Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

5 Кезең (Нұсқа – «а» андыз тамыры ) Дұрыс жауап эталоны:

1.Медициналық қолданылуы:

Медицинада қолданылуы:ащы қайнатпасы ароматты ащы түрінде тәбетті шақыру және ас қорытуды реттеу үшін қолданылады.Аңдыз майы «Олиметин» препаратының құрамына кіре отырып, бүйрек және өт тастарын емдеуге қолданылады.Ұнтақ және таблетка түріндегі препараттары асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасы мен гиперацидті гастрит кезінде қолданылады.

2. Препараттары: аңдыз тамырының ащы қайнатпасы (Decoctum Rhizomae Calami),аңдыз тамырының майы (Oleum Rhizomae Calami) «Олиметин» препаратының құрамына кіреді,аңдыз тамырының ұнтағы (Pulveris Rhizomae Calami). Аңдыз тамырының ұнтағы «Викалин» және Викаир» препараттары құрамына кіреді.

Нұсқа –«Е» дәрілік түймедақ гүлі 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:

1.Өндірілетін өсімдік – дәрілік түймедағы – Ромашка аптечная, Matricaria recutita L

2.Дәрілік өсімдік шикізаты–дәрілік түймедақ гүлі - цветки ромашки аптечной FloresMatricaria recutita L

3.Тұқымдастығы – Aстралылар –Астровые - Asteraceae

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.

2Кезең (нұсқа –«е» дәрілік түймедақ гүлі) Дұрыс жауап эталоны:

1.Гүлі -бүтін немесе жартылай түсіп қалған жарты шар пішінді гүл себеттері, гүл сағақтары 3 см–ге жуық. Гүлсебеті шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді.

Органолептикалық сараптама:

  • Тілше гүлдің түсі – ақ, түтікше гүлдің – сары, сыртқы қабаты сарғыш-жасыл.

  • Иісі күшті, жұпар иісті.

  • Дәмі кермек, аштылау,сәл шырышты.

2.түймедақ гүлінің химиялық құрамы. Шикізатта 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді.

3.Микроскопиясы. Гүл себетінің бөліктерінде түтікше гүлдердің созылыңқы иірімді эпидермис клеткалары көрінеді; тілше гүлдерінің эпидермисі емізік тәрізді өсінділермен сипатталады; ал гүлдін жабынды жапырақшасының эпидермисі торлы, ұзыннан созылған қабырғалары қалынданған жасуша-лардан тұрады.Тілше және түтікше гүлдерінің беткі қабаттарында эфир майлы бездері байқалады,олар 6-8 жасушадан тұрады және 2 қатар мен 3-4яруста орналасады. Гүлдің жабынды жапырақшасының ортанғы жүйкесінде және гүл тұғырында сары түсті майлы сұйықтығы бар секреторлы жолдар кездеседі.Түтікше гүлдердің мезофилінде ұсақ кальций оксалатының друздары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]