- •Емтиханның II кезеңіне арналған емтихан сұрақтары
- •5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
- •11.Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері.
- •14.Екі дұрыс ұғымдар бар. Неге? Олар бір уақытта дұрыс болуы мүмкін. Мүмкін қандай да бір нұсқасы бар ма?
- •16. Әрбір мәртебеге мысал келтіріңіз:
- •18. Анағұрлым толық анықтаманы таңдаңыз: Әлеуметтік мобильділік- бұл:
- •19. Сорокин әлеуметтануы.
- •32. Құжаттарды талдау.
- •37. Медицина әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы әлеуметтанулық білімнің бір саласы ретінде.
- •38. Кестені толтырыңыз.
- •39. Қоғам құрылымындағы әлеуметтік қауымдастықтар.
- •41. Тұлғаның даму теориялары.
- •42. Қоғамның анықтамасын беріңіз. Қоғамды зерттеудің әлеуметтанулық әдістері(басқа ғылымдармен салыстырғанда).
- •44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.
- •45. Экономикалық мінез-құлық.
- •47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.
5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы.
5.Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы. Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы: 1.Жалпы әлеуметтанулық теориялар: -Қоғамдық қатынастардың мәні; -Қоғамдық қатынастардың арнайы ролі мен өзара әрекеттесу механизмі; -Қоғамның субъектілеріне қатысты қоғамдық қатынастар (әлеуметтік-таптық, ұлттық, демографиялық, тұлғалық қатынастар) 2. Арнайы (жеке) әлеуметтанулық теориялар: Қоғамдық өмірдік жекеленген салаларының; Әлеуметтік топтардың; Әлеуметтік институттардың теорияларын қамтиды 3. Нақты әлеуметтанулық теориялар: Статистикалық материалдардың; Әлеуметтік зерттеулердің; Практикалық талдамалардың нәтижелерін қамтиды Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері: Танымдық; Дүниетанымдық; Практикалық; Ғылыми-әдістемелік; Идеологиялық; Құндылықты-бағалаушылық Сыни
Әлеуметтанулық білімнің құрылымына жататындар: 1. Біртұтас ағза ретіндегі қоғам туралы білімдер, оның ішінде қоғамдық қатынастардың жүйесі, мәні, өзара әрекеттесу механизмдері туралы білімдер. 2. Қоғамның жекеленген салалары туралы білімдер мен теориялар. 3. Жекеленген елдің, этноқауымдастықтың әлеуметтік құрылымы туралы білімдер мен теориялар. 4. Саяси әлеуметтануға қатысты теориялар. 5. Әлеуметтік институттарға қатысты теориялар мен көзқарастар
6.Берілген түсініктердің мазмұнын ашыңыз.
Анықтама |
Мазмұны |
Ғылым объектісі |
өзіндік қасиеттері бар, белгілі бір ғылым саласы зерттейтін объективті және субъективті шындықтың бөлігі |
Ғылым пәні |
ғалымдар өздерінің зерттеу объектісі етіп алатын шындықтың бір бөлігінін абстрактылы түсініктерінің жиынтығы теориялық формадағы зерттеу объектісінің көрінісі; ғылыми ойлаудан туған зерттеу объектісінің моделі. |
Макросоциология |
грекше makros — үлкен) — социология ғылымының күрделіәлеуметтік процестерді зерделеуге, ірі әлеуметтік топтар мен жүйелерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты |
Микросоциология |
(грек. mіkros – кіші) –социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестердіталдауға бағытталған зерттеу бағыты. |
Орта деңгей теориясы |
ортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалықзерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белтілі бір бөліктері шекарасына олардың арасындағы өзара байланысын камтамасыз ететін әлеуметтанутеориялары |
Салалық теориясы |
|
7.«Әлеуметтік» түсінігі. Әлеуметтанулық заңдар мен категориялар. .«Әлеуметтік» түсінігі. Әлеуметтанулық заңдар мен категориялар. «Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді
8.«Әлеуметтік жүйе» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Біртұтастық, интегративтік сипаттамалары нені білдіреді? Әлеуметтік жүйе – бейөндірістік аяны білдіретін салалар жүйесі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады.
9.Әлеуметтанудың қызметтері. Әлеуметтану функциялары-Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады 2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты; 4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді; 5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
10. Берілген түсініктердің мазмұнын ашыңыз?
Түсініктер |
Мазмұны |
Класс немесе тап |
Қоғамдық байлық,өкімет,әлеуметтік беделге қолы жету межерлері бойынша басқалардан айрықшаланатын үлкен әлеуметтік топ. |
Страт немесе қабат |
|
Каста |
әлеуметтік тұрғыда: қоғамдық өмірдің едәуір күрделі құбылысы, оны барынша "оқшаулық өлшемдеріне құрылған қатаң иерархиялық қоғамдық бөлінудің" мінсіз типін іздеушілер тым қарабайландырып жіберді. |
Стратификация |
әлеуметтік престиж,мамандық,табыс,білім,билік құрылысына қатысу сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік теңсіздігі және дифференциация. |
Әлеуметтік құрылым |
[лат. structura - қүрылым] - қоғамның неме¬се әлеуметтік топтың ішкі қүрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олар¬дың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы. |
Әлеуметтік мобильділік |
адамдардың бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларға өтуі,олардың престижділігі,табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжыуы немесе төменіріек иерархиялық позицияларға қарай жылжуы. |
Мәртебе |
қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір құқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. |
Әлеуметтік дифференциация |
|
