Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

5 Кезең (Нұсқа –«к» кәдімгі шайқурай шөбі) Дұрыс жауап эталоны:

1.Медицинада қолданылуы: кәдімгі шайқурай шөбі қайнатпасын, тұнбасын,тұндырма қалпында және «Новоиманин» препараттары ретінде тағайындайды. Колиттерде ішке, күйікті емдеуде сыртқа, гингивит, стоматиттерде ауыз қуысын шаю үшін қолданылады. Новоиманин препараты грам оң микроорганизмдерге әсер көрсетеді. Абцесс ,флегмоналарды емдеуде қолданады.

2.Препараттар: Новоиманин шайқурайдың тазартылған 1% спиртті экстракты. Сыртқа және ішке қолданылатын сулы қайнатпасы, қармаушы әсері бар асқазанға арналған жинақтардың құрамына кіреді. «Новоиманин» антибактериалды зат ретінде қолданылатын препараты.

Нұсқа – «А» андыз тамыры 1 КЕЗЕҢ Дұрыс жауап эталоны:

1.Өндірілетін өсімдік – Батпақты аңдыз, аир болотный

Planta productive- Acorus calamus

2.Дәрілік өсімдік шикізаты – батпақты аңдыз тамырсабағы, корневище аира болотного

Materia vegetabilis medicinalis- Rhizoma Calami

3.Тұқымдасы – ароидтылар, ароидные

Familia- Araceae

Аңдыз –қөп жылдық, тамырсабағы көлбеу өсетін сулы жердің өсімдігі.

Тамырсабағының сыртқы белгілерінің сипаттамасы: тамырсабағы ұзын 1,5м –ге дейін жетеді, диаметрі 3см, бөлшектері жеңіл, цилиндр тәрізді, сәл майысқан, кейде бұтақталған,көп бөлігі ұзыннан кесілген,қатқан қабатынан тазаланбаған,үстіңгі жағында қураған жапырақтардың жарты ай тәрізді кең іздері бар, астыңғы жағынан кесілген тамырлардан көптеген ұсақ дөңгелек іздері бар.Сынған жері тегіс емес,тұйіршіктелген. Бөлік ұзындығы 30см, қалыңдығы 2 см-ге дейін.

Қабық түсі сыртынан сарылау - күрең немесе қызыл-бурыл,кейде жасыл-бурыл, жапырақ іздері сүр-ақшыл түсті,сынған жерінде – сарылау немесе қызғылт,кейде жасылдау.Иісі қатты, ароматты. Дәмі ащылау,татымды.

2 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«А» андыз тамыры ) Дұрыс жауап эталоны:

1. Аңдыз тамырының химиялық құрамында әсер етуші заттар - эфир майлары 5% дейін:оның ішінде бициклді монотерпендер: (D-a-пинен (1%), D-камфен (7%), D-камфора (9%)), бірқатар спецификалы циклді сесквитерпендер: каламен және элемен. Кетондардан - калакон және акорон.Сонымен қатар фенолдар және фенолды эфирлер,соның ішінде азарон,азарилальдегид,эвгенол,метилэвгенол, ащы зат акорин. Сонымен қатар 40% дейін инулин полисахаридіде бар. Аңдыз тамырының химиялық құрамында ілеспелі заттары: ащы гликозид-акорин,иілік заттар,аскорбин қышқылы (150мг/100г дейін) және басқа да заттар бар.

2.Аңдыз тамырының жұмсартылған шикізатынан микротомның (алмастың) көмегімен көлденең кесіндісі жасалады.

Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі.

3. Жарықтандыру үшін глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.

4. Аңдыз: тамырсабағының көлденең кесіндісін қарағанда жабын тін – эпидермис көрінеді. Негізгі тін борпылдақ, ірі жасушааралық домалақтары (аэренхима) бар. Оның жасушалары домалақ не сопақша келген, ұсақ жай не сирек екі – үш қабатты крахмал дәндерімен толтырылған. Паренхиманың ірі домалақ жасушаларында сары – қошқыл түсті эфир майлары бар, тамырсабақта өткізгіш шоқтар ретсіз орналасқан. Қабығында шоқтар коллатеральды, әлсіз жуан талшықтардан тұратын механикалық қабаты бар. Орталық цилиндрде флоэмды шөқтар болады, талшықтары жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]