Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhskiy_otvety111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.37 Кб
Скачать

1-билет

1)Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей 4 топқа бөлініп, 4 үлгі бойынша жіктеледі,1-ші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады; 2 топқа -а, -е, -й (бара, келе) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып) формалары көсемшелер жатады; 3-ші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; 4-ші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да. Жіктік жалғауы — қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жагынан қиыстырып түрады. Мысалы: Мен оқушымын. Сіз оқушысыз. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады

3.Дәріханада тақырыбына сұхбат құр.

Сәлеметсіз бе! Мен Сізді тындап турм.Маған жөтелді басатын дәрі беріңізшіҚайсынын алғыңыз келеді?Сізде Мукалтин дәрісі бар ма?Жоқ,мен сізден Амбробене берейін, Жарайд,Мына дәріліқ қанша тұрады?Екі жүз елю теңге,Рахмет,Сау болыңы

2-билет

1) Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. М-ы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы. Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

2) Мойыл Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды. Басты ем болатын аурулары мен оған қарсы жасалатын дәрілер:Қан қысымы көтерілгенде. Мойыл жемісі піскенде белгілі мөлшерде жинап алып, оған қант қосып қайнату қажет. Сосын тұқымын сүзіп алып, салқындағанында тамақ соңынан 0,250 литрден ішеді немесе қайнатылған кампотынан 1-2 қасық алып, бір кесе қайнаған суға араластырып, күніне бірнеше рет сусын орнына ішу қажет.Іш өту. Мойыл жемісінен қоймалжың дәрі қайнатады. Тамақ соңынан күніне 3 рет бір қасықтан жейді. Жемісін сол қалпында жесе де ем. Дәріні аурудың жағдайына қарай аз, көп мөлшерде жасайды. Басты құрамында мынандай заттар болады: жұмсартқыш зат, алма қышқылы, цитрит қышқылы, қант және басқа да заттар.

3-билет

1) құрмалас сөйлем Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті. Сабақтас құрмалас сөйлемКемінде екі жай сөйлемнен құралады.Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады. Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. Аралас құрмалас сөйлем,Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

2) «Терапевт дәрігерінің қабылдауында» диалог. Сәлеметсіз бе!Сәлеметсіз бе!Аты-жөнініз кім?Иванов И.И.Жасыңыз нешеде? 39 жас.Қай жеріңіз ауырады? Жөтелемін және тұмауым бар,Сырқатыңыз қашан басталды. Кешелі беріДене қызуыңыз бар маЖоқ.Сізге талдаулар тапсыру керек,Сіздің тұмау белгілері,Не істеу керек?Таңкурай тосабымен,балмен ыстық шай ішу керек 4-билет

1)Етістіктің шақтары.—іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін граммат категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады.Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.Осы шақтың 2 түрі бар:Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын)Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын). Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.3) Ауыспалы жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.

2) Жалбыз Жалбыздың түрлері көп. Қнда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады.Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.

5-билет

1) Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.

2) Амнезия еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. Амнезия үдемелі амнезия, бекімелі амнезия, ретроградтық амнезия және антероградтық амнезия болып бөлінеді. Анемия қан аздығы-ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ларингит— көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, ауа, т.б.) болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де Ларингит шалдықтырады. Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады.Стенокардия– жүректің сыздап, шаншып, сырқырап ауруының бір түрі.Жүректің ишемиялық ауруларымен науқастанатындарда жүрек бұлшық еттерінің қан тамырлары тарылуымен оған қан қажетті мөлшерден әлде қайда кем келеді де жүрегі қатты қысылып, ауру кенеттен ұстайды.Ол бірнеше секундтан 15 минутқа дейін созылуы мүмкін. Мұны жүрек талмасы деп атайды. Дерт жүрек бұлшық еттеріне қан келетін тәжді артерияның көбіне атеросклерозбен зақымдануынан болады

3. «Экология және адам денсаулығы» әңгіме құрыңыз.

Экологияға адам баласы барлық өмірі бойы тәуелді болады.Адамдар біздің елдеріміз экологияны жақсарту тырысады.Оқушылар мен студенттер жасыл отырғызуларды отырғызуға көмектеседі.Біздің қаламызда Жасыл ел уйымы бар, соның арқасында қаламыз өркендеп құлпырып жатыр,

6-билет

1)Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.Салыстырмалы шырай, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.Күшейтпелі шырай сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

2) Тұмау— өте жұқпалы ауру.Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс

7-билет

1) Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.

2) Дәрілік түймедақ - бір жылдық, Астралылар тұқымдасына жататын шөп тектес өсімдік. Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.Препараттар: Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сүйық экстракты мынжапырақ және қырмызыгүл экстрактарымен бірге «Ротокан» препаратының құрамына кіреді.

8-билет

1) Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

2) Баспа- көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. қоздырғышы -стрептококк бактериясы. суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді.. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін.. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компресс қою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор.

9-билет

1)Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Туберкулез– адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –Кох таяқшасы неміс микробиологы Р.Кох ашты. уберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

10-билет

1) Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы. Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте. Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.Жалаң туынды үстеулер-Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды, -ша, -ше, -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) т,б Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]