- •Емтиханның II кезеңіне арналған емтихан сұрақтары
- •5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
- •11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
- •14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
- •16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
- •18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
- •19. Сорокин әлеуметтануы.
- •32. Құжаттарды талдау.
- •37. Медицина әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтанулық білімнің бір саласы ретінде.
- •38. Кестені толтырыңыз.
- •39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
- •41. Тұлғаның даму теориялары.
- •42. Қоғамның анықтамасын беріңіз. Қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық әдістері(басқа ғылымдармен салыстырғанда).
- •44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.
- •45. Экономикалық мінез-құлық.
- •47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.
38. Кестені толтырыңыз.
Сұрау түрлері |
Сұрақтардың сипаттамасы |
Сұрақтардың мысалдары мен үлгілері |
Ашық |
|
|
Жабық |
|
|
Жартылай жабық |
|
|
Сұрақ-меню |
|
|
Баламалы |
|
|
Сапалық шкаланы пайдалану сұрақтары |
|
|
Номинальды шкаланы пайдалану сұрақтары |
это наиболее простой грубый уровень измерения. Эта шкала может зафиксировать наличие или отсутствие признака в изучаемом пространстве переменных. |
Как Вы считаете, какая идея сегодня могла бы вдохновить людей, сплотить их во имя общих целей? |
Сұрақ-ранжирлеу |
бар деректерден мәліметтер жинаудан, мекемелерге барудан, материалдарды оқып білуден және институционалдық зерттеулерден басталады. |
Барлық алынған ақпараттардан алынған мәліметтерді жинаудан кейін, құбылмалардың типтері мен сандары таңдалады. Сонан соң, индикаторлар стандартталады. Соңында, есептеулер жасалынады және жоғары оқу орындары «рейтинг ретімен» сұрыпталатындай етіп салыстырылады. |
39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:
Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді.
Белгілерінің күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды неғұрлым кең ауқымды екі ішкі тапқа, бұқаралық және топтық қауымдастықтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Бұқаралық қауымдастықтар мынадай белгілерімен сипатталады:
белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;
оларға жағдайға қарай өмір сүру тән, яғни олар қандай да бір қызметтің негізінде және шекарасында құрылып, қызмет атқарады, олардан тыс болуы мүмкін емес, сондықтан да тұрақсыз, бір жағдайдан екінші жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады;
оларға құрамының әртектілігі, топаралық табиғат тән, яғни бұл қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекараларды бұзады;
өзінің аморфтық құралуы салдарынан олар неғұрлым қалың қауымдастықтар құрамында болуға, олардың құрылымдық бірлігі болуға қабілетсіз. Бұқаралық қауымдастықтардың типтік үлгісі қалың саяси немесе экологиялық қозғалысқа қатысушылар, эстрада жұлдыздарына бас июшілер, спорт командаларының жанкүйерлері және т.с.с.
Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының әлеуметтануда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін). Бұдан әлеуметтік топты үшінші, бұдан да тар мағынасында түсіну қажеттілігі келіп шығады, ол көбінесе солай болады да.
40. Әлеуметтік нормалардың және жазалаулардың түрлерін атаңыз, яғни олардың құқық бұзушылығының салдарын атаңыз.
Әлеу-к норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның,әлеу-к топтың н-е ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шапралары.Оның заңдарына мораль мент этикет ж.е т.б жатады.
Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозициялардымазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап).
Жазаның түрлері:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 39-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін
