- •9 Мультиплексрлеу элементтерінің құрылымы
- •5 Сурет – Синхронды мультиплексор (smux): adm енгізу/шығару тм терминалды мультиплексор
- •7 Сурет – Регенератор жүйесіндегі мультиплексор
- •8 Сурет – Локалды коммутатор жүйесіндегі енгізу/шығару мультиплексері
- •10 Sdh желісінің топологиясы «Сақина»
- •11 Мультиплексирлеу алгоритімі
- •14 Синхронды ағындарын қорғау Функционалдық әдістері
- •Мультиплексирлеу. Sdh-тегі мультиплексирлеу ерекшеліктері.
- •3.. Pdh кемшіліктері. Sdh-тің артықшылығы.
- •Pdh пен sdh жүйелерінің бір-бірінен айырмашылықтары
- •4.. Sdh желісінің топологиясы «нүкте-нүкте».
- •Сызықты тізбек
- •30 Жауап
- •8 Сурет – Локалды коммутатор жүйесіндегі енгізу/шығару мультиплексері
- •9 Сурет Жоғарғы жылдамдықты каналдардың жалпы және өту коммутаторлары.
- •31 Жауап.
- •Sdh желінің топологиясы. Топология түрлері, схемалары, артықшылығы және кемшілігі.
- •Сызықты тізбек
- •Sdh желінің архитектурасы Архитектура түрлері, схемалары, артықшылығы және кемшілігі.
- •Sdh желісін басқару принциптері.
- •57 Сурак
- •59 Сурак
- •60 Сурак
- •Архитектура түрлері, схемалары, артықшылығы және кемшілігі.
- •Резервтеу. Резервтеу түрлері, схемалары және жұмыс істеу әрекеті.
- •2. Сурет – Жеке трактінің қорғанысы бар екі бағытты сақина
- •4. Сурет – Сақиналық желіде қорғанысты ауысып қосу
4.. Sdh желісінің топологиясы «нүкте-нүкте».
SDH желісін құру кезіндегі бірінші мәселе, ол топологияны дұрыс таңдау.
Ол үшін желіні жобалау кезінде бірнеше кезеңдерден өту керек:
берілген топологияға сәйкес желі түйіндерінің құрылымдарын таңдау есептері;
басқару желілерін қалыптастыру
синхрондау.
Топология тұрлері:
Нүкте-нүкте
Сызықты тізбек
Жұлдыз
Сақина
Топология «Нүкте-нүкте» (1 сурет) бұл қарапайым топология, регенераторы бар немесе жоқ оптикалық байланыс кабельдерімен қосылған екі терминальды мультиплексордан тұрады. Мультиплексорлердің әр қайсысы трибутарлық ағындардың Е1, Е2 және т.б. концентраторы сияқты әсер етеді. Бұл топология жоғарғы жылдамдықты магистральдық каналдар арқылы көп ағынды мәліметтерді беру үшін кеңінен қолданылады. Бұл топология резервтеусіз және 100 пайызды резервтеу схемасы түрінде іске асырылады, негізгі және резервті агрегаттық каналдары пайдаланылады.
Сурет 1. Нүкте-нүкте топологиясының схемалары
29-32
29жауап.SDH төменгі жылдамдықтағы цифрлық сигналдарды жоғарғы жылдамдықтағыға мултиплексірлеуді және ақпаратты жоғарғы тиімділікте беруді қамтамасыз етеді. SDH жүйесі PDH және басқа да қызмет сигналдарын беруге, соның ішінде кең жолақты цифрлық желілер қызметін интеграциялау (Broadband Integrated Services Digital Network, B-ISDN), асинхронды тасмалдау тәсілін пайдаланады (Asynchronous Transfer Mode, ATM).
Жаңа цифрлық иерархия әр түрлі жоғарғы жылдамдықтағы цифрлық ағындарды тасымалдау үшін құрылған және мұнда ағындар 155,520 Мбит/с және одан жоғарғы жылдамдықта біріктіріледі және бөлінеді. Біріктіру тәсілдері синхронды болғандықтан, бұл иерархия синхронды цифрлық иерархия (Synchronys Digital Hierarchy-SDH) деп аталады.
Аппаратура SDH программа арқылы басқарылады және өзінде түрлендіру, беру, оперативті алып-қосу, бақылау және басқару жабдықтары болады. Бұл желінің архитектурасы және басқаруды ұйымдастыруы өзгерген.
30 Жауап
Коммутатор
Коммутаторлар (лат. commuto өзгертемін, ауыстырамын) — электрлік тізбектің жалғанар ұшын таңдап алуға және оны өзге тізбекпен жалғастыруға, ажыратуға, ауыстырып қосуға арналған құрылғы. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон,телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады. Коммутация байланыс торабының коммутациялық құрылғыларында электрлік қосындыларды, сымдарды, кабельдерді, байланыс желілерін, аппараттарды, аспаптарды әр түрлі ауыстырып қосу.[1]
Терминальды мультиплексор (TM) PDH және STM сигналдарын STM-N агрегатты ағындарына мультиплексерлеу және демультиплексерлеу үшін қажет (SDH-те оны трибутарлы немесе интерфейс компоненттері деп атайды). Ол сонымен қатар локальді коммутацияны қамтамасыз етеді бір трибутарлы интерфейстен басқа трибутарлы интерфейске қосу арқылы. ADM -ендіру /шығару мультиплексор кірісінде ТМ кірісіндегідей интерфейстер жиынтығы болады, олар екі STM-N агрегатты ағындарын береді (шығыс және батыс деп аталатын). Мультиплексорлардан плезиохронды және синхронды сигналдарды бөліп немесе STM-N ағынына қосылу мүмкіндігін тудырады, ал қалған сигналдың пайдалы жүктеме бөлігі ары қарай қондырғылардан транзит болып өтеді. Бұл өзіндік қалпына келтіретін шеңбер құрылымын жасауға мүмкіндік тудырады. (Self Healing Ring — SHR), авария болған жағдайда автоматты түрде бұзылған бөлікті немесе желі элементтерін айналып өтіп коммутация жасайды.
6 Сурет – Синхронды мультиплексор (SMUX): Ішкі коммутатор жүйесіндегі ADM - енгізу/шығару мультиплексері
Мультиплексор өзіндік кіріс арналарын коммутациялау мүмкіндігі бар.
