Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

3 Кезең (Нұсқа –«а» андыз тамыры ) Дұрыс жауап эталоны:

1.Дәрілік өсімдік шикізатында эфир майлары 1-3 % кем емес болуы қажет,оның кристалды бөлігі геленин деп аталады, оған негізінен лактондар жатады –алантолактон,изоалантолактон және дигидроалантолактон.

2.Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.

3. Аңдыз тамырын, тесіктерінің диаметрі 2 мм елеуіш арқылы елейді.

МФ ХІ бойынша 2 және 3 әдісте қолданылатын құрал.

Мұнда – а.сиымдылығы 500мл колба, б.бу өткізетін иілген түтік, в.мұздатқыш,г.градуирленген қабылдағыш, д.босататын кран, к. воронка,и.резинадан жасалған түтік,з.бүйірдегі түтік

4. Аңдыз тамырының 10г нақты өлшемін алып, көлемі 500 мл колбаға салады.

5. Шикізатқа 300 мл су құяды.

6.Колбаны бу өткізгіш түтікпен қосып, воронкамен аяқталатын резиналы түтік көмегімен градуирленген және аққыш түтіктерді сумен толтырады.

7.Кейін қабылдағышқа шеткі түтіктен пипетка көмегімен 0,5мл декалин қосып, оның көлемін өлшейді, ол үшін түтіктің градуирленген бөлігіне су денгейін салады.

8. Колбаны 1,5 сағ минутына 60-65 тамшыдан дистиллят ағатындай етіп қыздырады.

9. 5 минут өткен соң кранды ашып, эфир майы градуирленген бөлікті алатындай етіп, дистиллятты төгеді, тағы 5 минут өткен соң эфир майы көлемін өлшейді.

10.Аңдыз тамырындағы эфир майларының абсолютті құрғақ затқа шаққандағы пайыздық салмақтық мөлшерін есептейді. X= (V-V1)×100×100 / m(100-W), Мұндағы V – декалинде еріген зат көлемі,мл; V1 – декалин көлемі,мл; m – шикізат салмағы,г; W – шикізатты кептіргендегі пайыздағы салмағын жоғалтуы.

4 Кезең (Нұсқа –«а» андыз тамыры) Дұрыс жауап эталоны:

1. Эфир майларына органолептикалық талдауі:

  • Түсін және мөлдірлігін (10мл майды диаметрі 2-3см болатын түссіз цилиндрге салып жарық толқынында анықтайды);

  • Иісін 0,1мл (2тамшы) эфир майын ұзындығы 12см, ені 5см болатын фильтр қағазына салып, әр 15 минут сайын стандарт үлгінің иісімен салыстырады,1сағатта иісі жоғалмауы керек.

  • Дәмін фильтр қағазына тамызылған тамшыны тілге тақап не 1тамшы майды қант пудрасының 1г қосып тілмен дәмін көру арқылы.

2. Эфир майларын анықтау үшін реактивті таңдап алады.

  • Бөліндіге 4-5 тамшы натрий нитропрусиді ерітіндісін сілтілі ортда қосады. Шайқаған кезде, конденсірленген эфир майларының бар екенін айқындайтын қызыл түс пайда болады.

  • 1 тамшы пара–диметиламинобензальдегид ерітіндісін қосады (1г пара – диметилбензальдегидті 4 тамшы суда жібітеді, кейін 3 мл концентрлі күкірт қышқылын қосады), нәтижесінде айқын сары түс түзіледі, 2-3 тамшы су қосқаннан малина-қызыл түске боялады.

  • 1-2тамшы концентрлі күкірт қышқылындағы 1% ванилин ерітіндісін қосады,1мл су қосқаннан малина қызыл түс пайда болады.

  • Гидроксам сынамасы. Тұз қышқылды гидроксиламиннің 1% спиртті ерітіндісін және сілтілі калиді pH =8 дейін қосады, кейін 1-2 тамшы тотыққан темір хлоридінің 1% спиртті ерітіндісін қосқанда күлгін түске боялады.

  • 1-2 тамшы Эрлих реактивін қосып қыздырғанда күлгін түс түзіледі, ол біртіндеп жасыл, ары қарай көк түске өтеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]