- •Дәріс тезисі.
- •Отқа төзімді модель дайындау
- •Бюгельді протездің дәнекерленген каркасын дайындау
- •Доғалы протезге тістерді орнату және базисін дайындау
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Көпіртектес протез дайындау барысында металлокерамикалық сауыттардың астына тістердің сауытты бөліктерін егелеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •Қаңқанын дұрыс киілмеу себептері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Жартылай алмалы-салмалы протездердің элементтері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Сүттістер мен тұрақты тістердің шығу реті мен уақыты Сүттістер.
- •Тұрақты тістер.
Доғалы протезге тістерді орнату және базисін дайындау
Протез каркасын дайындап, нақтылап тексерген соң, ауыз қуысындағы базисті жасауды бастайды. Жұмысшы гипс моделінен ерте жағылған изоляцияны алады, балауыз базесінің көмегімен орталық аклюзияда модельді құрастырады, аклюдаторға бекітеді. Каркасты модельге орналастырады және олардың тегістігін тексереді. Егер бұл кезде жабысу шекарасы болса, онда бұл аймақты жонады. Одан кейін ер тәрізді шекараларға жұмсарған балауыз пластинкасын орналастырады, одан кейін балауыз қатпай тұрып модельге қыздырылған металл каркасын орналастырады. Каркастын дұрыс салынғандығын барлық окклюзиондық бөліктердің жабысу тығыздығынан біледі. Тістерді орналастыру ережесі алмалы- салмалы пластинасы протездікі сияқты болады. Базисті мүсіндегенде жараның жиісіне назар аударамыз және доғаның каркасқа өту жолынан, пластмассаның ұсталынып тұруына назар аударамыз.
Балауызды пластмассаға ауыстыру үшін 2 әдісті қолданады:
1-ші әдіс: жұмысшы модельден балуыз композициясымен каркасты шешеді және кювета негізіне гипстейді. Бұл кезде ер тәрізді бөлімінің балауызы кювета қоры деңгейінде болуын қадағалайды, кламмерлер мен доғалар толық гипспен жабылу керек. Гипс қатқан соң 2- ші жартысының формасын алады.
2- ші әдіс бойынша тіс пен каркасты жұмысшы мүсінмен бірге гипстейді. Каркастың бірігіп орналасуының алдын алуды пластмассаны пресовка жасаған доғаның аймағында гипсті 5 мм қалыңдықта кесіп алып тастайық. гипстеу кезінде кюветаның гипсі осы алаңға өтіп жақсы ұсталынып тұрады, поляризация, полировка жасаймыз.
Толыққұйылған каркасты отқатөзімді модельде дайындау технологиясы.
Тәжірибеге отқатөзімді массадан құю өндірісін енгізуден керамикалық модельден балауыз репродукциясын алмастан күрделі протез конструкцияларын құюға мүмкіндік берді. Бұл кезде отқа төзімді масса мүсінделген протездің балауыз каркасының негізгі бөлігі болып табылады. Бұл әдістің мәні термиялық өңдеуде керамикалық модель кобальт және хром негізіндегі металл құймасының отыру коэффициентіне тең көлемге ұлғаяды. Отқа төзімді масса жеткілікті мықты болады, бастапқы гипстік модельді қайталайды.
Жоғарғы қаттылықтағы гипстен жасалған жұмысшы модельді дубликаттауға дайындау кезінде тірек тістер аймағын меже сызығына дейін балауызбен толтырады. Үлгіні қайтадан меже сызықтағы сияқты сондай иілуде параллелометр столына орнатады. Графит стержень пышақ тәріздіге ауыстырып, меже сызыққа дейін балауыз артығын кесіп тастайды. Отқа төзімді модельде келесі жұмысты жүргізу үшін барлық тірек тістерді меже сызығы деңгейінде параллель етіп жасайды.
Кламмерлер иығы орналастын орнында иықтың төменгі шетінде қиын балқитын бюгельді балауыздан баспалдақ жасайды, ол отқа төзімді массаға тура ауыстыруға мүмкіндік береді. Содан кейін осы балауызбен тірек тістерді қысқан соң , өткір шпательмен ұстағыш иықтың суретінің төменгі шетін кесіптастайды. Нәтижесінде баспалдақ жасалып, ол каркасты мүсіндеуден кейін отқа төзімді массада басылады.
Бөлу үшін протез доғасы мен шырышты қабат арасында қорғасын пластинкадан ажыратқыш қойылады. Ол біркелкі қалыңдықта болу керек, модельге тығыз жатып, беті тегіс болу керек. Төсеніш қалыңдығы тор орналасқан аймақта- 1,5-2 мм, доға астында – 0,5-0,8 мм болады, ол протез орны шырышты қабатының икемділігіне және тірек тістер қозғалғыштығына байланысты. Осылай дайындалған модельді бірнеше минутқа тесіктерден ауаны шығару үшін суық суға салады және мольдин немесе пластилин көмегімен резиналы негізді арнайы кюветаның дәл ортасына бекітіп, кюветаны жабады.
Гелинді ұсақтап кесіп, эмаль немесе фарфорлы қақпағы бар ыдысқа салып, 1 сағат уақытқа 80 градус С температурада еріту үшін суда қайнатады. 42-68 градус С дейін суытып, массаны кюветаның бір тесігіне басқа тесіктерден шыққанша құяды да, толық қатқаннан кейін суық суға салады. Кювета астын алып, массаны негізінде дөңгелектеп кеседі де, модельді абайлап итеріп шығарады. Форманың ортасына металл конус орнатып, отқа төзімді массадан модель құяды.
Отқа төзімді масса 1400-1600 С температураға шыдап, деформация бермеу керек. Шығарылатын “Силамин”, “Кристасил” және “Бюгелит” отқа төзімді массалары әртүрлі құрамды және соған сәйкес әртүрлі көлемді кеңеюдің термиялық коэффициенті болады. Массаны дайындау әдістемесі инструкцияда беріледі.
Отқа төзімді массаны вибрациялық столда 3-5 минут уақытта толтырады.
Модельді нығыздау және оның кеңеюін ұлғайту үшін қыздыру кезінде ауаны шығару үшін вакуумдық жағдайда жүргізу керек. Модель бетінен ылғал жылтырлық кеткен соң воронканы алып, форманы толық қату үшін 45 минутқа қалдырады.
Модельді формадан абайлап босатып, ауада ( 15-20 мин) , кептіргіш шкафта 180-200 С температурада (30 мин) кептіріп, бос жерлерді толтыру үшін химиялық өңдеу жүргізеді.
Суыған модельдің беті тегіс, қатты, біраз жабысқақ болады да, доғалы протез каркасының конструкциясын мүсіндеуге дайын болады.
Мүсіндеу алдында гипсті модельде отқа төзімді модельге доғалы протез каркасы элементтері сызбасын көшіреді. Кламмер иығын тура қайталау үшін алдын ала жасалған баспалдақтар көмек береді. Доға және шырышты қабық арасында саңылаудың болуына төсеніш ықпал етеді.
Отқа төзімді модельге балауыз бөліктерін салу алдында арнайы силиконды “Формадаент” матрицаларымен немесе жеке түрде жақсы қыздырылған бір қабат жұқа бюгельді балауызбен модельді жабады. Осылай балауыз композициясының модель бетіне тығыз жатуын қамтамассыз етеді. Бірдей қалыңдықтағы балауыз бөліктерін дайындау үшін арнайы пышақтар қолданылады, олардың көмегімен әртүрлі профильді балауыз бөліктері алынады. Олардан салыстырмалы жылдам доғалы протездің балауыз композициясын жасауға болады.
Кламмерлерді дайындау үшін 0,8-1 мм қалыңдықтағы балауыз жіптері немесе дайын матрицалар қолданылады.
Жоғарғы протез доғасын жартылай овал пішінді ені 4-5 мм балауыз бөліктерінен дайындайды.
Стандартты бөліктерді алған соң оны сызбаға сәйкес модельге салады. Құрама бөліктерін салған соң оларды балқыған балауызбен біріктіреді. Эвкалипт майымен бүртіктерді тегістеу үшін жағады. Майды ацетон немесе эфирмен жуып тастайды. Мүсіндеуді бітірген соң каркасқа балауыз литниктерін орнатады, оларды артқы жағына шығарады. Одан кейін литникті дұрыс дайындап, литник тесіктерін балауызбен толтырады. Содан кейін құюға жіберіледі. Отқа төзімді қабық балқыған металл (1700С) температурасына шыдауы керек.
Литниктерді алған соң шлифовка мен полировкаға жібереді. Дайын каркасты модельде балансировкасын тексереді.
Жоғарғы және төменгі жақта доғаны дайындаудың жалпы ережелері.
Доғалар қатты таңдай немесе альвеолярлы өсіндінің конфигурациясын дәл қайталау керек. Жоғарғы жақта доға қатты таңдайдың артқы 1/3 бөлігінде “А” сызығынан 10-12 мм қашықтықта орналасады. Бұл жағдайда доғаға тіл ұшы жетпейді және осы жағдайда доға сөйлеуге бөгет болмайды да, науқас протезге тез үйренеді.
Шырышты қабық пен доға арасындағы қашықтық 0,7-0,8 мм аспауы керек, әйтпесе доға сөйлеу қызметін бұзады. Анық торус болғанда, доғаның орналасуына көп көңіл бөлу керек, өйткені сол жерде доғаның әсерінен декубитальді жара пайда болады. Сондықтан доғаны жасау шырышты қабық икемділігіне байланысты болады. Альвеолярлы өсіндіде 6-7 тістер маңындағы доғаның шеттері торға кіріп, пластмассаның бекуіне байланысты шырышты қабықтан 1,5-2 мм қашықтықта болу керек, ол кеңістік пластмассамен толтырылады.
Орташа доғаның оптимальді ені- 3-10 мм, ал қалыңдығы- 0,9-1,2 мм болады.
Төменгі жақта доға алдыңғы тістер аймағында қызылиек шеті мен ауыз қуысы түбі арасында орналасады. Бұл кезде тіл үзбесінің барлық қозғалысында доғаға тимейтіндей етіп, доғаны иеді.
Төменгі жақта доға тістердің мойынынан төмен 1-1,5 мм қашықтықта альвеолярлы өсіндінің айқындылығына байланысты және ауыз қуысының түбіне 2-3 мм жетпейді.
Осының бәрін тексерген соң ғана каркасты ауыз қуысында тексереді. Каркасты дәлдеген соң оны термиялық өңдейді. Ол үшін каркасты отқа төзімді массаға және муфельді пешке салып, онда 15 мин 750 С температурада ұстайды. Пешті өшірген соң суытады.
Содан кейінгі лабораторлы этап балауызды базисті және жасанды тістерді жасаудан тұрады. Оны кюветаға салып балауызды пластмассаға ауыстырады. Протезді өңдеп, жылтыратады. Содан кейін протезді салып, протезді қалай қолдану туралы кеңес беріледі.
