Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать
  1. Кезең (Нұсқа –«м» қосүйлі қалақай жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:

  1. Медициналық қолданысы: Қан тоқтатқыш ретінде іштен,жатырдан, асқазаннан қан кеткенде қолданылады, тегіс салалы бұлшықеттің тонусын жақсартады.С дәрумені жетіспегенде қолданылады. Сонымен қатар шаш түскенде қатайтатын зат ретінде де қолданылады.

  2. Препараттар: сұйық экстракт тұндырма түрінде қолданылады, поливитаминді жинақтар құрамына кіреді.

Нұсқа –«К» » кәдімгі шайқурай шөбі 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:

  1. Өндірілетін өсімдік – шілтержапырақты шайқурай

Planta productive- Hypericum perforatum L.

2. Дәрілік өсімдік шикізаты – кәдімгі шайқурай шөбі

Materia vegetabilis medicinalis- Herba Hyperici perforati

  1. Тұқымдасы – шайқурайлар

Familia- Hypericaceae

Шайқурай– көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы цилиндр тәрізді, ұзындығы 30-80см, сабақтары қабырға тәріздес, тармақталған болып орналасқан.Жапырақ пішіні- жапырақтары супротивті, отырыңқы, сопақтау ұзынша келген, жиегі бүтін, жалаңаш, ұзындығы 0,7-3,5 см, ені 1,4 см.Жапырақтардың беті тілімделген, шеттері тегіс болып келеді.Гүл типі-көптеген, диаметрі 1-1,5см, сыпырғы түрде жиналған, тостағаншасы бітік, бес бөлікке бөлінген,5 гүлден тұрады, тостағаншасы ланцет тәрізді, жұқа үшкірленген.Гүлдерінің ұзындығы 12-15мм. Аналығы бөлек күлтелі, тостағаншадан 2-3 есе көп, бес күлтесі бар. Аталығы көптеген, негізінде үш шоқ болып өскен. Жемісі үш ұялы, көп тұқымды қорап.Гүлдері сары, гүлдерінің шеттерінде қара дақтары бар.Жеміс пішіні - үш үйлі көп тұқымды қорапша.Тұқымы ұсақ ,цилиндр тәрізді, ,ұсақ жұмыртқалы.

Жапырақтарының түсі – жасыл, гүлдері - сары түсті. Тұқымдары - күрең-қоңыр түсті. Иісі әлсіз ароматты, дәмі ащы.

2 Кезең (нұсқа –«к» кәдімгі шайқурай шөбі) Дұрыс жауап эталоны:

1.Сабағы цилиндр тәрізді, ұзындығы 30-80см, сабақтары қабырға тәріздес, тармақталған болып орналасқан.Жапырақ пішіні- жапырақтары супротивті, отырыңқы, сопақтау ұзынша келген, жиегі бүтін, жалаңаш, ұзындығы 0,7-3,5 см, ені 1,4 см.Жапырақтардың беті тілімделген, шеттері тегіс болып келеді.Гүл типі-көптеген, диаметрі 1-1,5см, сыпырғы түрде жиналған, тостағаншасы бітік, бес бөлікке бөлінген,5 гүлден тұрады, тостағаншасы ланцет тәрізді, жұқа үшкірленген.Гүлдерінің ұзындығы 12-15мм. Аналығы бөлек күлтелі, тостағаншадан 2-3 есе көп, бес күлтесі бар. Аталығы көптеген, негізінде үш шоқ болып өскен. Жемісі үш ұялы, көп тұқымды қорап.Гүлдері сары, гүлдерінің шеттерінде қара дақтары бар.Жеміс пішіні- үш үйлі көп тұқымды қорапша.Тұқымы ұсақ ,цилиндр тәрізді, ,ұсақ жұмыртқалы.

Жапырақтарының түсі – жасыл, гүлдері - сары түсті. Тұқымдары - күрең-қоңыр түсті. Иісі әлсіз ароматты, дәмі ащы.

2. Химиялық құрамы - Шайқұрайдың химиялық құрамында негізгі әсер етуші заттар –конденсирленген антрацен туындылары: гиперицин, псевдогиперицин және т.б.Олардың көлемі 0,5% жетеді,10%-ға дейін шайырлы заттар бар. Сонымен қатар флаваноидтар,илік заттар, эфир майлары табылған. Каротин мен аскорбин қышқылы жоғары мөлшерде кездеседі.

Шай құрайдың химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: илік заттар, жер беті бөлігінде эфир майы (0,05-0,29 %) кумариндер, катехиндер (18 %), антоциандар (5,03 %), иілік заттары,(10,5 %) флавоноидтар (0,9 %), дәрумендер, рутин, кверцетин, көп мөлшерде каротиндер.

3.Микроскопиясы. Шәйқурай жапырағың жұмсарту үшін дәрілік өсімдік шикізатын калий гидроксидінің 2,5% ерітіндісінде 3-5 минут қайнатады.Петри табақшасына ауыстырып,2-3 рет ағын сумен жуады.

Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі.

Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен немесе глицерин 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.

Шайқурайдың препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады:жапырақтың жоғарғы және төменгі эпидермисінің жасушалары анық жұқартылған ирек тәрізді. Устьицасы тек астыңғы бөлігі 3-4 жасушалармен қоршалған (аномоцитті тип).Бүкіл жапырақ пластинкасының мезофилінде ірі дөңгелектелген немесе сопақ екі түрден тұратын түссіз, мөлдір немесе боялған және қоңыр-күлгін түсті дақтары бар, көбіне жапырақтың жиегінде орналасқан болып келеді. Түссіз дақтар жапырақ жұйкесінде бойлай орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]