- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Ж.Ж. Жарылқасын, а.М. Жарылқасынова, г.М. Елеусинова
- •Әскери гигиенаның таңдамалы мәселелері
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1. Әскерде санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастырудың гигиеналық негіздері
- •2. Дала жағдайындағы әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері
- •3. Дала жағдайындағы әскерлердің тамақтануын ұйымдастыру және бақылау жүргізу негіздері
- •Тамақтанудың кейбір жүйелерінің кемшіліктері мен артықшылықтары.
- •Орталықтандырылған тамақтанудың артықшылығы:
- •2. Кемшілігі:
- •Төтенше жағдайларда тамақтануға байланысты қойылатын талаптар.
- •4. Құрлықтағы әскерлердің негізгі бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы
- •5. Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер:
- •25.02.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
2. Дала жағдайындағы әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері
Сумен қамтамасыз ету жұмыстарының дұрыс жүзеге асырылуы жеке құрамның тұрмысы мен өмір жағдайына бірден-бір әсер ететін маңызды факторлардың бірі.
Сумен қамтамасыз етудің негізгі міндеті – әскерді дер кезінде үздіксіз сумен қамтамасыз ету және оның бекітілген нормаларға сәйкес сапалық, сандық көрсеткіштерін қадағалау. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз етудің арнайы әскери-далалық нормалары қолданылады.
Нормалар 2 компоненттен тұрады (кесте 1):
Шаруашылық – ауыз қажеттіліктері үшін.
Санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін.
Кесте 1 - Жеке құрамның суды пайдалануының тәуліктік нормасы (литрмен 1 жауынгерге есептегенде)
№ |
Суды пайдалану түрі |
Қоңыр салқын ауа райында (+ 25 ОС –ге дейін) |
Ыстық ауа райында (+ 25 ОС –ден жоғары) |
|
Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне |
||
1 |
Шай дайындау үшін және флягтағы су қоры |
3,0 |
4,0 |
2 |
Тамақ дайындау мен |
3,0 |
3,5 |
3 |
Ас үй ыдыстарын жуу үшін |
2,0 |
2,5 |
4 |
Жеке ыдыстарын жуу үшін |
1,0 |
2,0 |
5 |
Нан пісіру |
1,0 |
1,0 |
6 |
Жуынуға |
5,0 |
7,0 |
7 |
Күнделікті сумен ысынуға |
5,0 |
10,0 |
|
Барлығы |
20,0 |
30,0 |
|
Санитарлық-тұрмыстық қажеттілікке |
||
1 |
Жеке құрамның жуынуына |
10,0 |
14,0 |
2 |
Кір жуу үшін (2 кг) |
20,0 |
20,0 |
3 |
Медициналық қажеттілік |
4,0 |
6,0 |
4 |
Тұрғын жайларды және қоғамдық орындарды жинау, санитарлық өңдеу үшін |
6,0 |
10,0 |
|
Барлығы |
40,0 |
50,0 |
|
Қорытынды |
60,0 |
80,0 |
Ескерту: Төтенше жағдайларда (3 тәуліктен ұзақ емес) жеке құрамның суға деген тәуліктік нормасы қоңыр салқын ауа райында 3,5 л, ыстық ауа райы жағдайында 6 л. Ыстық құрғақшылық аудандарда бір адамға шаруашылық-ауыз суы мұқтаждарын өтеу үшін тәуліктік ең төменгі нормасы 25 литрден кем емес мөлшерде қарастырылады.
Егер норманы қысқарту қажет болса, онда физиологиялық мақсаттар үшін емес, шаруашылық және санитарлық- гигиеналық қажеттерге арналған судың мөлшерін қысқартады. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжатта судың нормасын температура мен еңбектің ауырлығына байланысты қолдану қажеттігі көрсетілген.
дене салмағы бойынша судың 1-3%-і жойылғанда шөлдеу орын алады, бірақ адамның жұмысқа қабілеттілігі жойылмайды.
судың 3-5%-і жойылғанда жұмысқа қабілеттіліктің (соғысқа қабілеттілік) сәл төмендеуі, ұйқышылдық, бас ауру, температураның көтерілуі байқалады.
судың 5-10%-і жойылуы соғысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, қанның ұюына, зат алмасудың бұзылуына әкеледі.
15-20%-інің жойылуы әскери бөлімнің толық соғысқа қабілеттіліксіздігіне әкеліп соғады.
20-25%-інің жойылуы қауіпті және өлім жағдайына әкелуі мүмкін.
Қазақстан мен Орта Азия жағдайларында әскерді сумен қамтамасыз етуді санитарлық-гигиеналық бақылау ерекшеліктері. Орта Азия мен Қазақстанның климаты ыстық аудандары адамдарының суға деген жоғары қажеттілігін қанағаттандыру, олардың қалыпты өмір сүруінің басты жағдайы болып табылады. Суға деген қажеттіліктің өсуі жылдың ыстық уақытында жылу алмасуда басты рөл атқаратын булану мен тердің түзілуі шығынына байланысты. Ыстық климат жағдайлары организмдегі зат алмасу процестерінің қарқындылығы мен сипатына әсер етеді. Сыртқы ортаның жоғары температурасына қарқынды инсоляция мен бұлшық ет күшінің жұмсалуы (жылу өндіру), бәрінен бұрын жылу реттеу аппаратына үнемі күш түсіреді. Бір тәулікте жылу бөлу 8-10 л дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда әскерді жеткілікті сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету – бірінші дәрежелі маңызды міндет.
Ыстық климатта суды қолданудың тәртібі мен нормасы туралы мәселе ұзақ уақыт талқылауға түсіп, өзінің шешімін тапты. Қатты терлеу организмнен көп мөлшерде сумен минералдық тұздардың, әсіресе хлорлы натрийдің шығарылуын туындатады. Организмдегі суды ұстап тұратын хлоридтер қоры азайған соң, ішілген тұщы су тек тер мен нәжіс арқылы шығарылып отырады. Термен бірге организмнен тұздардың шығарылуының нәтижесінде дегидрадация және деминерализация процестері жүре бастайды. Шөлдеген сайын ішілген тұщы су дегидратация мен деминерализацияны күшейте түседі.
Сондықтан, судың организмнен шектен тыс көп бөлінуімен күресу үшін ішілетін судың мөлшерін азайтып, шығарылған тұздың орнын толтыру қажет. Дегенмен соңғы 10-15 жыл ішінде отандық және шетелдік ғалымдардың әскерге жүргізген эксперименттік зерттеулері мен байқаулары ыстық уақытта адамның теріс су балансының демалу кезінде қайтадан қалпына келетінін көрсетті. Тердің 40-50%-і бөлінуі ішер судың мөлшерін көбейтеді, егер су ішу шектелмесе, онда ыстықта жұмыс істеп жүрген адамдар тәуліктің жартысында дегидратация жағдайына душар болады.
Шөлдеу организмде судың жетіспеуінен оптимальды осмостық қатынастың бұзылуының нәтижесінде пайда болды. Организмдегі судың тапшылығы көптеген жағдайда дененің температурасының көтерілуіне, пульстің жиілеуі, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Тердің әрбір тамшысы ерте ме, кеш пе орны су ішумен толтырылуы тиіс. Мүшелер мен тіндердің суға деген қажеттілігін жаттықтыру арқылы азайтуға болмайды. Су тапшылығы су алмасуын реттейтін нерв жүйесі орталығының қозуын туындатады.
Шөлдің білінуі дәрежесі су тапшылығы шамасына байланысты. Ол неғұрлым күшті болса, соғұрлым шөлді қандыру үшін судың мөлшері көп болуы қажет. Адам қатты шөлдеген кезде бір ішкенде өте көп су ішуі мүмкін, нәтижесінде асқазанның толып тұруынан жағымсыз сезім пайда болады (төс шеміршек астындағы ауырлық, демалыстың қиындауы, әлсіздік). Дегенмен бұл құбылыстар уақытша, егер адам су ішкеннен кейін 10-30 минуттың ішінде демалса бұндай құбылыстар болмайды. Әдетте адам шөлдеген кезде 150-200 мл- ден артық су ішпейді. Асқазан-ішек жолының рецепторларының рефлекторлық сигналының арқасында ішектен су сіңіріліп, осмостық өзгерістерді қалпына келтіргенше уақытша шөлді басу үшін осы мөлшердегі су жеткілікті.
Қатты терлеген кезде шығарылатын сұйықтықтың мөлшерінен судың ішілуінің аз болуы бірнеше себептерден түсіндіріледі. Термен бірге тұздың жойылуы белгілі бір дәрежеде, олардың абсолютті қорын азайтады. Осмостық қысымның тұрақтылығын сақтау үшін тіндерге аз ғана су мөлшері талап етіледі. Сонымен әрбір 1 гр көмірсуға, оны колоидты жағдайда ұстап тұру үшін 3 гр байланған су мен тотығудың соңғы өнімі 0,56 гр тотыққан су керек. Майлар тотыққан кезде 1,07 гр тотыққан су, белоктар тотыққан кезде 0,4 гр тотыққан су бөлінеді. Түзілген эндогенді су шөлден пайда болатын суға деген сұраныс шамасына әсер ете отырып, алшмасу процестеріне түседі.
Су ішу тәртібінің негізгі ережесі: жиі және шөлдеген кезде аз мөлшерде шөлді қандырғанша ішу керек. Су ішуді емес, әскерлердің еңбегін ұтымды ұйымдастыру жолымен тердің бөлінуін реттеу керек (неғұрлым ауыр жұмыстарды қоңыр салқындау уақытқа ауыстыру, ауыр жұмыстарды механикаландыру) жеке құрамды тасымалдау, транспорт қолдану.
Ішетін су мөлшері метеорологиялық жағдайларға, бұлшық ет жұмысы ауырлығына, киімнің түріне, тамақтық рацион құрамына байланысты және бір тәулікте 1,5-2 литрден 8-9 л дейін болады. Байқаулар нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан әскер қызметкерлерінің жаздың ыстық айларында ауыр жұмыстарды орындаған кезде 9-10 л (шайды қоса), орташа ауырлықтағы жұмысты істеген кезде 6-7 л, жеңіл жұмыстарда 5 л су ішетіндігі анықталған. Бұдан басқа тамақ дайындау үшін 3 л су және осындай шамада әрбір солдаттың жуынуына кетеді. Сондықтан әскердің суға деген сұранысы бір тәулікте нормасы 10-11 л – ден 14-15 л шамасында ескерілуі керек. Сонымен бірге, ыстық тағаммен әрбір әскер организміне 1,5 л мөлшерінде сұйықтық түседі. Осы орайда, әскерді құрғақ паекпен тамақтандырғанда судың тиісті мөлшерін ескеру қажет. Суы аз жерлерде әскерлердің далалық оқу мен қимыл-әрекеттері жүретін аудандарда суды өндіру, сақтау мен тасымалдау қиындықтарын ескере отырып, бір тәулікте адамдардың суды қабылдау динамикасын құрастырған жөн. Суға тапшылық әдетте күннің бірінші жартысында болады. Шөлдеу дене салмағының 1-1,5 пайызын құрайтын су жойылған кезде пайда болады. Одан әрмен ыстықта әрбір сағат сайын ішілетін судың мөлшері, жойылатын тердің мөлшеріне сай өсе береді. Су тапшылығы тамақ ішу барысында және демалса қалпына келеді, су ішу түнгі сағаттарда да жалғаса береді. Сондықтан ұзақ уақыт демалатын және түнейтін жерлерде ішетін судың мөлшері барынша мол болуы тиіс.
Неғұрлым күрделі жағдайларда оңтайлы физиологиялық қажеттіліктерге сай келетін су мөлшерін қамтамасыз ету мүмкін емес болғанда, суды ішуді шектеу аз уақытқа ғана болу керек: суды 2 л-ге дейін шектеу 24 сағаттан аспауы керек, ал 4 л-ге дейін азаюы екі тәулікен аспауы керек. Су мөлшерін қысқартуға мәжбүр болған барлық жағдайларда жылу өндіру, яғни бұлшық ет жұмысы ауырлығын азайту қажет. Ол үшін әскери қызметкерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыру керек. Әрбір 100 ккал метаболиттік жылу шығаруда 173 г тер бөлінуі қажет. Мысалы, бір сағатта 300 ккал күш жұмсалса, жылу тепе-теңдігі 500 г тердің бөлінуі мен тиімді булануы жағдайында сақталады. Егер адам қажетті су мөлшерін ішсе, онда тердің бөлінуі жұмыс қабілеттілігін жеткілікті деңгейде сақтағанда дене салмағының 12-15 %-ін құрайды. Егер ішілген су тер арқылы жойылған судың жартысының ғана орнын толтырса, онда су тапшылығы пайда болады.
Ішетін сұйықтың құрамының да маңызы жоқ емес екендігі белгілі. Термен бірге жойылған натрий хлоридінің орнын толтыру мақсатында ауыз судың тұздандыру ұсыныстары да көп айтылған болатын. Бірақ, ауыз суға тұз қосу орынсыз. Татымы бойынша салынған тағамдағы ас тұзы адамның тәуліктік физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тұз қосылған су, әсіресе жылы судың дәмі жағымсыз, шөлді қандырмайды, қатты терлегенде жылу бөлу шамасына мүлдем әсер етпейді. Бір тәулікте 6-7 л тер жүйелі түрде жойылса, рациондағы минералды тұздардың қажет мөлшерін үнемі бақылау керек. Сондықтан стационарлық әскери асханаларда, далалық ас үйлерде, құрғақ және апаттық паектар құрамында ас тұзы болу керек.
Жоғары температуралық жағдайда жұмыс істейтін адамдарға наннан жасалған квас, құрғақ жидектер қайнатпасы, жеміс шырындары, шие қайнатпасы, белоктық-витаминді сусындар берілуі керек. Мұндай сусындар жылы күйінде де дәмі жақсы және құрамында суда еритін витаминдер сақталып, ас қорыту сөлінің секрециясын жақсартады. Орта Азияда жалпы сергіту әсеріне қабілетті көк шай ішу кеңінен таралған. Әскерлерде қышқыл дәмі бар және құрамында С витамині бар түйе тікенегі қайнатпасын дайындау қолға алынып жүр. Стационарлық әскери ас үйлерде дайындалатын әр түрлі сусындарды, әсіресе, шайды ас ішкен сайын шектемей беру керек. Дегенмен бұл сусындардың маңызы өте зор емес. Қатты терлеген кезде шөлді тек ішілетін сумен ғана жоюға болатынын айтып кету орынды.
Әрбір солдат пен офицер флягтарында суды сақтағандары жөн және мүмкіндігінше сумен қамтамасыз ету пунктері арқылы үнемі толықтырып отырғаны дұрыс. Күтпеген кездейсоқ жағдайларда, мысалы, жаппай уланулар мен жұқпалы ішек аурулары пайда болған жағдайларда шұғыл қажеттілік туындауы мүмкін. Суды пайдалануда солдаттардың жоғары саналылығы мен офицерлер құрамының талаптардың қатал сақталуын талап етуі - әскерлердің санитарлық жағдайларын жақсартудың маңызды элементтерінің бірі.
Дұрыс ұйымдастырылған сумен қамтамасыз ету солдат пен офицердің жеке бас гигиенасын жоғары деңгейде ұсталуына мүмкіндік береді.
Климаты ыстық, жазы шаңды Орта Азия мен Қазақстанда санитарлық және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшін өте көп су мөлшеріне сұраныс тұрақты. Судың жеткілікті мөлшерде болуы, душтардың шомылуға арналған бассейндердің пайдаланылуына толық мүмкіндік береді. Бұл адамның тіршілігі мен климатқа бейімделуін жеңілдетеді.
Ыстық өту мен дегидратацияның алдын алу жолдары:
жылу бөлуді азайту шараларын жүргізу (жұмысты ұтымды ұйымдастыру, физикалық күш түсіруді азайту)
жылу беруді күшейтетін жағдай жасау (киім асты кеңістігін желдету, киімді ылғалдандыру, су процедураларын қабылдау, ішетін сумен жеткілікті қамтамасыз ету)
сыртқы ортадан жылудың түсуін шектейтін шаралар жүргізу (тәуліктің неғұрлым ыстық уақытында жұмыс істемеу, күннен қорғану шаралары, ауа айналымын жақсарту, 37 0С жоғары температурада киімді шешуге тыйым салу)
жауынгерлер арасында дене қызуын, тамырдың соғуын өлшеу (температура 38 градустан жоғары, пульс минутына 140-тан артық болуы ыстық өткендігін білдіреді).
Климаты ыстық аудандарда әскерлердің суды пайдалану мен тамақтануына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына аса көңіл бөлу қажет. Суды пайдалануды ұйымдастыруға қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар организмнің дегидратациясын болдырмауға бағытталуы керек:
әскерді ыстық климатты ауданға арналып бекітілген сапалы су нормасымен қамтамасыз ету;
әрбір 30-60 минут сайын 200-300 мл-ден ауыз суын жүйелі түрде қабылдау;
қатты шөлдеген кезде 300-400 мл суды аздап ұрттап, ауыз қуысында шамалы ұстап жұту. Егер шөл қанбаса, көрсетілген мөлшердегі суды әрбір 20-30 минут сайын қайталап қабылдау;
шай және суды салқын күйінде ішу мүмкіндіктерін пайдалану (18-20 градус), сонымен қатар су мен шайға қосылатын жеміс-жидек сусындарын пайдалану;
суды жөнсіз және артық мөлшерде қолдануға, тексерілмеген су көзінен су ішуге тиым салу.
Соғыс уақытында сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз етудің маңызы зор және мынадай міндеттерді қарастырады:
Әскери бөлімнің жеке құрамының соғысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Техника мұқтаждығын сумен қамтамасыз ету.
Қазіргі кездегі армияны су көзі жеткілікті болса да сумен қанағаттандыру өте қиын.
Ал құрғақ климатта, су көздерінің біршамасы қатардан шыққан кезде, жаппай жою қаруын пайдаланғанда суды тасып пайдалану қарастырылады. Әскерді сумен қамтамасыз етуде су көзінің уландырғыш, радиоактивті, биологиялық заттармен бүлінуі қиындықтар туғызатыны анық. Сол себептен, су көзін тексеруден өндіруге дейін, яғни, тазалауда, сақтауда, жеткізу мен таратуда барлық талаптарды бұлжытпай орындау қажеттілігі туындайды. Жаппай жою қаруын қолданған жағдайда апатқа ұшыраған су көздері суымен қамтамасыз етуге жол бермеу керек. Әскерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қарастырылуы тиіс.
Соғыс жағдайында судың минималды нормалары қолданылады (кесте 2). Оның мөлшері ауа райына байланысты тәулігіне 5,5 л – 9,0 л аралығында болады.
Кесте 2 – Жеке құрамның суға минималды қажеттілік нормалары (1 адамға), литр/тәулік.
Суды пайдалану түрі |
ауа райы + 25 ОС –ге дейін |
ауа райы + 25 ОС –ден жоғары |
Шай дайындау үшін және флягтағы су қоры |
3,5/2,5 |
6,0/4,5 |
Жуыну үшін |
1,0 |
1,0 |
Ас дайындау және жеке ыдыстарын жуу үшін |
2,0 |
2,0 |
Барлығы |
6,5/5,5 |
9,0/7,5 |
Ескертпе: 1) төменгі су нормасы жауынгердің 5-7 күнге ғана белсенді іс-қимылдарын қамтамасыз ете алады;
2) бөлінгіш мәні – қорғаныс кезінде, бөлгіш мәні – шабуыл кезіндегі мөлшер.
Далалық жағдайда әскерді сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Әскерді сумен қамтамасыз ету қызметінің міндеттері: сумен қамтамасыз етудің ұйымдастыруда жалпы жауапкершілікті бөлім командиріне жүктейді. Тікелей орындаушылары: инженерлік, химиялық әскерлер, тыл қызметі, медициналық қызмет.
Сумен қамтамасыз ету пункті мен суды тарату пунктерінен суды жеткізу тыл бойынша байланыс командирі орынбасарының міндетіне кіреді, ол суды тарату мен сақтауға жауап береді.
Инженерлік қызметтің міндеттері:
суға барлауды ұйымдастыру мен оған толық жауапкершілік алу;
суды өңдеу мен тазалау;
суды тазалаудың табельді құралдары мен қол құралдарын пайдаланатын сумен қамтамасыз ету пунктерін құру;
дезактивация мен уландырғыш заттардан зиянсыздандыру бойынша шараларды орындау жұмыстарын инженерлік әскердің арнайы бөлімімен орындалады (суы терең орналасқан суы аз аудандарда).
Химиялық қызмет сумен қамтамасыз ету пунктерін құру аудандарында химиялық және радиациялық барлауды жүргізу.
Медициналық қызметтің міндеттері:
су көзін барлауға қатысқанда:а)су өндіретін аудандар жағдайын (УЗ, РБЗ, БЗ ластануы); ә)су көзіндегі судың сапасын бағалайды; б)суды қолдануға қорытынды береді; в) санитарлық қорғау аймағын анықтайды;
пункттерде суды тазалағаннан кейін оның сапасын бағалау;
әскердің сумен жабдықталуын бақылау және ауыз суының уақытша нормаларын жасауға қатысу;
қарапайым сумен қамтамасыз ету пунктерінде суды залалсыздандыру бойынша инструктаж жүргізу;
пункте қызмет көрсететін персоналдың денсаулығын бақылау;
жеке құрамды суды залалсыздандырудың дербес құралдарымен қамтамасыз ету.
Далалық жағдайда судың сапасына қойылатын талаптар (кесте 3).
Кесте 3 – Дала жағдайында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар.
№ |
Көрсеткіш |
Рұқсат етілген мөлшер |
1 |
Улы заттардың максималды рұқсат етілген шамасы: ядролық жарылыс өнімдері, мкКи/л |
20 артық емес |
2 |
Микробиологиялық көрсеткіштер: |
|
|
- жалпы колиформалы бактериялар, ЖКБ/100 мл-де |
Болмауы керек |
|
- жалпы микробтық сан, ЖКБ/1 мл-де |
100 артық емес |
|
Колифагтар, ЖКБ/100 мл-де |
Болмауы керек |
3 |
Органолептикалық көрсеткіштер: |
|
|
Мөлдірлігі, см |
20-дан артық емес |
|
Түстілгі, град. |
35-тен артық емес |
|
Лайлығы (бұлыңғырлығы), мг/л |
2-ден артық емес |
|
Иісі, балл |
3-тен артық емес |
|
Дәмі, балл |
3-тен артық емес |
|
Белсенді қалдық хлор, мг/л |
0,8-1,2 |
4 |
Химиялық көрсеткіштер: |
|
|
- мыс, мг/л |
3-тен артық емес |
|
- хлоридтер, мг/л |
350-ден артық емес |
|
- нитраттар, мг/л |
45-тен артық емес |
|
- минералдануы (құрғақ қалдық), мг/л |
1500-ден артық емес |
Ескертпе: 1)УЗ мен РБЗ ШРЕК-сы тиісті нұсқаулықтарда келтіріледі;
2) Нақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақыланатын көрсеткіштердің көлемін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекітеді.
Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.
Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру. Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.
Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:
судың артық қорын қолдану жолымен
тылдағы су пунктерінен тасу жолымен
әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.
Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.
Мәңгі мұз басқан (вечная мерзлата) аймақта сумен қамтамасыз етуде мұзды, қарды пайдаланады.
Тауда сумен қамтамасыз ету. Мұзды, қарды, бұлақтарды пайдаланады. Тауда ұзақ болған кезде және еріген қар суын пайдаланғанда 1 шелек суға 0,3 г езілген әк пен 1 г хлорлы натрий қосады.
Шөл далада сумен қамтамасыз ету. Минерализацияланған су, сульфаты көп су еріген ағын суға бірте-бірте (8-10 күн) айналады. ПОУ-3 (жылжымалы тазарту қондырғысы) бір сағатта 3,5 м суды дистиляциялайды. Суы аз, шөл далалық жерлерде әскер жүрген жерінде суды бөлу пунктері ұйымдастырылады.
Судың уландырғыш және радиобелсенді заттармен бүліну мәселелері. Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).
Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.
Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін.
Сұйық түріндегі УЗ-дың күштілігі олардың ұшпалылығына және гидролизге бейімделуіне байланысты (гидролиз УЗ-дың сумен әрекеттесу реакциясы, нәтижесінде УЗ бұзылады).
Неғұрлым күштілікке УЗ-дың жабысқақ рецептурасы ие. Суды дегазациялау практикасында УЗ-дың гидролиз құбылысын есте ұстау керек. Мысал ретінде фосген мен дифосген гидролизін келтіруге болады. Бұл кезде түзілген улы емес гидролиз өнімдері судың сілтілік резевтерінен тез бейтараптанады. Егер судың сілтілігі жоғары болса иприт суда усыз өнімдерге дейін гидролизденеді. УЗ гидролизін процесін оны химиялық өңдеу есебінен жеделдетуге болады, мысалы суды сілтілеумен. Кейбір УЗ гидролизінің процесін оны қыздыру жолымен жеделдетуге болады. Суды активті көмірмен өңдеу жақсы нәтиже береді.
Судың УЗ, РБЗ, БЗ бүлінуін тапқан кезде немесе күдіктенген жағдайда суды арнайы өңдеу керек.
