- •Емтиханның II кезеңіне арналған емтихан сұрақтары
- •5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
- •11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
- •14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
- •16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
- •18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
- •19. Сорокин әлеуметтануы.
- •32. Құжаттарды талдау.
- •37. Медицина әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтанулық білімнің бір саласы ретінде.
- •38. Кестені толтырыңыз.
- •39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
- •41. Тұлғаның даму теориялары.
- •42. Қоғамның анықтамасын беріңіз. Қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық әдістері(басқа ғылымдармен салыстырғанда).
- •44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.
- •45. Экономикалық мінез-құлық.
- •47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.
14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
А. Әрбір кедей өзінің жағдайына өзі жауапкершілікті сезінеді, өйткені кедейшілік адамның белгілі әрекеттерінің нәтижесі.
Б. Кедейшілікке мемлекет жауап береді, яғни ол белгілі бір саяси экономикалық шешімдердің нәтижесі.
15. М.Вебер әлеуметтануы.
М.Вебер әлеуметтануы. Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады. М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек.М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы ұстанымын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе жеке адамның жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материал-дық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды
Берілген мәртебе _ Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленгенмәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты.
Жеткен мәртебе__ Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).
. Әдетте, адамды басқа адамдармен сәйкестендіретін немесе оның өзін-өзі сәйкестендіретін мәртебелерінің бірі – басты мәртебе, сол адамның өзіне тән болады. Басты мәртебе салыстырмалы түрде алынады – ол адамның жынысына, нәсіліне немесе кәсібіне байланысты емес.
Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі – адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі – адамның шағын (әдетте, бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі – үлкен әлеуметтік қауымдас-тықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі – оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.
Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын дәреже деп аталады [16]. Жеке адам бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, не болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік мәртебемен байланысты
Үнемі мәртебе____________________________________________
Уақытша мәртебе_________________________________________
Формальды мәртебе_______________________________________
Формальды емес мәртебе ___________________________________
17. Г. Спенсердің әлеуметтануы.
О. Конттың ой – пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 – 1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой – пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) Әлеуметтік эволюция идеясы.
Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.
