Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_2_etap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.06 Mб
Скачать

44. Төмендегі ғылымдарды иерархиялық жағдаймен қойыңыз.

Биология, Астрономия, Химия, Математика, Физика, Социология.

1.Математика

2.Физика

3.Химия

4.Биология

5.Әлеуметтану(О.Конт әлеуметтануды «ғылым иерархиясының негізі»етіп қойды)

6.Астрономия

45. Экономикалық мінез-құлық.

Экономикалық мінез-құлық адамның іс-әрекетінің, қызметінің субъективтік жағын құрайды. Адамның мінез-құлқы оның өз алдына қойған мақсатын терең білу, оны жүзеге асыру арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Адам ісінің мазмұны біршама қатаң ережеге негізделеді де, оның өндірістегі көрінісі және басқаларға әсері төмен болады.Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса,оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте қажеттібағытта жүргізуге зорықпалын жасайды. Екінші жағынан,өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтк реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.

46. Адамдар қоғамды құрайды, егерде оларды біріктіретін жағдайда, одан да күшті нәрсе оларды ажыратады. Адамдар бірігеді... Түсінікті анықтаңыз, қоғамды құрайтын факторларды атаңыз.

47. Әлеуметтік ұйымдардың түсінігі.

Әлеуметтік ұйым - нақты мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар арасындағы әрекеттің реттелген үйлесімді тәсілі. Әлеуметтік ұйымдар дегеніміз белгілі бір әлеуметтік топтар мен индивидтердің мүддесін білдіріп, оны қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, мүшелерінің арасында еңбек бөлінісі жүзеге асқан, төменнен жоғарыға дейін тұрақты ұйымдық құрылымы бар, өзін-өзі басқаратын азаматтардың бірлестігі. Ұйымның барынша қарапайым анықтамасы ‑ бұл екі немесе одан көп индивидтер іс-әрекеттерінің саналы үйлестірілген жүйесі. Бұл анықтамада ұйымның екі маңызды сипаттамасы бар: әлеуметтік ортақтық, бірлік (әлеуметтік қауым белгілі мүшелері бар ұйымнан тұрады) және қауымдастықтың мақсатты қызметі.         Әлеуметтік ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Ұйымдық құрылымның негізгі өзегі  билік ‑ басқару қатынастары болып табылады. Сондықтан бұл құрылымда басқарушы блок (басшы немесе тиісті функцияларымен, штатымен басшылар) және орындаушылар блогы болады. Әлеуметтік ұйымның ең жоғары формасы мемлекет болып табылады.         Ұйымдар әкімшілік, қоғамдық және формалды және формалды емес типтерге бөлінеді. Әкімшілік ұйымдар құрылымдарының қатаң және жоғары деңгейімен, директивті бекітілген мақсаттарымен  ерекшеленеді. Қоғамдық ұйымдар  адамдардың ерікті бірлестіктері болып саналады. Бұлардың басқаларға қарағанда демократиялылығы басымдау болады. Ал формалды ұйымдар – бұл функциялары, құқықтары және міндеттері  қатаң белгілеген қоғамның әкімшілік негізі болып табылады. Неформалды ұйымдар кездейсоқ құрылған екі түрлі болады. Біріншісі мақсаттары айқын емес кездейсоқ құрылған адамдар жиыны да, екіншісі мақсаттары айқын, барлық талаптар мен орындаушылық тәртіппен ерекшеленген қылмыскерлердің болмаса діни ұйымдары.    Сонымен қатар әлеуметтік ұйымдар мынадай түрлерге де бөлінеді: 1.  Қоғамдық-саяси мүдделерге сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. 2. Экономикалық мүддеге қарай құрылған ұйымдар. 3. Таптық белгісіне сәйкес құрылған ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). 4. Қызмет түріне қатысты құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни және т.б.).

48. Кестені толтырыңыз:

Қоғамның сипаттамасы

Қоғам типтері

Дәстүрлік

Индустриалды

Постиндустриалды

1) экономиканың үстемдік секторы

экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы — ауыл шараушылығы

Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік

Өндіріс

ақша,

қызмет көрсету

білім

Әлеуметтік-экономикалық табыс бүгінгі күндері білім мен технологияға бағынышты

2) байлықтың негізгі қайнар көздері

ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

қоғам байлығының қайнар көзі тауар, ақша қатынастарында болды

3) әлеуметтік стратификацияның негізгі типтері

жіктелуі аз, қауымдық рулық, тайпалық кезеңдерді басынан өткерген

аристократиялық игі-жақсылар, құлиеленушілік, феодалдық, яғни, индустриялыққа дейінгі қоғамдарға тән

"бай игі-жақсылар" (индустриалды қоғамның капиталистік игі-жақсылары)

"білімді игі-жақсылар" (постиндустриалды қоғамға сәйкес келеді).

4) негізгі мамандықтар

мәдени реттелуі дәстүрге негізделген, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар

білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы

билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Меритократия (сөзбе-сөз «лайықтылар билігі», лат. meritus — лайықты және көне грекше: κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық ауқаттылығына тәуелсіз, басқарушы лауазымдарды ең қабілетті адамдардың иеленуін ортаға қоятын басқару қағидасы. Көбінесе, екі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы арнайы қамқорлық астындағы дарындардың арасынан басқарушылардың тағайындалуын жүзеге асыратын жүйеге сәйкес келеді. Кеңірек тараған екінші мағынасы дарынды және еңбекқор адамдарға еркін бәсекелестік жағдайында жоғары қоғамдық мәртебеге иеленуге мүмкіншілік беретін алғышарттарды ұйғарады.

әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда — корпорация, постиндустриялдыда — университет.

49. Әлеуметтік институттардың айқын және жасырын қызметтері.

Әлеуметтік институттардың айқын және жасырын қызметтері.

Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық,шіркеулік,үй. Әлеуметтік институт қызметтері

-Қоғамдық қатынастарды дамыту және біріктендіру қызметі. Әрбір институттың өзінің мүшелерінің тәртіптерін бекітетін және сол тәртіпті реттейтін ережелер мен нормалар жүйесі бар. Осығын сәйкес әлеуметтік бақылау институттардың әрбір мүшесінің қызметі қалай жүріп жатқанын көрсетеді. Институт қоғамның әлеуметтік құрлымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

-Регулятивті қызметі. Мұнда әлеуметік институттардың қызметелуі қоғам мүшелерінің арасындаға қарым-қатынасы реттеуд қамтамасыз етеді. Адамдардың барлық мәдени өмірі оның әртүрлі институттарға қатысуымен жргізіледі. Ол қандай қызметпен айналысса да оның сол саладағы тәртібін реттейтін институтпен қақтығысады. Егер қандай да бір қызмет реттелмесе, адамдардың өздері оны институтциялайды. Сондықтан институтардың көмегімен адамдар әлеуметтік өмірде стандартталған тәртіпті бейнелейді.

- Интегративті қызметі. Бұл қызмет институционалды нормалар мен ережелердің, рөлдердің әсерімен жүретін әлеуметтік топтардың мүшелерінің бір біріне тәуелділігі мен жауапкершілігінің қақтығысу процесін қамтиды. Институттарды көмегімен жүзеге асырылатын интегративті процестер билікті жүзеге асыру үшін, күрделі ұйымдарды құру үшін, адамдардың жүйеленген қызметі үшін қажет. Интеграция дегеніміз ұйымның жандану жағдайы мен оның мүшелерінің мақсаттарының сәйкестену әдісі

. -. Трансляция қызметі Әрбір институт жаңа адамдармен толығып отырады. Бұл институттың әлеуметтік шекараларын кеңейтумен және ұрппақтың ауысып отырумен байланысты. Осыған байланысты әрбір институтта оның құндылықтары мен нормасына дағдыланып қалған механизмдер бар. -Коммуникативті қызметі. Институтта шығарылған ақпарат, институт ішінде және институттың арасында да таралуы тиіс.Коммуникативті байланыстың өзінің спецификасы бар. Бұл институттардың рөлдер жүйесінде жүзеге асырылатын формальды байланыстар. Зерттеушілердің айтуынша институттың коммуникативті мүмкіндіктері бірдей емес: Мысалы біреулер арнайы ақпарат беруге арналса (БАҚ), ал басқаның бұған мүмкіндіктері өте аз. Бір институттар ғылыми мәліметтерді қабылдаса (ғылыми институтар) ал басқалары әлсіз қабылдайды. Институттың ашық қызметі өте қажетті. Олар кодекстерде жазылады, статустар мен рөлдер жүйесінде бекітілген. Егер институтар ашық қызметтерді ақтармаса, ол дезорганизацияланады.

-Латентті қызметі. Латентті қызметті қолдануда американдық оқулықтарда Генри Фордтың қызметі келтіріледі. Бұл адамның негізгі мақсатынан тыс,жоспарланбаған нәтижелері және олар қоғам үшін маңызды болуы мүмкін.

50. КЕЙС – МЕТОДты шешіңіз :

Байлар қоғамда позитивті, прогрессивті қызметтерді орындайды, олардың ақшалары елдің экономикасына жұмыс істейді, олардың тұтынулары елдің экономикасына дамытуға үлес қосады, олардың өмірілк стандарттары аз қамтамасыз етілгендердің үлгісі бола алады? Бұл Қазақстан Республикасының байларына қатысты ма?

2. «Салыстырмалы және абсолютті кедейшілік» ұғымдары бар. Олардың арасындағы айырмашылықтар қандай? Ғалымдардың дәлелдеуінше, адамдар абсолютті кедейшілікте емес, салыстырмалы кедейшілікте өздерін сенімсіз сезінеді. Неге?

3. Әлеуметтік саясат барлық елдерде кедейшілік рельефін өзгертуге бағытталған, бірақ оны жоюға емес. Неге?

Жауабы: Қоғамдық кұрылысқа байланыссыз-ақ, ол кез келген коғамға тән болды. Саяси және әкімшілік кұрыл-ғыдағы ерекшелік кедейшілікті анықтаудың түрлі дәрежесін көрсетеді. Оның кейбір жақтары барлық дерлік елдерде байқалады. Кедейшілік деп индивидтің (отбасының) қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ететін, нақты қажетті ресурстар саны аз болып табылатын жағдайды түсінеміз. Жалпы, «кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану ғылымына француз социоэкономисі Ж.Прудон енгізген. Адам өз организмінің физиологиялық мұктаждықтарынан туындайтын, өз қажеттіліктерінің ең төменгі әлеуметтік мұқтаждықтарын камтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс ахуалы «абсолютті кедейшілік» деп анықталады. Ал, «салыстырмалы кедейшілік» дегеніміз, қоғамда белгіленген әл-ауқаттың стандартқа сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдар тобы жатқызылады.

Кедейшілік. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған.

  • Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады. Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына қолданылады.

  • Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда, абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды. Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.

Отбасы күнкөріс үшін жеткілікті қаржы табуы мүмкін. Бірақ бұл олардың жылы баспанада тұруға немесе барған сайын қажет болып отырған, үзақ пайдаланылатын теледидар немесе тоңазытқыш секілді тұтынушылық тауарлар алуға, яғни қоғамдық қызметке қатысуға немесе бос уақытын басқалар секілді қанағат алатындай өткізуге жеткілікті қаржысы бар деген сөз емес. Олар "қоғамдастықтың әдеттегі әлеуметтік өмірінен бірте-бірте шеттеп қала берді. Абель-Смит пен Таун-Сенд салыстырмалы кедейшіліктің көрсеткіші ретінде отбасының жағдайын әлеуметтік қорғау (әлеуметтік жәрдем төлемдері) дегенмен салыстырып, жұрттың 15 пайызы кедейшілікте тұратынын ашты

Елде казіргі кезенде жүргізіліп отырған элсуметтік саясаттың негізгі максаты кедейшілік деңгейін төмендету жэне коғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табы-лады. Экономикалык өсу халыктың әл-аукатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ, элеуметтік проблемаларды шешу үшін мынадый шаралар-ды қолдану қажет:

Бірінші, табыстар саласында ең төменгі элеу-меттік кепілдіктерді камтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік кажеттіліктер мен қызметтердің элеуметтік кажетті деңгейіп көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Азаматтардың төлемдерінің жана түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сактандырудың эртүрлі нышандары және т.б. Осының бэрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа кұрылымына көшу қажеттігін алға тартады, онын үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеу-ге көшуі үшін ресурстык мүмкіндіктері ұлғаюда; екінші, сала аралык және сала ішілік деңгейде, мемлекеттік жэне жекеменшік секторлар арасын-да, сондай-ақ, кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жагдаіііар жасау (еңбекке акы төлеудің ең төменгі мөл-шері рөлін күшейту, еңбекке акы төлеудің ең төменгі, орта жэне ең жоғары деңгейлері арасын-дағы аракатынасты реттеу, салык салу жүйесін жетілдіру жэне т.б.); үшінші, республикада орта таптың ңалыптасуы жөніндегі саясатты калыптастыру мен жүзеге асыру. Осы максатта халыктың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын кұру, шағын жэне орта бизнесті колдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, мсншіктің коргалуыпа кепілдікті күшейту жэне т.б. жөніндегі шаралар кажет; төртінші, ауылдағы еңбекпен қамтылу кұрьшымының индустрияльщ еңбектің үлесін ұлғайту жағына карай оңтайландыру қажет.

\

6 беттің 28 беті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]