- •Емтиханның II кезеңіне арналған емтихан сұрақтары
- •5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
- •11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
- •14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
- •16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
- •18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
- •19. Сорокин әлеуметтануы.
- •32. Құжаттарды талдау.
- •37. Медицина әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтанулық білімнің бір саласы ретінде.
- •38. Кестені толтырыңыз.
- •39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
- •41. Тұлғаның даму теориялары.
- •42. Қоғамның анықтамасын беріңіз. Қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық әдістері(басқа ғылымдармен салыстырғанда).
- •44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.
- •45. Экономикалық мінез-құлық.
- •47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.
18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
А.Индивидтің, топтың немесе әлеуметтік объектінің әлеуметтік жағдайын өзгертуі
Б. Иерархиялық баспалдақпен жоғары төмен жылжуы
С. Кәсіби карьера.
19. Сорокин әлеуметтануы.
. Сорокин әлеуметтануы. Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді. П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән. П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.
20.“Шығыс өркениеті әлем құрылымына емес, адамның ішкі жетілуіне арналады. С Адам қоршаған ортамен емес өзімен-өзі күресті”. (“Шығыс дана сөзі”). Бұл ұғым тұлғаның әлеуметтенуі концепциясына қатысты ма?
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Әлеуметтендіру дегеніміз қоғамда қалыптасқан меңгеру және жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік-экономикалықт құрылысына сәйкес қоғамдық рольдер системасына қосу болып табылады.Бұл ұғым тұлғаның әлеуметтенуіне қатысты деп ойлаймын.Себебі, адам тұлға болып қалыптасуы үшін өзін тани білуі керек.Яғни,адамның ішкі жетілуі тұлғаның әлеуметтенуіне әсерін тигізеді.
22. Бұқаралық коммуникациясысының ерекшелігі.
. Бұқаралық коммуникациясысының ерекшелігі. Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады.
22. Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі .Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберуші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі. Ал коммуникациялық құралдарға нақты газеттер, журналдар, күнтізбеліктер жатады. Бұлар мұнымен қатар коммуникация басқа да қызметтер атқарады. Баспасөз арналары бойынша таратылатын, басылған мәтін ақпаратты тасушы болып табылады. Ақпарат берудің мұндай тәсілі көптеген артықшылықтарға ие:Олар мыналар1) оқырман белгілі бір материалдардың, газет немесе журналдардың кең мазмұны мен және қайсыбір материалдардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік алады.Ол мәтіндегі ең маңызды бөліктерін сақтап қалуға,өзін қызықтырған тақырыптар бойынша мәліметтер базасын құру мүмкіндігі бар; 2) оқырман баспа өніміндегі ақпаратты қайталап оқу үшін,терең талдау және игеру үшін қайта орала алады
23. Әлеуметтік мобильділік қандай болады?
Мобилділік - қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы. Тік мобильділік-адамның мәртебесінің иерархиялық тәртіппен жоғарыдан төмен немесе керісінше өтуі.Көлденең молбильділік-адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратасының сол деңгейде бола тұра бір әлеуметтік топтан 2-не өтуі. Ұжымдық мобильділік- адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобилділік – адамның бір топтан екінші түріне өтуінің кезкелген түріМобилділік - қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы. Тік мобилділік белгілі бір иерархиядағы статустың өзгеруі.әлеуметтік орта өзгергенмен статустың өзгеріске түспеуі.Көлденең мобилділік мысалы, ҚарМУ ОҚЫТУШЫСЫ -----------> ҚарМТУ ОҚЫТУШЫСЫКөлденең мобилділік мысалы, ЛЕЙТЕНАНТ--> КАПИТАН--> МАЙОР--> ПОДПОЛКОВНИК--> ПОЛКОВНИК .
П.Сорокин тік мобильділіктің мынадай жалпы белгілерін жасақтаған:
1. Әлеуметтік топтар абсолютті жабық, не оларда экономикалық , саяси және кәсіби бағыттағы тік мобильділік болмаған қоғамды көре алмаймыз; 2. Тік әлеуметтік мобильділік абсолютті еркін және бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өту ешқандай қарсылықсыз жүзеге асқан қоғам болған емес; 3. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы бір қоғамның шеңберінде әртүрлі тарихи кезеңде өзгеріп отырады.; 4. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы бір қоғамның шеңберінде әртүрлі тарихи кезеңде өзгеріп отырады; 5.Тік мобильділіктің көрінуінің үш түрінде де не үдеу не төмендеу бағытындағы тұрақты өзгерістер жоқ.
Көлденеңінен______ индивид бір әлеуметтің позициядан екіншісіне ауысады ___________________________________
Мәжбүрленген________________________________________
Индивидуальдық_______________________________________
Тігінен _ индивидтің бір ортадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильділік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.
___________.
24. Әлеуметтік зерттеулердің кезеңдері.
II. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдеріҚоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).
Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрле дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).
Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.
Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады
25. “ Р. Мертон, Қылмыс қалыпсыз жағдайларға қалыпты адамдардың қалыпты реакциясы”. Осы пікірге комментирий беріңіз?
26. Макросоциологиялық теориялар
. Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады.
27. М.Вебердің легитимді үстемдік типтеріне сипаттама беріңіз. Төмендегі таблицаны толтырыңыз:
-
Үстемдік типі
Ашық -легальды
Дәстүрлі
патриархальды
сословный
харизматикалық
Мемлекет типі
Мемлекет басшылары типі
Әкімшілік аппарат типі
Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.
Легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер
Саяси биліктің легитимділігі
Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:
1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;
2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
28. Әлеуметтанудағы тұлға үғымы
индивидд дегеніміз-қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз қажет. Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді. Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.
29. Отбасының қызметтерін көрсетіңіз:
Отбасының әрекет ету сферасы |
Әлеуметтік қызметтер |
Жеке қызметтер |
Репродуктивтік |
|
|
Жыныстық |
|
|
Әлеуметтену |
|
|
Әлеуметтік статустық |
|
|
Социомәдени |
|
|
Эмоциялық |
|
|
Экономикалық |
|
|
Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б."Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас
30. Әлеуметтік медицина пәні мен мақсаттары.
Медицина(лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. «әлеуметтік медицинаның» өзі соңғы екі жылда өзіндік біліктерге бөлінді. Ал олардың жеке пәні, әдістері мен тапсырмаларының шешуінің өзінің ерекшелігі бар.
Бұқаралық медицина – бұл заңды түрдегі тұлғалармен жұмысты қалайды; еңбек коллективінің денсаулығының жағдайымен шұғылданады Зерттеу пән
Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Кезеңдері алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 — 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 — 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі.
31. Ағылшын социологы Э. Ботт, жұбайлар арасындағы рөлдердің бөлінуін зерттей келе, қорытындыға келген, яғни рөлдер шектеулі немесе ұқсас. Қандай әлеуметтік жағдайлар рөлдердің бөліну сипатына ықпал ететінін көрсетіңіз?
32. Құжаттарды талдау.
