Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фгз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.71 Кб
Скачать

Нұсқа – «И» кәдімгі шетен 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:

1. Өндірілетін өсімдік – кәдімгі шетен - рябина обыкновенная

Peanta productiva- Sorbus aucuparia. L

2. Дәрілік өсімдік шикізаты – кәдімгі шетен жемісі- плоды рябины обыкновенной- Materia vegetabilis medicinalis- Fructus sorbi aucupariae

3. Тұқымдасы- раушан гүлділіер- розоцветные - Familia – Rosaceae

Шетен жемістерінің морфологиялық сипаттамасы: жемісі алма тәрізді, жеміс сабағы жоқ, 2-5 ұялы дөңгелектенген немесе сопақша жұмыр, көлденеңінен 9мм дейін,жылтыр, қатты әжімделген, бас жағында безді білінбейтін тістері бар, тостағаншасы бар, жемісінің жұмсақ жерінде 2-7 орақ тәрізді майысқан ұзынша келген,аяғы өткір, қатты тегіс қызыл қоңыр тұқымы орналасқан, жемістің жұмсақ жері борпылдақ, етті, беті қабықты. Жемісін көлденең кескен кезде 2-5 дән ұялары көрінеді, ұялар қабырғасы шеміршектелген, қатты, жұмсағымен бірге. Әр ұяның ішінде 1-2 қызыл қошқыл қабығы және ақ ядросы бар жемістерінің дәндері бар. Жұмсағы борпылдақ, етті, үстінен терімен жабылған. Жемістері қара- қызғылт сары немесе қоңыр қызыл түсті, иісі әлсіз, өзіне тән дәмі бар, қышқыл ащы.

2 Кезең Дұрыс жауап эталоны:

1. Шетен жемістерінің морфологиялық сипаттамасы: жемісі алма тәрізді , жеміс сабағы жоқ 2-5 ұялы дөңгелектенген немесе сопақша жұмыр көлденеңнен 9 мм ге дейін , тамыры қатты бұжырланған бас жағында без білінбейтін тістері бар тостағаншасы бар жемісінің жұмсақ жерінде 2-7 орақ тәрізді майысқан ұзынша келген қатты тегіс қызыл қоңыр тұқымы орналасқан жемістің жұмсақ жері борпылдақ етті беті қабықта . Жемістері қара- қызғылт сары немесе қоңыр өызыл түсті , иісі әлсіз өзіне тән дәмі қышқыл ашты.

2. Химиялық құрамы. Жемістері каротиндерге бай, соның ішінде β-каротин 18-20мг/100г (құрғақ затқа есептегенде), сонымен қатар С дәрумені бар (40-200мг/100г), P, B2, E.

Моно және дисахаридтер кездеседі, (8% дейін), кето қант L- сарбоза және спирт сорбит бар. Органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон) - 4% дейін, тритерпен қышқылдары (урсол, олеанол)- 1,8-1,9%. Катехиндер, фенолкарбон қышқылдары, флаваноидтар (кверцетин, рутин, гиперозид) және антоциандар.

3.Микроскопиясы. Ұсынылған кәдімгі шетен жемісін микротом немесе алмастың көмегімен жұмсартылған шикізаттан көлденең кесіндіні дұрыс жасады. Шетен жемісін ағарту үшін дәрілік өсімдік шикізатын калий гидроксидінің 5% ерітіндісінде 3-5 минут қайнатты.Петри табақшасына ауыстырып,2-3 рет ағын сумен жуды.

репаровалдық иненің көмегімен сынама заттық шыныға көшіріледі.

Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабылады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.

Кәдімгі шетен жемісінің препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: жеміс эпидермісі өлшемсіз жуан қабырғалы жасушалардан, қабырғасы өткізгіш жасушалардан тұрады, устьицасы жоқ, клеткада көрінетін ұсақ көптеген сары түсті майлы майлардың тамшысы бар, ұлпа қиындылары тасты клеткалы немесе жалғыз тасты клетка, шашақтары бір клеткалы, ұзын, жұқа қабырғалы, ирегі бар және көбірек ірі жуан қабырғалы түзу шашақтар немесе олардың сынығы, жемістің жұмсақ жерінің жасушасы кристалдар тобынан және призма тәрізді кристалды кальций оксалатынан тұрады .

3 Кезең Дұрыс жауап эталоны:

1. Қажетті зертханалық құралдар (колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.

Шетен жемісін келіде ұсақтайды.

1г салмақтағы кәдімгі шетен жемісінің ұсақталған шикізатын алып, көлемі 100 мл колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 10 мл тазартылған су құяды.

Су моншасында 2-3 минут қайнатады.

Шетен жемісінен алынған бөліндіден 2 мл өлшейді.

Каротиноидтарды анықау үшін реактивті таңдап алады.

Бөліндіні ЖҚХ арқылы н-бутанол:сірке қышқылы:су (4:1:5) жүйеде анықтайды, УК сәуледе дәрумендер дақтары пайда, дақтарды йодты камерамен көру кезінде Rf = 0,17 (тиамин), Rf = 0,40 (рибофлавин) сары түс, Rf = 0,70 (аскорбин қышқылы) қоңыр сары түсте болады.

2. Сан көрсеткіштері.

  • Каротиноидтар -1% кем емес,

  • ылғалдығы 18% көп емес;

  • жалпы күлділігі 3% көп емес;

  • ашық сары жемістері 3% дан көп емес;

  • өсімдіктің басқа бөліктері ( жапырақтары, сабақ бөліктері ) 0,5% көп емес; қатты пісіп жетілмеген және күйген жемістері 3% көп емес;

  • органикалық қоспалар 0,5% көп емес;

  • минералды қоспалар 0.2% көп емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]