Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_2_etap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.06 Mб
Скачать

32. Құжаттарды талдау.

Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді:

  1. Дәстүрлі әдіс талдау ретінде құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі.

  2. Қалыпқа келтірілген әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.

Тәжірибе – бақыланатын және басқаралатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі.

Екі түрге бөлінеді:

  1. Табиғи (далалық, лабораториялық);

  2. Ойша (үлгілік).

Сауалнама - әлеуметтік деректерді сұрақ-жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады.

Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең тараған әдісі. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге білуден тұрады.

Интервью (ағылш. interview - әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты әлеуметтік зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.

Құжат - мәтінді, таспада, дискетте және с.с-да белгіленген ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.

Құжат түрлерінің жіктемесі:

НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ

1.Белгілеу тәсілі:Мәтіндік,иконографилық,статистикалық,фонетикалық.

Өнер, баспа, фото киноқұжаттар, магнитафон, жазбалар, ЦСУ (ОБЖ) жинақтары

2. Мәртебесі (авторлық):Ресми,Бейресми

Қаулы, бұйрықтар, жоспарлар, хаттар, күнделіктер

3.Бірегейлену дәрежесі:Жеке,Жеке емес

Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар және басқалар; есептер, анықтамалар, мұрағаттар

4. Функциональды:Ақпараттық:Реттегіш

Статистикалық есептер, заттама, бұйрықтар, телефонограммалар

5. Мазмұны:Тарихи.Құқықтық.Экономикалық және басқалары

Оқиғаны сипаттау, оқиғаны бағалау жағдайды белгілеу

6. Ақпаратқа жақындық дәрежесі:Бастапқы,қосалқы

Стенограммалар анықтамалар, жинақтаулар

Құжаттарды талдау кезінде ресми құжардың ресми емес құжаттарға қарағанда барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн. Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда: жалпы және арнайы) және қалыпқа келтірілген ( мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама). Дәстүрлі талдау ретінде «құжатты белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі... іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі».

33. Қазақстандық телевидения каналдарының жаңалықтар бағдарламаларын салыстырыңыз. Олардың айырмашылықтарын айтыңыз.

  • саяси білімдері бойынша

  • хабарларды толығымен жеткізуі бойынша

  • жүргізушілердің стилі бойынша.

34. Экономикалық социологияның негізгі категориялары.

Басқа да арнайы социологиялық теориялар сияқты экономикалық социология да әлеуметтік қатынастарды зерттеуде түсіп отырған саласының мәнін ашатын жалпы социологиялық категориялар мен өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарды қолданады. Ғылымның бұл саласын алға тартып отырған көптеген категорияларға байланысты келесі топтарға бөлуге болады [14].

1) Жалпы ғылыми (тұжырымдамалық) категориялар - құрылым, жүйе, функция, процесс, байланыс, тұрақтылық, өзгерушілік, даму және т.с.с. Олар жалпы әдістеменің тілін құрайды, экономикалық және әлеуметтік салаларды, экономикалық қатынастар мен процестерді реттеудің әлеуметтік механизмдерін сипаттау құралы ретінде қолданылады.

2) Жалпы әлеуметтік категориялар, басқа да әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған. Айталық, экономикалық теориядан - нарық, өндіріс, тұтыну, айырбас, бөліп беру, жеке меншік, бәсекелестік, жұмыспен қамту, трансакциялар және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Философиядан - қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет; әлеуметтік психологиядан - ұжым, тұлға, дәлелдеу, сәйкестендіру; жалпы социологиядан - әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым, стратификация және басқалар.

3) Өзіндік ерекшелігі бар категориялар экономикалық социологияның жеке категориялары болып табылады, оның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды (экономикалық әрекет, шаруашылық ниеттемесі, экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, таптаурындар, келісім-шарттық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық қолдау жүйелері және т.б.) танып білудегі амалдарды білдіреді.

Социологиялық зерттеу барысында бұл категориялар операциялық процестен өтіп, эмпирикалық талдауға жатқызылады. Мысалы, шаруашылық ниеттемесі, нарықтық өзгерістерге көзқарас, мамандық пен іс-әрекет түрін таңдаудағы түрткі себеп, ресспондент үшін жұмыс орнының түрлі сипаттамаларының маңыздылығы, оның жоғары жалақысы бар жұмыс табуға ұмтылысы, кәсіпкерлікке көзқарасы және басқалар сияқты эмпирикалық индикаторлар көмегімен анықталады.

Экономикалық социологияның категориялар жүйесі келешегі бар экономикалық-социологиялық мектептер мен бағыттардың дамуының арқасында баий түседі. Олардың қатарына экономикалық жүріс-тұрыс, рационалды таңдау, адам капиталы, жаңа институционализм теориясы және басқалары кіреді.

35. Дәстүрлі және баламалы медицина арасындағы шекарадан өткізуге бола ма? Өздеріңіздің жауаптырыңызды негіздеңіз, шаманизм, бақсылық, емшілік мысалдарын келтіріңіз.

Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм,фетишизманимизммагия түрлері бар.

Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік діндерден бүрынғы жөнжоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты нәрсебақсы мен бақсы жүргізетін салтжоралғылар. Бақсы әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған.Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын қүрайды.

 Бақсылық – шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді»«аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.

36. Мәдениет және әлеуметтік нормалар.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИЕТ — күнделікті тұрмыс ырқымен дарып, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын әрі бүкіл қоғамның немесе әлеуметтік топтың аясында тәжірибені екшеп, реттеуге қызмет ететін, белгілі бір байланыстағы адамдар үшін ортақ болып саналатын әлеуметтік мәні бар құндылықтардың, мінез-құлық нормалары мен қағидаларының, түсініктердің, нанымдар мен дәстүрлердің жүйесі.  Бүкіл қоғамның емес, оның бір бөлігінің мәдениеті туралы айтқан кезде, социол. ғылымында “субмәдениет” ұғымы жиі пайдаланылады. Бұл әлдебір әлеум. топтың немесе қауымның (мыс., таптың, ұлттың, ұлыстың, т.б.) мәдениеті болуы мүмкін. Әрбір жекелеген қоғам аясында баршаға ортақ немесе жұртшылыққа жетекші мәдениетпен қатар бірнеше субмәдениетте өмір сүре алады. Мәселен, ҚР-дағы жалпы қазақстандық мәдениет шеңберінде орыс, неміс, татар, ұйғыр, әзербайжан, түрік, армян, т.б. субмәдениеттері; мұсылмандар, христиандар, иудашылар, т.б. қауымның ерекше мәдениеттері; қала мен ауыл тұрғындарының мәдениеті; жұмысшылардың, интеллигенциясының, кәсіпкерлердің, т.б. мәдениеттері өмір сүруде. Сондай-ақ, бүкіл қоғамның жетекші мәдениетіне қарама-қарсы контрмәдениет те (мыс., 20 ғ-дың 60—70-жылдарындағы Батыста болған ағын саналатын “хиппилер”, 70-жылдары КСРО-да болған жастардың рок-музыкасы) осы субмәдениеттің бір түрі.

Ә. м-тің аса маңызды бөлігі — әлеум. құндылықтар мен әлеум. нормалар  болып саналады. Әлеуметтік құндылықтар дегеніміз — жұртшылық мойындаған мінез-құлықтық стандарттар, яғни діттелген мақсаттар және де осы мақсаттарға жету жолдары мен құралдары жөніндегі қоғам не әлеум. топ қолдаған иланымдар. Әлеум. құндылықтар — адамдар мен олардың топтары арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жемісі. Осы қарым-қатынастар барысында жеке адамның, әлеум. топтың, не тұтастай қоғамның мұқтаждығын, мүдделерін, тілегін қанағаттандыруға әлдебір әлеум. құбылыстың немесе процестің қабілеттілігі байқалып, бағаланады. Әлеум. реттеудің басты элементі ретінде әлеум. құндылықтар оның жалпы, стратег. бағытын айқындайды. Мәселен, демокр. қоғамдағы аса маңызды әлеум. құндылықтар қатарына, әдетте, бейбітшілік, адамдардың бостандығы, теңдігі мен туысқандығы, ар-ожданы мен абыройы, әлеум. әділеттілік, ынтымақтастық, азаматтық борыш, материалдық игілік, рухани байлық және т.б. жатқызылады. Әлеум. реттеу жүйесіне жалпы элемент ретінде қатысатын әлеум. құндылықтар өзгеше, бірақ өзіне ізбасар элементті әлеуметтік нормаларды туындатып, негіздеме қалайды. Егер әлеум. құндылықтар адамдардың мінез-құлқының жалпылама, стратегиялық реттелуін айқындаса, ал әлеум. нормалар адамдардың нақты тұрмыс-тіршілігіне қолдануға қаделі мінез-құлықтың шектерін анықтайды. Яғни, әлеуметтік нормалар дегеніміз — мінез-құлықтың, үміттің ережесі және белгілі бір мәдениет-құндылықтарына  сәйкес адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық өмірді реттеуші әрі қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын нығайтушы стандарттар. Әлеум. нормалар әр түрлі негіздемелер бойынша бөлінеді. Қоғам өмірін құндылық-жосындық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық және моральдық нормаларға бөлудің маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде, кейде мемл. немесе әкімш. нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты заңи нормаларды, санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұндайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдің, жеке адамның имандылық парызының күшімен қамтамасыз етіледі. Ал, әлеум. нормалар тек заңи және адамгершілік нормаларға ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпы мен жосындары  дәстүрге де арқа сүйейді.

36. Ұғымдар мен анықтамалардың арасындағы сәйкестіктерді көрсетіңіз.

Ұғым

Анықтамалар

Барлау зерттеу

Әлеуметтанулық талдаудың күрделі анағұрлым түрі, құбылыстың және оның құрылымдық элементтерін біртұтас зерттеу

Аналитикалық

зерттеу

Әлеуметтік топтардың өзгерістерін анықталған біртұтастық ретінде зерттеуге бағытталуы

Жазбаша зерттеу

Белгілі бір анықталған уақыттағы арнайы жиынтықтарды зерттеу

Трендлік зерттеу

Бірлік зерттеу, кез келген құбылыстың немесе процестің оны оқыту сәтінен бастап информация мен сандық сипаттама беруі

Панельдік зерттеу

Бір немесе бірнеше объектінің бір уақытта өзгеруін зерттеу

Когорттық зерттеу

Анықталған процесс пен құбылысты алдын ала зерттеуге қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]