Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом точно окончательный каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
    1. Аппаратуралық сызбасы

Өндірістің аппаратуралық сызбасы В қосымшасында көрсетілген

    1. Қолданылатын технологиялық жабдықтың негіздемесі

7- кесте Қолданылған технологиялық жабдықтың негіздемесі

Жабдықтың атауы

Жұмыс бөлігінің материалы

Технологиялық сипаттамасы

1

2

3

Ш-1 Шөпкескіш

Темір

Зауыттық нөмірі – 00896

Өнімділігі - кг/сағ – 600 (тамыр), 150 шөп)

Габаритті өлшемі 156 × 63 × 63.

Е-3 Елеуіш

Тот баспайтын құрыш

Саңылау диаметрі 3-5мм

7 кестенің жалғасы

1

2

3

Р-4,5,6

Перколятор - экстрактор

Құрама

Моделі – КЭ. Зауыттық нөмірі – 10847

Қазандықтың номиналды көлемі , - 250 л

Номиналды қуаты ,30 кВт

Номиналды кернеу, 380 В

Ағым жиілігі , - 50 Гц

Габаритті өлшемі: 80 × 1500 ×70

ТҰ-7

Тұндырғыш

Тот баспайтын құрыш

Сыйымдылығы - 500 м3

Габариттік өлшемі 960 × 820 × 1130

Ф-8

Фильтр

Құрама

Моделі - «Блеск- 01»

Зауыттық нөмірі - 501

Сыйымдылығы, - 1,7 м3/час

Номиналды өнімділігі, - 0,5 м3/час

Қорек кернеуі, - 3×220 В

Қуатты тұтыну, 0,5 кВт

Габариттік өлшемі , - 880×840×1220 мм

Салмағы , , - 75 кг

ОҚБ 10

Құю аппараты

Құрама

ОҚБ-10 15 тен 100 мл-ге дейінгі сұйықтықты әйнек құтыларға құюға арналған

Моделі – МТМ – 15

Зауыттық нөмірі – 435687

Техникалық өнімділігі ,– 1200 құты/сағ

Толтыру позициялар саны – 2

Станок типі– үстел үсті

Қуаты – 0,37 кВт

Габариттік өлшемі: 485×420×570 мм

Салмағы – 40 кг

    1. Негізгі жабдықтың сызбасы

Негізгі аппараттың сызбасы Б қосымшасында көрсетілген.

    1. Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы

Сасықшөп экстрактысың өндірісі 7 кезеңнен тұрады:

1 кезең Ұнтақтау;

2 кезең Елеу;

3 кезең .Экстрагент дайындау;

4 кезең Экстракциялау;

5 кезең .Тазарту, сүзу;

Экстрактыны орау келесі үрдістерден тұрады:

6 кезең Құтыларға құю, орау және белгілеу

7 кезең Қорапқа орау

Ингредиенттерді дайындау

Зауытқа дәрілік өсімдік шикізаты сапасын бақылау бөлімінде өзінің нормативті құжатына сай екендігі тексерілгеннен кейін ғана түседі.

Шикізатты тарадан және қаптамадан шығару микробтық ластануды болдырмау үшін жеке бқлмеде жасалынады. Шикізатты қаптамадан шығаруға және цехқа жүк көліктерінің көмегімен жеткізеді. Шикізат цехқа шикізат атауы мен сериясы жазылған жабық ыдыстарды беріледі. Өндірісте қолданылатын спирт жеке арнайы бөлмеде сақталынады.

1 кезең Ұнтақтау

Ұнтақтау кезеңіне сасықшөп шөбінің регламенттелген мөлшері келеді. Белгілі мөлшердегі сасықшөп шөбін шөпкескіште 3-5 мм мөлшерде болатындай ұнтақтайды. Их подвергают измельчению на траворезке (Т-1) на части размером в сборники полупродуктов.

2 кезең Елеу

Елеу кезеңінде ұнтақталған шикізатты 3-5 мм ситадан өткіземіз.

3 кезең Экстрагент дайындау

40 % этил спиртін дайындау құрылғысына этил спиртінің мөлшері өлшенген цистернадан ректификат жолымен жүктейді.араластырғышты қосып 15 мин араластырады. Араластырып болғаннан кейін алдын ала араластырғышты өшіріп спирттің тығыздығын өлшейді. 40 % этил спритінің тығыздығы 0,805-0,812 арасында болу керек.

4 кезең Экстракциялау

Экстракт дайындау үшін негізгі және қосымша шикізатты рецептік құрам бойынша жүктейді. Өлшенген шикізатты 3 перколятор-экстракторға теңдей бөліп жүктейді. Бірінші күні №1 перколятор-экстракторға экстрагентті шикізат толық енгенше құяды, 6 сағ суландырады. №1 перколятордан алынған төгіндіні №2 перколятор-экстракторға құяды, ал №1 перколяторға жаңа экстрагент құйылады. Екі преколятор 16-18 сағатқа тұнуға қойылады. Екінші күні №3 перколяторды №2 ерколяторда алынған төгіндімен толтырады, ал №2 перколяторды №1 ден алынған төгіндімен толтырады. №1 перколяторды таза экстрагентпен толтырады.

4-6 сағаттан кейін №3 перколятордан бірінші төгіндіні алады.

№2 перколятордағы сығындыны №3 перколяторға, №2 перколяторға №1дегі сығындыны толық құяды. Қалған перколяторлардағы сығындыны 14-16 сағатқа тұндыруға қояды.

3 күні №3 перколятордан бірінші алған көлемдегідей екінші төгіндіні алады.

№2 перколятордағы сығындыны толық №3 перколяторға құяды. 4-6 сағаттан кейін №3 перколятордан экстрактың соңғы көлемін алады. Алынған сығындыны мұқият араластырады. Экстракциялау кезеңінен алынған күнжараны жүк тасымалдағышпен қоқысқа шығаратын автомашинаға шығарылады.

5 кезең Экстрактыны тазарту, сүзу

Алынған экстрактыларды араластырғаннан кейін тұндырғышқа құйып 8-10 °С температурада 2 күн тұндырады. Тұндыру кезеңінен алынған тұнбаны жүк тасымалдағышпен қоқысқа шығаратын автомашинаға шығарылады.

Тұндыру кезеңі біткеннен кейін экстрактыны фильтр арқылы фильтрлейді. Фильтрленген экстрактыны жинағышқа құяды.

6 кезең . Құтыларға құю, орау және белгілеу

Сасықшөп экстрактысы құю аппаратында 25 мл көлемді қызыл-қоңыр түсті әйнек құтыға құйылады. 25 көлемдегі әр флакон алюминді қақпақшамен жабылады, бекітілген құтылар бөлінген терезе арқылы этикетка жабыстыруға және қаптауға жіберіледі. .

Құтыларға этикетка жабыстырылады. Этикеткада өндіруші елі, өндіруші өнеркәсіп, тауарлық белгісі, препараттың мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы, препарат саны, құрамы, сақьтау шарттары, серия номері, тіркеу құжатының номері, сақтау мерзімі жазылады.

7 кезең Қорапқа орау

25 мл көлемде құтыларға құйылған сасықшөп экстрактысын топтық тараға 25 тен қораптарға оралады.