Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

3 Кезең (Нұсқа –«ж» дәрілік шалфей жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:

1. Эфир майының бөлінуі: эфир майын суда булау әдісі арқылы шығару. Ұсақталған шикізат мөлшерін а-кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000мл колбаға салады, 300мл. су құяды, б- кері шарикті тоңазытқышы бар резенке тығынмен тығындалады. в- тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г-градусты қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне , қабырғаларына тимей судан 50 мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градусқа бөлшектелінген бөлігінің бағасы 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті-техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлшектелген бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.

2. Сан көрсеткіштері. Эфир майының мөлшері 0,8%–тен кем болмауы керек; ылғалдығы 14%-тен артық болмауы керек; жалпы күлі 12% артық болмауы керек;қоңыр және қарайған жапырақтары 5%–тен артық болмауы керек;басқа мүшелері (сабақтар және гүл шоғырлары) 13%–тен артық болмауы керек;диаметрі 0,5мм елек торынан өтетін өсімдік бөліктері 10% –тен артық болмауы керек; органикалық қоспалар 3%–тен артық болмауы керек; минералды қоспалар 0.5% артық болмауы керек.

4 Кезең (Нұсқа – «ж» дәрілік шалфей жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:

Эфир майына органолептикалық талдауды дұрыс жүргізді:

  1. Түсін және мөлдірлігін (10мл майды диаметрі 2-3см болатын түссіз цилиндрге салып жарық толқынында анықтайды);

  2. Иісін 0,1мл (2тамшы) эфир майын ұзындығы 12см, ені 5см болатын фильтр қағазына салып,әр 15 минут сайын стандарт үлгінің иісімен салыстырады,1сағатта иісі жоғалмауы керек.

  3. Дәмін фильтр қағазына тамызылған тамшыны тілге тақап не 1тамшы майды қант пудрасының 1г қосып тілмен дәмін көру арқылы.

2.Сандық анықтау. Қажетті зертханалық құралдар (700 мл сиымдылығы бар колба, резинадан жасалған пробка, градуирленген қабылдағыш, келі мен келсап, таразы, елек, кері мұздатқыш,электр плиткасы, ілгіш, темір сым, тазартылған су) таңдап алынады.

3. Дәрілік шалфей жапырағын келіде диаметрі 2мм болғанша ұсақтайды.

4. 30 г салмақтағы дәрілік шалфей жапырағының ұсақталған шикізатын алып, көлемі 700 мл тегіс не дөңгелек түбті колбаға салады.

5. Өлшенген шикізатқа 300 мл тазартылған су құяды. Резинадан жасалған пробкаға ілгішті орналастырады. Кері мұздатқышпен қосады.

6. Жұка темір сым арқылы ілгішке градуирленген қабылдағышты мұздатқышпен дұрыс байланыстырды (кері мұздатқыш соңы қабылдағыштың воронка тәрізді бөлігіне тимей, дәл соның үстінде тұратындай етіп. Қабылдағыш колба мойнында еркін қозғалып тұруы керек және су деңгейінен 50мм жоғарыда тұруы керек).

7.Колбаны электр плиткасында 1 сағат қайнатып қыздырды.Эфир майы мен судың буы кері мұздатқышта жиналады,кейін қабылдағышқа түседі, су қабылдағыштың кіші бөлігімен колбаға түседі, эфир майы қабылдағышта жиналады. Суытып, градуирленген қабылдағышқа бөлінген эфир майын жинап алады және оның пайыздық көлемін келесі формула бойынша анықтайды: X=V100×100 / m(100-W)

мұндағы,V- эфир майының көлемі,мл; m- шикізат сынамасының салмағы,г; W-кептіргендегі салмағын жоғалтуы,%.

1 - дөнгелек колба, 2. градуирленген қабылдағыш, 3. кері мұздатқыш

4. резинкадан жасалған тығын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]