- •Емтиханның II кезеңіне арналған емтихан сұрақтары
- •5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
- •11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
- •14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
- •16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
- •18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
- •19. Сорокин әлеуметтануы.
- •32. Құжаттарды талдау.
- •37. Медицина әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтанулық білімнің бір саласы ретінде.
- •38. Кестені толтырыңыз.
- •39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
- •41. Тұлғаның даму теориялары.
- •42. Қоғамның анықтамасын беріңіз. Қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық әдістері(басқа ғылымдармен салыстырғанда).
- •44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.
- •45. Экономикалық мінез-құлық.
- •47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.
11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өміре қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаулардың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
12.Әлеуметтік институттардың қызметтерін олардың типтері бойынша талдаңыз. Мысалдар келтіріңіз:
Қызметтері |
Институттардың типтері |
Репродукция ( қоғамды біртұтас және оның жекелеген мүшелері мен жүмыс күшін өндіруші ) |
Некелік отбасылық; Мәдени; Білім беру. |
Қоғамның мүшелерінің мінез-құлықтарына бақылау жасау |
Саяси, құқықтық , мәдени институттар |
Шиеленістерді реттеу қызметі |
|
Материалдық игіліктер мен ресурстарды өндіру мен бөлу |
Экономикалық |
Билікті пайдалануды реттеу |
Саяси |
Қоғам мүшелерін физикалық қауіптен қорғау |
Әскери, құқықтық, медициналық, полиция және сот |
|
|
13.Ақпараттарды жинаудың әлеуметтанулық әдістері. Ақпараттарды жинау кезінде табиғи жағдайдағы әлеуметтік құбылысты тікелей жолмен зерттеу әдісі. Социологиялық сұрау - белгілі бір адамдар тобына сұрақтар қою арқылы жүргізілетін алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық сана кұбылыстары туралы немесе жай фактілер, окиғалар, үрдістер жайлы ақпарат алу.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
- зерттеуге дайындық;
- бастапқы ақпаратты жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Құжаттарды талдау;
Бақылау;
Тәжірибе жасау;
Сауалнама жүргізу (ауызша – интервью, жазбаша – сауалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).
.
