Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаға кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
780.8 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.01.14

Шығарылған күні:

«Клиникаға кіріспе» кафедра

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

3 бет 19

Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибе атауы: Кіші мейірбике көмекшісі

Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Курс: 1

Сағат саны:______

Дайындаған Манаева М.А.

Астана 2012

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген

№___хаттамасы «____» _________ 20____ ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Каркабаева А.Д.

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген

№___хаттамасы «____» _________ 20____ ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Каркабаева А.Д.

1. Кіріспе

«Клиникаға кіріспе» - бұл пән науқаспен клиникада жұмыс істеудің арнайы принциптеріне,яғни науқасты күтуге және бақылауды жүзеге асыруға,қажетті күтім және бақылауды,мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды,манипуляциялық тәсілге үйретуді,науқасқа дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге үйретеді.

Пән маңызы болып интегралды жүйеге жоғары медициналық білімі бар маманды дайындауды қамтамасыз ету,медициналық көмектің барлық кезеңдерінде және сатыларында мамандандырылған тұрақты стереотипті дайындау болып табылады.

Пәнді оқудағы обьект болып мамандандырылған қызметтің барлық жағдайы және түрлері табылады, яғни науқасты жалпы күту бойынша медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын емдеу және диагностикалық оң тиімді үрдісті қамтамасыз етуге бағытталады.

Оқыту тәсілі болып науқасты күтудің теориялық негізін ұғыну,тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, жағдайлық есептерді шығару, манипуляциялық тәсілдерді үйренуге оқыту, емдеу-сақтау мекемелерінде мейірбикелік үрдісті қоюды үйрену, емдеу-сақтау мекемелерінде оқу-өндірістік тәжірибені өткізу және ұйымдастыру табылады.

2. Тәжірибенің мақсаты:

- «Клиникаға кіріспе» пәнін оқу барысында студенттер алған білімін және дағдыларын жетілдіру, науқас күтімін жақсарту және емдеу-профилактикалық мекемелердегі санитарлық, эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету.

3. Тәжербие алдындағы тапсырмалар:

  • емдеу-профилактикалық мекемелерінің құралымдары жұмысы, олардың ішкі жұмыс кестегі туралы білімін толықтыру;

  • емдеу-профилактикалық мекемелерінің санитарлық, эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету туралы білімін толықтыру және жетілдіру;

  • науқастарды қабылдау, тіркеу және санитарлық тазалау ережелерін, антропометриялық өлшеулер туралы білімін, дағдыларын толықтыру жіне жетілдіру;

  • залалсыздандыру жұмысымен танысу, медициналық аспаптарды және науқасты күтіміне қажетті заттарды тазарту сатыларын үйрену жіне дағдыларын толықтыру;

  • ауырлығы әртүрлі деңгейдегі науқастарды бақылау және олардың кұтімі дағдыларын толықтыру және жетілдіру;

  • науқастардың жеке гигиенасы сақтауын және науқас денесінің ойылуының алдын алуды қамтамасыз ететін дағдыларды толықтыру және жетілдіру.