Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

3 Кезең (Нұсқа –«м» қосүйлі қалақай жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:

1. 1.Қосүйлі қалақай жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар- 0,2% -ға дейін К1 дәрумені, 0,6% С дәрумені, 50мг/100г каротиноидтар, В2дәрумендері, пантотен қышқылы бар,қосүйлі қалақай жапырағының химиялық құрамында ілеспелі заттары: гликозид уртицин, илік заттар, құмырсқа қышқылы мен минералды тұздары бар.Хлорофилге бай – 5%.

Қажетті зертханалық құралдар (колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады. Қосүйлі қалақай жапырағы келіде тесіктерінің диаметрі 0,25мм болатын електен өтетіндей етіп ұсақтайды. 1г салмақтағы қосүйлі қалақай жапырағы ұсақталған шикізатын алып, көлемі 15 мл колбаға салады. Өлшенген шикізаттың үстіне 10мл гексан ерітіндісін қосады. 3 сағат механикалық араластырғыш қондырғысында араластырады.Қосүйлі қалақай жапырағынан алынған бөліндіні сүзіп алады.

2. Сан көрсеткіштері. Бүтін шикізат. Ылғалдығы 14% көп емес; жалпы күлділігі 20% көп емес; хлор сутектік 10% ерітіндісінде ерімейтін күл 2% көп емес; өсімдіктің басқа бөліктері ( жапырақтары, сабақ бөліктері ) 5% көп емес; қарайған және кұңгіртенген жапырақтары 5% көп емес; диаметрі 3 мм болатын елеуіштен өтетін бөлшектер 10 % көп емес, органикалық қоспалар 2% көп емес; минералды қоспалар 1% көп емес.

Ұсақталған шикізат. Ылғалдығы 14% көпемес; жалпы күлділігі 20% көп емес; хлор сутектік 10% ерітіндісінде ерімейтін 2% көп емес; өсімдіктің басқа бөліктері (жапырақтары, сабақ бөліктері) 5% көп емес; қарайған және кұңгірттенген жапырақтары 5% көп емес; диаметрі 0,5 мм болатын елеуіштен өтетін бөлшектер 10 % көп емес, диаметрі 7 мм болатын елеуіштен өтпейтін бөлшектер 10 % көп емес, органикалық қоспалар 2% көп емес; минералды қоспалар 1% көп емес.

4 Кезең (Нұсқа –«м» қосүйлі қалақай жапырағы ) Дұрыс жауап эталоны:

Сапалық анықтау. Аналитикалық сынама шикізатын диаметрі 0,25 мм болатын тесіктері бар елеуіштен өтетіндей етіп ұнтақтайды,1 г ұсақталған шикізатты 15 мл сиымдылықтағы колбаға ауыстырып,10 мл гексан құйып және 3 сағат бойы механикалық айналдырғышта араластырып,фильтрлеп,су моншасында көлемі 2-3 мл болғанша қайнатады.

Микропипетка көмегімен 0,1 мл бөліндіні ״Силуфол״ (размері 13*5 см) пластинкасының сызығына ені 1,5-2 см болатындай шетінен 1,5 см қашықтықта тамызады. 3-5 минут пластинканы ауада кептіріп және бензол-петролей эфир еріткіштер жүйесінде 40-70 оС температурада қайнатып, әдісі арқылы хроматография жасалады.Еріткіштердің аумағы 10 см асқанда пластинканы камерадан шығарады, 2-3 минут ауада кептіп және УК-аумағында 360 нм толқын ұзындығында 2 минут ұстайды.Пластинкада жасыл-сары флюоресценция беретін дақ пайда болуы керек(К1 дәрумені)

2.Сандық анықтау. Қосүйлі қалақай жапырағына МФ ХІ сандық анықтау әдісін ұсынбайды, бірақ сапалығын бағалау үшін келесі сан көрсеткіштер анықталады.

  1. Ылғалдылығы – 14% аспау керек

  2. Жалпы күлі - 20 % аспау керек

  3. 10 % тұз қышқылында ерімейтін күл – 2 % аспау керек

  4. Қарайған, кұренделген, түсін жоғалтқан жапырақтар - 5% аспау керек

  5. Сабағы, гүлшоғыры, т.б. бөліктері – 5 % аспау керек

  6. Тесіктерінің диаметрі 3мм болатын електен өтетін жапырақ бөліктері – 10% аспау керек

  7. Органикалық қоспалар, басқа улы емес шөптер қоспалары -2% аспау керек

  8. Минералды қоспалар коспалар – 1% аспау керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]