Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тех.монтаж ЕМТИХАН — копия.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472.58 Кб
Скачать

3. 220 В есептегішті резисторлы қосқышпен орнату.

5-билет.

1.Жартылай өткізгіш материалдар: өзінің электрлік қасиеті бойынша өткізгіштер мен диэлектриктердің арасынан орын алатын элементтер. Металдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер электсир тогын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық энергиясының ағымынмен өзгере алады. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгіштігімен салыстырғанда аз.Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды.Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай және жартылай өткізгіш негұрлым қатты жарықталынса, оның электр өткізгіштіг де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіш материалдарға сипаттама: қойылатын талаптар:құрылымының монокристалдығы,легирлеуші қоспалардың біртектілігі, атмоссфералық қысымға төзімділігі, температура әсеріне төзімділігі.Жартылай өткізгіш құрылғылар: тербелістерді күшейту үшін –тарнзисторлар. Айнымалы токты түзету үшін- диодтар. Жылу және күн энергиясын электрлікке айналдыру үшін – термо, фотоэлементтер. Электр энергиясын жарыққа айналдыру үшін – лазерлер, жарық диодтары. Температура датчиктері- термисторлар.

2.Қыздыру шамының сипаттамасы: Жарық беру электр қондырғыларының негізгі элементі - электр энергиясын жарық сәулесіне түрлендіруші шам болып табылады.

Қыздыру шамдарының жұмысы, оның негізгі элементі – қызу денесінің жұмысымен анықталады.

Қыздыру шамдарының негізгі сипаттамаларына олардың номинал кернеуі, электрлік қуаты, жарық ағыны, жарық бергіштігі және қызмет ету уақыты жатады.

3.Қондыру құралдарын монтаждау жолдарын көрсет: Жарықтандыру торапты құрастыруда үй-жайдың планында топтық қалқандардың, жарықтандырғыштардың, айырғылардың және розеткалардың орнатылу орындарын белгілейді. Жарықтандырғыштарды топтарға бөлу және үй-жай планына қоректендірулік және топтық желілердің жоларналарын түсіреді.Тоқ қабылдағыштарды жеке топтарға бөлгенде бір топта жалпы жұмыстық тогының 25 А-ден аспайтын немесе ДРИ,ДРЛ,қыздыру шамдары саны 20-дан, ал люминиценттік шамдардың саны 50-ден көп болмау.Розеткалардың қуаты аспап қуатына тең болу керек. Егер бұл қуат белгісіз болса, есептік қуатты 500 Вт деп қабылдайды.

6-билет

1.Қатты емес органикалық диэлектриктерге не жатады? Өткізгіш материалдар ретінде қатты денелер, сұйықтар, газдар қолданылады.Әдетте элеткротехникада қолданылатын қатты өткізгіш материалдар –металдар мен олардың қортпалары. Электротехникалық материалдар 4 топқа бқлінеді:

1)Электроизоляциялық (диэлектриктер) 2) Өткізгіштер 3)жартылай өткізгіштер

4)магнитті материалдар. Электротехникалық метариалдың қасиеттеріне мыналар жатады: механикалық, жылулық, физалық,химиялық, магниттік қасиеттерін айтуға болады.Диэлектриктер электр тогын өткізбейтін заттар. Техника үшін ерекше маңызы бар диэлектриктердің сипаттамаларының бірі-оның салыстырмалы диэлектриктік өтімділігі.Қатты денелердің электр өткізгіштігіне себеп болатын диэлектриктің өзінің иондары және кездейсоқ қоспалардың иондары, ал кейбір материалдарда бос электрондар да себеп болады.

2. Егер вольтметрдің кедергісі rв=3000 Ом болса, онда өлшеу шегін 4 есе арттыру үшін қосымша кедергісінің шамасы қандай болу керек. Вольтметрдің өлшеу шегін кеңіте түсу үшін өлшегіш механизмінің орамасына тізбектеп қосымша кедергі деп аталадын көп Омды кедергі жалғанады. Кернеуді өлшеу үшін вольтметр және микровольтметр қолданамыз. Бұл аспаптарды жүкке паралель жалғайды, сол себептіде олардың шамасы үлкен болуы мүмкін. Соған байланысты аспаптың пайдаланылатын энергиясы да аз болады да, жүргізілген өлшеудің дәлдігі артадды.Вольтметрге тізбектеп жалғануы керек қосымша кедергіні мына формула бойынша анықтай аламыз:

Rν=Rν*(n-1) = 3000* (4-1)=9000 Ом.

3.Сыртқы монтаждау жұмыстары: Сыртқы монтаждау жұмыстарының сұлбасы сызу. Белгілеу құралдарының көмегімен тартылымдар үшін арналар дайындау, төбе, қабырға, еден, терезе аралықтарында сымдарды орнату орындарын белгілеу. Қосқыш пен розетканың орындарын белгілеу. Электр қондырғыларды кабелдермен жалғау,орнату.

7-билет

  1. Жартылай өткізгіш байланыстар: Электрондардың теріс өрістен оң полюске қарай қозғалатынын біз білетінбіз, яғни электрон бос ойыққа келіп орналасатын болғандықтан, ойықтар керісінше оң полюстен теріс полюске қарай қозғалады деп айтамыз.Жартылай өткізгіште сыртқы элеткр күштері жоқ уақытта және температура абсолюттік нолден жоғары болағнда еркін электрондар үздіксіз пайда болып артынан жоғалып отырады. Яғни, электрон өз орнын тастап шыққанда еркін электронға айналып, енді бос орынға ойыққа келіп орналасқанда ол жоғалады. Таза жартылай өткізгіште кез-келген уақытта босаған элеткрондар мен ойықтардың саны бірдей болады.Олардың саны аса көп емес болғандықтан оның электр өткізгіштігі өте аз. Сондықтан ол электр тогына үлкен кедергі келтіреді. Мұндай жаағдайда диэлектрик деп түсінуге болады.Жартылай өткізгіш тараған сайын оның меншікті кедергісі де жоғарылай береді.

  2. Автоматты ажыратқыштар – электр тізбектерін автоматты сөндіруге арналған аппараттар. Оларда электр тізбегін сөндірген кезде пайда болатын электр доғасы ауалық ортада сөндіріледі. Осы себептен оларды ауалық автоматты сөндіргіштер (қысқаша автоматтар) деп атайды. Полюстер санына байланысты автоматтар бір, екі және үш полюсті болып дайындалады. Автоматты сөндіргіштер электр тізбектерін қысқыша тұйықталудан, аса көп жүктелудің салдарынан, кернеудің төмендеуінен немесе кенет жоқ болып кетуден автоматты қорғауды қамтамасыз етеді. Олар атқару функцияларына тәуелсіз, өздерінің іске қосылу уақытына байланысты, әдеттегідей, іріктей және тез әрекет ететін болып үш түрге бөлінеді.

  3. Светорегулятормен қыздыру шамын жинау және орнату: Заман талабына сай тұрғын үйлерді жарықтандырудың түрлері де даму үстінде.Көптеген электрлік құрылғылар пайда болуда. Соның бірі светорегулятор (жарық реттегіш) –ағылшын тілінен аударғанда жарық берілуін төмендету немесе жоғарылату дегенді білдіреді.Светорегулятор шағын миниатюрный құрылғы,яғни стандартты қосқыштармен бірге орнатылады.Бұрынғы кезде лампалардың жарық беруін реостаттар арқылы реттесе, қазір осындай светорегуляторлар қолдануда.

8-билет

  1. Ерекше тура жұмыстарды орындауға арналған шектеулі жұмыс бетті қосымша жарықтандыру?

Жарықтың таралуына байланысты жалпы, жергілікті, аралас, жұмыстық және авариялық жарықтандыру болып бөлінеді. Жалпы жарықтандыру барлық немесе белгілі бір ауданды қамтиды.Жергілікті жұмыс орнын, құрылғыны Мысалы, арнайы токарь станогында өңделіп жатқан бөлшекке түседіү. Аралас жалпы және жергілікті жарықтандыруды қамтиды.Жұмыстың кәсіпорынның немесе мекеменің өндірістік және қосымша бөлігін қамтамасыз ету. Авариялық жұмыстық жарықтың өшуіне байланысты уақытша жарықтандыру.Авариялық жарықтандыру өндірістік мекемелрде, лестницаларда,коридорларда орнатылады. Авариялық жарықтандырудың шамдары басқа шамдардан құрылымы мен бояылуы және электр желісіне жалғанумен ерекшеленеді. Жалпы жергілікті, жұмыстық және авариялық жарықтандыру 127 және 220 В кернеуде, ал жоғары қауіпті аудандарда және қауіптілігі жоғары аудандарда 12,24,6 В қолданады.

  1. Жарық ағыны- сәйкес сәуле ағынындағы «жарықтық» қуатын сипаттайтын физикалық шама.Жарық ағыны дегеніміз сәуле ағынына пропорционал, орта адам көзінің қатысты спектрлік сезімталдығына сәйкес бағаланған шама.Халықаралық бірліктер жүйесінде белгіденуі: Люмен.

  2. Тарату қорабында сымды қосу: Сымның ұшындағы ұзындығы 100 мм көлемінде бөлгіш қабықты қиып алып, сымдарды арнаулы саңылау арқылы қорапқа кіргізіп, рет-ретімен орап сыртын арнайы бұрама қысқыштармен немесе изолентамен оқшаулаймыз.яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін. Мысалы сұлбасын сызу.

9-билет

1.Қорғану плакаттарында қандай ескерту сөздері жазылған?

1)  қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.

2) өткізбейтін: «адамдар жүмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жүмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».

3)  рұқсат беру: «осы арада жүмыс істеу», «осы араға міну», «жұмыс істеуге нүсқау».

4)   ескерту;   қолданылған   шаралар   туралы   ескерту.   Резеңке колғаптар, қорғаныс қүралдары жабық шкафтарда және жэшіктерде қүрал- саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, жэне басқа заттардан аулақ, ал қолдану алдында қағып, тазалап алу керек.

2. Құрылымына, атқаратын қызметіне қарай әуе желілеріне қолданылатын тіректер аралықты, бұрышты, қиылысқан және соңғы тіректер болып бөлінеді.аралық тіректер жер бетінен қажетті биіктікте ұстауға арналған және бір бағытта сымдардың керілуі пайда болатын көрші һткіндердің үзілуі жағдайында күшке есептелген.Әуе желілері тіректерінің бір –бірінен алшақтау арақашықтығын тірек қадамы деп атайды. Аралық тіректер әуе желіліернің жалпы көлемінің 80% құрайды.Бұрыш тіректері әуе желілері арналары бағыттарының өзгеретін орындарында орнатылады. Қиылысқан тіректерге әуе желілерінің екі бағытағы сымдарын айқастыру үшін қолданылады. Соңғы тіректер басы мен аяғына орнатылады.

3. әр түрлі споттарды орнату және жинау. Бұл белгілі бір ауданда жарық түсіретін ыңғайлы светильниктің түрі.Споттар қабырғаға немесе төбеге орнатылатын болыпбөлінеді.Споттарды люстралар орналастыруға келмейтін жерлерге орнатады.Кейбір споттардың көмегімен жарықты реттеп отыруға да болады.Және бөлме немесе ғимарат ішінің әдемілігін артыра түсу үшін де жиі қолданылады.

10-билет.

  1. Атомдардың арасындағы химиялық байланыстар: Барлық заттар молекулалардан, ал молекула атомдардан тұрады.молекулалар мен атомдар үнемі қозғалыста болады.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.Молекула дегенміз осы заттың химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі, Молекуланың өзі аотмдардан тұрады.Ал атом оң зарядталғанатом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электр нейтрал бөлшек.атомдар өзара әрекеттескен кезде химиялық байланыс туып, соның нәтижесінде молекулалар,иондар, кристалдар, радикалдар түзіледі.Химиялық байданыстың 4 түрі бар: коваленттік, иондық, металдық, сутектік.