Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрілік түймедақ-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.46 Кб
Скачать

3 Кезең

3 Кезең (Нұсқа –«е» дәрілік түймедақ гүлі ) Студентке арналған тапсырма

Сіздерге дәрілік өсімдік шикізатының үлгісі ұсынылады.

Ұсынылған тапсырмаларға жауап беріңіздер:

1.Кептірілген дәрілік түймедағы – дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттардың бөлінуі.

2.Сан көрсеткіштерді анықтау (ұсақталуын, ылғалды, жалпы күлін, органикалық және минералды қоспасын)

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 15 мин

3 Кезең

3 Кезең (Нұсқа –«е» дәрілік түймедақ гүлі) Дұрыс жауап эталоны:

1. Эфир майының бөлінуі: эфир майын суда булау әдісі арқылы шығару. Ұсақталған шикізат мөлшерін а-кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000мл колбаға салады, 300мл. су құяды, б- кері шарикті тоңазытқышы бар резенке тығынмен тығындалады. в- тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г-градуирленген қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне, қабырғаларына тимей судан 50 мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градуирленген бөлігінің бағасы - 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті-техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.

2.Сан көрсеткіштері: эфир майы 0,3 % -дан төмен болмау керек

- ылғалдылығы 14% аспау керек

-жалпы күлі -12% аспау керек

- 3см-ден ұзын жапырақтары, сабақтары, себеттер сағақтары 9% -дан аспау керек.

-диаметрі 1мм елек торынан өтетін үгілген себеттерінің бөліктері 30 % -дан аспау керек

- қарайған, қарақошқылданған себеттері 5%-дан аспау керек

-органикалық қоспалар (басқа усыз өсімдіктер мен тұймедақтың басқа түрлерінің себеттері) 3%-дан көп емес.

-минералды қоспалар 0,5% -дан көп емес.

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 15 мин

4 Кезең

4 Кезең (Нұсқа –«е» дәрілік түймедақ гүлі) Емтихан алушыға арналған ақпарат

Төмендегі берілген белгілерге сәйкес бітірушінің дәрілік өсімдік шикізатының құрамындағы эфир майына дұрыс сараптама жүргізе алуын, негізгі әсер етуші заттарды сандық анықтауды дұрыс жүргізуін бағалауыңызды өтінеміз.

р/р

Адымдарды бағалау белгісі

Балдық баға беру

20

15

10

5

1

дәрілік өсімдік шикізатындағы эфир майына сараптама жүргізу.

10

7

5

2

2

дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарды сандық анықтау.

10

8

5

3

Кезең бойынша жоғарғы балл - 20

Тапсырмаға берілген уақыт - 20 мин