- •Фармацевтика факультетінің 5 курс студенттеріне арналған фармакогнозия бойынша мемлекеттік мамандық емтиханшеңберіндегі оқпе арналған тәжірибелік дағды бойынша тапсырмалар тізімі
- •1 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Емтихан алушыға арналған ақпарат
- •1 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Студентке арналған тапсырма
- •3. Дөш гербардық үлгісіне дұрыс жалпы морфологиялық сипаттама (сабағына, жапырағы мен гүліне) беріңіз.
- •1 Кезең (нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Дұрыс жауап эталоны:
- •2 Кезең (Нұсқа – «л» жылан таран тамырсабағы ) Емтихан алушыға арналған ақпарат
- •2 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы ) Студентке арналған тапсырма
- •2 Кезең (нұсқа – «л» жылан таран тамырсабағы) Дұрыс жауап эталоны:
- •3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Емтихан алушыға арналған ақпарат
- •3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Студентке арналған тапсырма
- •3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы ) Дұрыс жауап эталоны:
- •4 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Емтихан алушыға арналған ақпарат
- •4 Кезең (Нұсқа- «л» жылан таран тамырсабағы) Студентке арналған тапсырма
- •4 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Дұрыс жауап эталоны:
- •2.Сандық анықтау. Перманганатометрия әдісі
- •5 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Емтихан алушыға арналған ақпарат
- •5 Кезең (Нұсқа-«л» жылан таран тамырсабағы) Студентке арналған тапсырма
- •5 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Дұрыс жауап эталоны:
3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Студентке арналған тапсырма
Сіздерге дәрілік өсімдік шикізатының үлгісі ұсынылады.
Ұсынылған тапсырмаларға жауап беріңіздер:
1. Дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттардың бөлінуі.
2.Сан көрсеткіштерді анықтау (ұнтақталуын, ылғалды, жалпы күлін, органикалық және минералды қоспасын).
Кезең бойынша жоғарғы балл - 20
Тапсырмаға берілген уақыт - 15 мин
3 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы ) Дұрыс жауап эталоны:
1. .Жылантаран тамырсабағының химиялық құрамында әсер етуші заттар – гидролизденетін 25%-ға дейін илік заттар. Бос күйінде гал, эллаг қышқылдары, катехин кездеседі. Жылантаран тамырсабағының химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: оксиметилантрохинондар, аскорбин қышқылы, крахмал. Сонымен қатар шөбінде флаваноидтар, гиперозид, рутин, авикулярин кездеседі. Қажетті зертханалық құралдар ( өлшеуіш колба, воронка. келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады. Жылан таран тамырсабағын келіде ұсақтайды. 0,1г салмақтағы жылан таран тамырсабағының ұсақталған шикізатын алып, көлемі 100 мл колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 10 мл тазартылған су құяды. Су моншасында 5-7 минут қайнатады. Сұйықтықты көлемі 100 мл өлшеуіш колбаға мақта арқылы сүзіп, бөліндіні алады.
2. Сан көрсеткіштері. . Бүтін шикізат. Илік заттар 15% кем емес; ылғалдылығы 13% көп емес; жалпы күлділігі 10% көп емес; кесіндісі қарайған тамыр сабақтар 10% көп емес; сонымен қатар талдау барысында шикізатта жапырақ, сабақ қалдықтары, тамырлар 1% көп емес; органикалық қоспалар 0,5% көп емес ; минералды қоспалар 1%көп емес.
Ұсақталған шикізат. Илік заттар 15% кем емес; ылғалдылығы 13% көп емес; жалпы күлділігі 10% көп емес; кесіндісі қарайған тамыр сабақ бөліктері 10% көп емес; жапырақ, сабақ қалдықтары, тамырлары бөліктері 1% көп емес; тесігінің диаметрі 7мм елеуіштен өтпейтін бөлшектері 10% көп емес; тесігінің диаметрі 0.5 мм елеуіштен өтпейтін бөлшектері 15% көп емес; органикалық қоспалар 0,5% көп емес ; минералды қоспалар 1%көп емес.
Кезең бойынша жоғарғы балл - 20
Тапсырмаға берілген уақыт - 15 мин
4 Кезең (Нұсқа –«л» жылан таран тамырсабағы) Емтихан алушыға арналған ақпарат
Төмендегі берілген белгілерге сәйкес бітірушінің дәрілік өсімдік шикізатының құрамындағы негізгі әсер етуші заттарды сапалы тауып, сандық анықтауды дұрыс жүргізуін бағалауыңызды өтінеміз.
№ р/р
|
Адымдарды бағалау белгісі
|
Балдық баға беру |
|||
20 |
15 |
10 |
5 |
||
1 |
дәрілік өсімдік шикізатындағы негізгі әсер етуші заттарға сапалық реакция жүргізу. |
10 |
7 |
5 |
2 |
2 |
дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарды сандық анықтау. |
10 |
8 |
5 |
3 |
Кезең бойынша жоғарғы балл - 20
Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин
