ; |
0,5 |
||
8. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
||
15
|
Ауыр науқастарды тамақтандыру |
|
|
|
1. Науқасқа жағымды дауыспен өз іс қимылдары туралы төзімділікпен түсініктемелер береді, оның түсінбегенің сұрауға мүмкіндік береді; |
0,5 |
|
|
2. Науқастың қолын жуады немесе қолын ылғалды сүлгімен сүрледі, кеудеге шағын орамал жаяды; |
0,5 |
|
|
3. Жылы тағамды төсек жанындағы шағын столға не тумбочкаға қояды; |
0,5 |
|
|
4.Науқасты ыңғайлы орналастырады (отырғызады не жартылай отырғызады) |
0,5 |
|
|
5.Науқас қасына ыңғайына қарай отырып, аз аздан асықтырмай тағамды талмап жұтуға мүмкіндік беріп тамақтандырады; |
0,5 |
|
|
6.Егер науқас төсекте отыра алмаса, оның басын студент көпшігімен бірге сол қолымен көтереді де, оң қолымен тамағы бар қасықпен тамақ береді не сұйық тағамдарды шүмекті ыдыспен ішкізеді; |
0,5 |
|
|
7.Шүмекті ыдыспен не стаканнан «Г» тәрізді түтікпен қажетінше сұйықтықты ішкізеді; |
0,5 |
|
|
8.Тамақтандырып болған соң ыдыстарды, шағын столды жинап, ауруға аузын шайдырады, қолын жуады; тағам қиқымдарын жинап, науқасты төсекке жатқызады. |
0,5 |
|
