Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

3 Кезең (Нұсқа –«н» кәдімгі мыңжапырақ шөбі) Дұрыс жауап эталоны:

1. Эфир майының бөлінуі: эфир майын суда булау әдісі арқылы шығару. Ұсақталған шикізат мөлшерін а-кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000мл колбаға салады, 300мл. су құяды, б- кері шарикті тоңазытқышы бар резенке тығынмен тығындалады. в- тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г-градусты қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне , қабырғаларына тимей судан 50 мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градусқа бөлшектелінген бөлігінің бағасы 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті-техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлшектелген бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.

2.Сан көрсеткіштері:

  • қарайған, қоңырланған шөп бөліктері 1%-дан көп емес

  • 3 мм жуан сабақтары 3% көп емес.

  • органикалық қоспадан 5%-дан көп емес.

  • минералды қоспадан 1% -дан көп емес.

4 Кезең (Нұсқа –«н» кәдімгі мыңжапырақ шөбі) Дұрыс жауап эталоны:

1. кәдімгі мыңжапырақ шөбінің эфир майына сараптама : кәдімгі мыңжапырақ шөбінің эфир майын зерттеген кезде оның еш қоспасыз, нақты өзі екенін анықтайды, оның сандық көрсеткіштерін – ацетилдеуге дейінгі және кейінгі тығыздығын, айналу бұрышын, сыну көрсеткішін, қышқыл санын, эфир санын анықтайды. Оның шынайылылығын түсін, иісін, майының дәмін анықтау арқылы белгілейді. Түсі мен молдірлігін одан өтетін жарыққа, яғни сәуле түсіру арқылы біледі, иісін 1 сағат ішінде бақылау үлгісімен салыстырып біледі, дәмін фильтірлеу қағазына майдың бір тамшысы тамызылған таяқша арқылы біледі.

физикалық тұрақтыларын – майдың тығыздығын МФ Х1 басылымы бойынша пикнометрмен өлшейді, полярлық кеңістікте айналым бұрышын поляриметрмен өлшейді. Сыну көрсеткішін рефрактометрде анықтайды. Химиялық тұрақтыларын – ацетилдеуге дейінгі және кейінгі қышқыл санын, эфир санын анықтайды.

Қоспаларын анықтау: этил спирті, майлы және минералды майлар, су.

2.Сандық анықтау. Аналитикалық үлгіні диаметрі 7 мм тесігі бар елеуіштен өтетіндей етіп ұсақтайды.Эфир майын 20г ұсақталған шикізатта МФ Х1 басылымы 3 әдісімен анықтайды. Айдау уақыты – 2 сағат.

Клевенджер әдісі

1.колба 6. Қабылдағышты кеңейген жері

2.пар өткізетін майысқан түтік 7. Жанындағы түтік

3. тоңазытқыш 8. резенке шланг

4. градуирленген қабылдағыш 9. Ағызатын түтік

5. ағызатын кран

5 Кезең (Нұсқа –«н» кәдімгі мыңжапырақ шөбінің) Дұрыс жауап эталоны:

1.Кәдімгі мыңжапырақ шөбінің медициналық қолданылуы: ауыз қуысының қабынуына қарсы, қан тоқтататын, өт айдайтын, тәбет ашатын зат ретінде пайдаланады.

2.Препараттар:«Ротокан»препаратының құрамына кіретін сұйық тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен іш жұмсартатын шөптер жиынтығына, тәбет ашатын, өт айдайтын, геморройға қарсы шөптер жинағына да кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]