Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы ) Дұрыс жауап эталоны:

1. .Жылантаран тамырсабағының химиялық құрамында әсер етуші заттар – гидролизденетін 25%-ға дейін илік заттар. Бос күйінде гал, эллаг қышқылдары, катехин кездеседі. Жылантаран тамырсабағының химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: оксиметилантрохинондар, аскорбин қышқылы, крахмал. Сонымен қатар шөбінде флаваноидтар, гиперозид, рутин, авикулярин кездеседі. Қажетті зертханалық құралдар ( өлшеуіш колба, воронка. келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады. Жылан таран тамырсабағын келіде ұсақтайды. 0,1г салмақтағы жылан таран тамырсабағының ұсақталған шикізатын алып, көлемі 100 мл колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 10 мл тазартылған су құяды. Су моншасында 5-7 минут қайнатады. Сұйықтықты көлемі 100 мл өлшеуіш колбаға мақта арқылы сүзіп, бөліндіні алады.

2. Сан көрсеткіштері. . Бүтін шикізат. Илік заттар 15% кем емес; ылғалдылығы 13% көп емес; жалпы күлділігі 10% көп емес; кесіндісі қарайған тамыр сабақтар 10% көп емес; сонымен қатар талдау барысында шикізатта жапырақ, сабақ қалдықтары, тамырлар 1% көп емес; органикалық қоспалар 0,5% көп емес ; минералды қоспалар 1%көп емес.

Ұсақталған шикізат. Илік заттар 15% кем емес; ылғалдылығы 13% көп емес; жалпы күлділігі 10% көп емес; кесіндісі қарайған тамыр сабақ бөліктері 10% көп емес; жапырақ, сабақ қалдықтары, тамырлары бөліктері 1% көп емес; тесігінің диаметрі 7мм елеуіштен өтпейтін бөлшектері 10% көп емес; тесігінің диаметрі 0.5 мм елеуіштен өтпейтін бөлшектері 15% көп емес; органикалық қоспалар 0,5% көп емес ; минералды қоспалар 1%көп емес.

4 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Дұрыс жауап эталоны:

Сапалық анықтау.

Жылан таран тамырсабағы қайнатпа тұнбасы (1:10) қою қоныр түсті.

  • - илік заттарға реакциялар: 2 – 3мл бөліндіге 1% желатин ерітіндісін қосқанда желатиннің артық мөлшерін қосқанда жоғалатын лайлану түзіледі.

  • 2 – 3мл бөліндіге 1% хинин хлориді ерітіндісін қосқанда аморфты тұнба түзіледі.

  • 2 – 3мл бөліндіге 4 – 5тамшы темір аммоний ашудасы ерітіндісін қосқанда қара- көк бояу немесе тұнба түзіледі.

  • 10мл бөліндіге 5мл (2мл HCl, 1:1 қатынаста сұйытылған, және 3мл 40% формальдегид ерітіндісі ) қоспаны қосып, қоспаны 30мин су моншасында кері мұздатқышпен қайнатады, конденсирленген илік заттар болған жағдайда олар тұнбаға түседі. 2мл фильтратқа 10 тамшы 1% темір амоний ашудасын және 0,2г кристалды қорғасын ацетатын қосып, ерітіндіні шайқайды. Илік заттар болған жағдайда күлгін түске боялады.

  • 2-3мл бөліндіге тамшылап бром суын қосады (5г бром 1л суда), бром иісі сезілгенше, илік заттар бар болса бірден тұнба түзіледі.

  • 2мл бөліндіге NaNO3 бірнеше кристалдарын және 2 тамшы 0,1н HCl қосқанда илік заттар бар болса қоңыр түске боялады.

2.Сандық анықтау. Перманганатометрия әдісі

1шикізатты ұнтақтап, диаметрі 3 мм тесікті елеуіштен өткізеді, 2г жуық өлшеп аламыз.

2. шикізатты 100 мл колбаға саламыз, 50 мл қайнап тұрған су құямыз және 5 мин сулы мойншада қайнатамыз.

3. алынған қайнатпаны 250 мл өлшеуіші бар колбаға мақтадан өткізіп сүзіп құямыз.

4. 2,5 мл алынған қайнатпаны 100 мл колбаға құямыз, 75 мл тазартылған су қосады және 2,5 мл индигосульфо қышқылды ерітінді мен калия перманганатты титровал 0,1 М ерітіндісін алтын-сары түске енгенше қосады.

5.құрғақ шикізатқа илеуіш заттардың (Х) пайыздық мөлшерін мына формула бойынша есептейді

мұндағы - қайнатпаны титірлеуге жұмсалған 0,1 М калия перманганат ерітіндісінің көлемі, , - бақылау тәжірибесінде қайнатпаны титірлеуге жұмсалған 0,1 М калия перманганат ерітіндісінің көлемі , мл-да;V- қайнатпаның мл көлемі; m- шикізатты өлшем массасы граммен,; W- шикізатты кептіргендегі салмағын жоғалту массасы % пен, D – илеуіш заттардың есептеу сәйкестік коэффициенті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]