Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

5 Кезең (Нұсқа –«в» кәдімгі емен қабығы)Дұрыс жауап эталоны:

1.Медицинада қолданылуы:қабынуға қарсы, қармаушы әсері бар дәрі ретінде гингивит, стоматит ауруларында басқа да ауыз қуыстарының,тамақтың, жұтқыншақтың, өңештің қабынуларында, күйгенде, тері ауруында,іш өтуінде қолданылады.

2.Препараттары: емен қабығының қайнатпасы ( Decoctum cortices Quercus). тыныс жолдары, қимыл қозғалыс аппараты, гинекология ауруларына қарсы жинақтар құрамына кіреді. Түйнегінен ащы тұндырма «Горный дубняк» және джин дайындайды, қайнатпа ретінде көптеген ББҚ құрамына кіреді.

НҰСҚА– «Б» ДӘРІЛІК ЖАЛБЫЗТІКЕН ТАМЫРЫ 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:

1.Өндірілетін өсімдік – дәрілік жалбызтікен –Алтей лекарственный Althaea officinalis L.

2.Дәрілік өсімдік шикізаты- дәрілік жалбызтікен тамыры–корни алтея лекарственного –radices althaea officinalis.Тұқымдастығы –Мальвовые –Malvaceae, (құлқайыр тұқымдасы)

3.Жалбызтікен – биіктігі 60-150 см – ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сыртын қалың түк басқаннан кейін оның түсі сұрғылт жасыл болады. Тамыр сабағы өте жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте қуатты білеу тамыры өседі. Тамыры етжінді ақшыл түсті, цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені

2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан –өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі. Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ. Өзіндік әлсіз иісі бар. Дәмі тәттілеу.

2 Кезең (Нұсқа –«б» дәрілік жалбызтікен тамыры) Дұрыс жауап эталоны:

  1. дәрілік жалбызтікен тамыры - цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр немесе 2-4 бөлікке тармақталған ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан – өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі.

Органолептикалық сараптама:

  • Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ.

  • Өзіндік әлсіз иісі бар.

  • Дәмі тәттілеу, шырышты.

2.Химиялық құрамы - шикізатта 10 %-жуық пентозан, гексозан (арабинан, глюкан, рамногалактуран) қоспасы болып табылатын шырыш бар, дәл сондай жуық мөлшерде пектин заттары до 37% дейін крахмал, 10% дейін сахарозалар, 1,5-2% тоң май, бетаин заттары болады.

3.Микроскопия.Көлденең кесіндіде тамырға лайықты жұқа қабықты паренхимді талшықтың басымдығы көрініп тұр. Қабықта көптеген тангенталді созылған қабықты луб талшықтар тобы бар, одан басқа ұсақ талшықтар тобы ағашқа шашырап орналасқан. Қалыңдығы 10-35 мкм талшықтар жұқа ағаштанбаған қабырғаларымен және үлкен жарық құысымен сипатталады. Ортанғы сәулелер бір, сирек екі қатармен орналасқан, ал трахеидтер мен түтіктер шағын топшалар күйінде кездеседі.Паренхимада көптеген шырышы бар үлкен жасушалар көрінеді, олар қабықта және ағашта орналасқан. Шырыш суда ериді және жасушалар түссіз реңкке енеді де , жасушалар бос болып көрінеді. Паренхима жасушалары крахмал дәндерімен толтырылған, кей жерлерде кальций оксалатының ұсақ друздары да көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]