- •1% Метилен көгімен кіреукені бояғанда айқын боялады
- •38 Жастағы науқастыңжоғарғы және төменгі оң жақ бүйір тістерінде жаңа басталған кратер тәріздес фасеткалытістердің ошақты аса қажалуы бар, рациональды ортопедиялық емді көрсетіңіз://
- •26 Жастағы в. Науқасының қатты және жұмсақ таңдайының туа біткен ақауына keze обтураторы дайындалды. Оған тән ерекшеліктерді атаңыз//
- •5 Жаста уақытша күрек тістердің толық емес таюын емдеу негізделеді//
- •85 Тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
- •16 Жастағы науқаста жарақат нәтижесінде жоғары орталық күректістер жаққа сауыт биіктігінің жартысына кірген. Диагностика әдісін таңдаңыз://
- •20 Жасар жігіт оң жақ ұртында екі аптадан бері қатты, ауырмайтын жараның барлығын шағымдап келді Тексеру кезінде ұрттың шырышты қабығында ашық
- •6 Жастағы балада барлық тістері уақытша, бүйір тістердің бұдырлары айқын, диастемалары мен тремалары жоқ. Бұл клиникалық көрініс қандай тіс жақ жүйесінің бұзылуынан болады://
- •28 Жасар науқас н., стационарға түскен диагнозы 48-тістен болған оң төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті. Анағұрлым қолданылатын емдеу тактикасы://
- •8 Жастағы баланың ата – анасы төменгі ернін тістеуіне шағымданады.Қандай ортодонтиялық аппаратты тағайындаған Ең лайықты?//
- •38 Тістің ұяшығы ұйыған қанға толы. 37-тіс интактты, тісті ұрып тексергенде ауырады. Сіздің нақтамаңыз://
- •Хирургиялық стоматология_каз
- •1.3,16 Тірек тістерге көпірлі протезді шақтап тексергенде киілмеуі анықталды. Себебін анықтаңыз. Сіздің әрекетіңіз?//
- •2.6 Тісті емдеу және гаймор қойнауы пункциясы//
- •3 Жасар балада ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті пайда болды. Кандай патология қалыптасуы мүмкін және неге://
- •3 Типті Френкель функциясының реттеушісі – комбинирленген әсерлі аппарат, тіс қатарларын қоршаған жұмсақ тіндердің жоғарғы жақсүйегінің дамуы мен өсуіне тежеуші әсерін жояды//
1.3,16 Тірек тістерге көпірлі протезді шақтап тексергенде киілмеуі анықталды. Себебін анықтаңыз. Сіздің әрекетіңіз?//
+Тірек тістерінің параллельдігі жоқ, қайта егеу қажет//
Көпірлі протез деформацияланған, қайта жасау қажет//
Дәнекерлеу кезінде тірек сауыттардың пішіні бұзылған, сауыттарды қайта жасау қажет//
Тірек тісінің параллельдігі бұзылған, қайта жасау керек//
Тірек сауыттар дұрыс жасалған жоқ, тірек сауыттарды қайта жасау керек
***
Науқас 35 ,36 ,37 тістерінің аймағындағы қызыл иектің ісінуіне шағымданып ортопедиялық стоматология емханасына қаралды. Объективті: 35, 36, 37 тістер алтын сауыттармен жабылған. Сауыт шеттері қызыл иек қалталарына еніп тұр зондпен анықталмайды. Қай кезеңде қателік кетті?//
1-клиникалық кезеңде//
1-зертханалық кезеңде//
+2-клиникалық кезеңде//
2- зертханалық кезеңде//
3-клиникалық кезеңде
***
Тіс қатарының ақауы 00604321 /12345600. Диагноз қойыңыз?//
І класс ІІ подкласс//
+І класс ІІІ подкласс//
ІІ класс ІІІ подкласс//
ІІ класс ІV подкласс//
ІV класс ІІ подкласс
***
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс. Емдеу жоспары: алынбалы көпірлі протез ұстаушы кламмермен. Ауыз қуысында қандай клиникалық көрініс болуы мүмкін?//
Тірек тістердің қозғалғыштығы//
Тіс қатарының шектелмеген ақауы//
Тістердің үлкен конвергенциялы ақауы//
+Тіс қатары ақауының үлкен болуы//
Терең тістесу
***
Төменгі жаққа алынбалы пластиналы протез салған кезде базис пен алдыңғы табиғи тістер арасында саңылау анықталды. Себебі неде?//
Алынбалы протезді кюветаға ғаныштаған кездегі қателік//
+Протез базисін механикалық өндеген кездегі қателік кетті//
Мойын бөлігін көмкеру кезінде және базис бетін тегістеуде қателік жіберілген//
Қалып алу кезінде қателік жіберілген//
Модельді құю кезіндегі қателік
***
Жоғарғы және төменгі жақтарға алынбалы пластиналы протез конструкциясын шақтап тексергенде балауыз базистің модельде толық жатпауы анықталды. Сіздің әрекетіңіз?//
+Орталық окклюзияны қайта анықтау//
Ауыз қуысында жөндеу//
Балауыз базистеріне қосымша балауыз салу//
Балауыз базистерімен, анықтаушы массамен қалып алу//
Оған назар аудармау
***
Алынбалы пластиналы протезді салған кезде, мұрын-ерін, иек қатпарларының тереңдеуі, ерін бұрыштарының түсуі, иектің алдыға шығуы анықталған. Дәрігер-ортопед қандай қателік жіберді?//
Стандартты тістер пішіні мен көлемі науқастың бет пішініне сәйкес емес (ұсақ)//
+Беттің төменгі үшінші бөлігінің биіктігі дұрыс анықталған жоқ, төмендеген//
Балауыз базис жұқарған//
Орталық окклюзияны анықтаған кезде сыртқы келбеті қалпына келтірілген жоқ//
Альвеолярлы өсіндінің тым атрофиясы,компрессионды функциональді қалып алынған
***
Науқас жоғарғы және төменгі жаққа толық пластиналы протезді дайындау кезеңінде-жақтардың орталық окклюзиясын анықтау. Бұл кезеңді неден бастайды?//
Балауыз базисінің сапасын клиникалық тұрғыдан бағалау//
+Балауыз базисінің сапасын зертханалық тұрғыдан бағалау//
Вестибулярлы дөңестікті жөндеу //
Протектикалық жазықтықты дайындау //
Екі білікті шақтап тексеру
***
Тісжақ жүйесінің негізгі қызметі://
Жұту, қозғалғыш, сору, тістеу//
Тыныс алу, сљйлеу, шайнау//
Тістеу, шайнау, ұсату//
+Тыныс алу, жұту, сөйлеу, шайнау//
Тыныс алу, жұту, сөйлеу, ұсату
***
Ауыз сыртылық аппараттарына жатады://
Персин аппараты//
Жоғарғы жақ сүйекке винті бар пластинка//
+Иек асты тартқышы бар басқа шапка//
Брюкль аппараты//
Протрагирлеуші пружинасы бар пластинка
***
Тіс-жақ сүйек жүйесінің негізгі функциясы://
Жұтыну, қозғалу, сору, тістеу//
Тыныс алу, сөйлеу, шайнау//
Тістеу, шайнау, майдалау//
+Тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, шайнау//
Тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, майдалау
***
Энгль аппаратында тірек тістер болып табылады://
Сүйір тістер (ит тістер)//
+ Үлкен азу тістер //
Кіші азу тістер//
Орталық күрек тістер//
Бүйір күрек тістер
***
Науқастын моделін параллелометрде оқыған кезде, дәрігер-ортодонт келесі мәліметтерді алды-жоғарғы жақ тіс қатарының 1.4 және 2.4 маңайында 5 мм-ге 4.6 және 3,6 маңайында 8 мм-ге тарылуын қай әдіс бойынша және қай бағытта зерттеу әдісі жүргізілді?//
Сагиталды бағыттағы пальпация//
+Трансверзалды бағыттағы Пон индексі//
Сагиталды бағыттағы Тон индексі//
Сагиталды бағыттағы Корхауз индексі//
Вертикалды бағыттағы Герлах индексі
***
Науқас 10 жаста. Алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Объективті қараған кезде- жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің тығыз орналасуы 1.6,2.6 тістері мезиалды ығысқаны, сөйлеудің жұтынудың бұзылуы, еріндерінің түйіспеуі көрінеді. Диагноз қою үшін ең бірінші не істеу керек?://
+Панорамды рентгенография//
Арттрофонография//
Басты фотометирялық зерттеу//
Гнатофизиогнометрия//
Электромиомастикациография
***
Қыз бала 9 жаста. Алдыңғы тістерінің түйіспеуіне шағымданады. Объективті: бетінің астыңғы үштек бір бөлігінің үлкеюі көрінеді. Еріндері қиыншылықпен түйісіп, еріннің шырышты қабығының құрғауы. Вертикалды саңылау бар 3 мм. Қандай этиологиялық фактор осындай ауытқуға әкелді?//
Жағымсыз әдет- басын шалқайтып уйықтау//
+ Жағымсыз әдет- саусақты, тілді сору//
Жағымсыз әдет- төменгі ернін сору, тістеу//
Жағымсыз әдет- иек астына жұдырықты салу//
Жағымсыз әдет- төменгі жақты шығару
***
Науқас 11 жаста. Сыртқы қараған кезде. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің қысқаруы, иек асты және мұрын ерін қатпарларының айқындалуы көрінеді. Жоғарғы ерін сыртқа қарай аударылған ауыз қуысында. Төменгі және жоғарғы алдыңғы тістері оралды қисайған, тістердің жақын орналасуы байқалады. Тістердің орталық окклюзияда түйіскен кезде төменгі жақ күрек тістерінің кесу қыры, қатты таңдайдың шырышты қабығына жетеді, ал жоғарғы жақ күрек тістері төменгі жақ күрек тістердің мойын аймағының альвеолярлы өсіндінің шырышты қабығын жарақаттайды. Жоғары жақтың алдыңғы бөлімінде альвеолярлы өсінділердің вертикалды көлемдерінің үлкеюі байқалады. Бүйір тістерінің қатынасы Энгль бойынша 1 класс. Диагнозын және берілген ауытқудын себебін анықтаңыз.//
+Терең тістесу, тұрақты үлкен азу тістерін ерте жоғалтуы//
Терең тістесу, тұрақты күрек тістерін ерте жоғалтуы//
Ашық тістесу, сүт күрек тістерін ерте жоғалтуы//
Ашық тістесу, сүт ит тістерін ерте жоғалтуы//
Айқас тістесу, ауыз қуысы кіре берісінің таяз болуы
***
Нәрестегі жасанды дұрыс емес тамақтандыру салдарымен пайда болатын ауыз ішілік анатомиялық көріністерді ата://
Төменгі тіс қатары жоғарғысынан ұзын, төменгі күрек тістер жоғары күрек тістерді жауып тұр, жоғарғы және төменгі күрек тістердің арасында сагиталды саңылауы бар -1 мм//
Жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарлары ұқсас. Алдыңғы бөлімінде вертикалды саңылау 2 мм. Төменгі жақта диастема мен трема бар//
Жоғарғы және төменгі жақтың тіс қатарлары бірдей жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістердің сауытын 1/3 бөлікке жауып жатыр. Бүйір бөлігінде вертикалды саңылау -2 мм. Дейін//
+Жоғарғы тіс қатары төменгіден қысқа. Жоғарғы фронталды тістер ұзарған, төменгі ерінді тістейді. Алдыңғы бөлімінде сагиталды саңылау 3-4 мм//
Жоғарғы және төменгі күрек тістер бірдей жоғарғы жақ тістер төменгі жақ тістерді алдыңғы бөлікті жауып жатыр. Бүйір бөлігінде төменгі жақ тістері жоғарғы жақ тістерін жауып жатыр. Тістесудің ашылуы жоқ.
***
Тортоаномалия бұл://
Тістердің вестибулярлы ығысуы//
+Тістің осі бойынша айналуы//
Тістердің биік орналасуы//
Тістердің оральды бағытта ығысуы//
Тістердің төмен орналасуы
***
10 жастағы науқас. 2.2 тістің тортоаномалиясы бойынша емдеуде болды. 2.3, 2.2, 2.1, тістері ілмектері және жақты резиналы тарқыштары бар сауыттармен жабылғалған. Аталған патологияны емдеу кезінде 2.2 тісті ығыстыру сипатын атаңыз://
Корпусты ығыстыру//
Сауатты ығыстыру//
+Осі бойынша айландыру//
Тістердің тамырларын ығыстыру//
Тігінен ығыстыру
***
Омыраудағы балаларда тіс-жақ сүйек ауытқуларының алдын алу үшін://
+ Дұрыс тамақтандыру жағдайларын қадағалау//
Миотерапия//
Стандартты вестибулярлы пластиналар//
Тыныс алуды қалыпқа келтіру//
Нашар әдеттерді жою
***
Науқас 15 жаста. Ауыз қуысында жоғарғы жақ сүйекте кейбір тістердің жоқ екендігі.
17, 14, 13, 23, 24, 27,
46, 45, 44, 43, 42, 41, 31, 32, 33, 34, 35, 36
Бұл патологияға протез конструкциясын атаңыз://
Металкерамикалы көпіртектес протездер//
Пластмассадан көпіртектес протездер//
Металл сауыттан жабындымен көпіртектес протез//
Жартылай алмалы салмалы протез//
+Алдыңғы және шайнау тістері бар микропротез
***
Дистальды блокты тістесуде үстіңгі күрек тістерді вестибулярлы ығыстыруда винтті орналастырады://
Таңдайдың куполында //
Таңдайдың альвеолярлы өсіндісінің скатында //
+Пластинаның алдыңғы бөлігінде //
Орналасу орнына қарамайды //
Винт қолданылмайды
***
Бала 6 жаста. Анасы баласының бетін тіс қатарлар арасына салып соруына шағым айта келді. Объективті:
1.6, 5.5, 5.4, 5.3, 1.2, 1.1/ 2.1, 2.2, 6.3, 6.4, 2.6
4.6, 8.5, 8.4, 8.3, 4.2, 4.1/3.1, 3.2, 7.3, 7.4, 3.6
Балада қандай бет-жақ сүйек аймақ ауданының қызметінің бұзылу симптомы байқалады://
Тамақты тістеудің бұзылуы //
+Шайнау нәтижелілігінің бұзылуы//
Сору актінің бұзылуы//
Жұтыну актінің бұзылуы//
Тыныс алу актінің бұзылуы
***
Науқас 9 жаста. Объективті: иектің азғана алдыға шығуы, беттің төменгі 1/3 бөлігі өзгермеген. Ауыз қуысында: жоғарға тіс доғасының өзгеруі, алдыңғы бөлімінде тістердің үйіліп орналасуы. Күрек тістік жабылуы аздаған. Нақты диагноз қою үшін қандай функционалды сынаманы жүргізу қажеттігін көрсетіңіз және неге://
Эшлер –Битнер сынамасы -өйткені прогнатикалық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
Хорошилкина сынамасы- өйткені прогениялық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
+Ильина – Маркосянның сынамасы - өйткені прогнатикалық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады//
Кулаженко сынамасы- өйткені пародонтит диагнозын қою үшін қолданылады//
Шварц сынамасы- өйткені прогениялық тістесу диагнозын қою үшін қолданылады
***
6 жастағы қыз бала, прогнатиялық тістесу бойынша дәрігер-ортодонтта емделуде. Қосымша ем ретінде миогимнастика ұсынылды. Аталған жағдайда қай бұлшық еттер топтарына жаттығулар тағайындау қажет://
+Төменгі жақты алдыға шығаратын//
Ауыздың айланбалы бұлшық еттері үшін//
Шайнау бұлшық еттері үшін//
Тіл бұлшық еттері үшін//
Ым бұлшық еттері үшін
***
Науқас 7 жаста. Объективті: бет ассиметриясы, иегі оңға қарай ығысқан. Еріндерінің түйісуі дұрыс емес. Ауыз қуысында: орталық күрек тістік сызық сәйкес емес, оң жақтағы тіс альвеолярлы қысқару. Оң жақтағы молярлардың түйісуі прогениялық түрде. Қарама қарсы жақтағы тістердің түйісуі бұзылмаған. Аталған патологияның мүмкін болатын себебін атаңыз://
Омырау жасында жасанды тамақтандыру//
ЛОР – ағзаларының жедел созылмалы ауырулары//
+Шайнау және мимикалық бұлшық еттердің гипертонусы//
Фронтальді сүт тістерінің ерте жұлынуы//
Тілдің ұзын немесе қысқа үзбесі
***
15 жасқа дейінгі балалар жасында алдыңғы тістер аймағында орын болмаған кезде келесідей алынбайтын протездерді таңдаған дұрыс://
Тірек тістерге кигізілетін жасанды сауыттары бар фасеткалы көпіртектес протездер//
Бүйір күрек тісі болмағанда консольды протез//
Мерефильд бойынша көпіртектес протез//
+Ильина – Маркосян бойынша қозғалатын көпір тектес протез//
Құйылған көпірлі протез
***
10 жастағы науқас. 2.2 тістің тортоаномалиясы бойынша емдеуде болды. 2.3, 2.2, 2.1, тістері ілмектері және жақты резиналы тарқыштары бар сауыттармен жабылғалған. Аталған патологияны емдеу кезінде 2.2 тісті ығыстыру сипатын атаңыз://
Корпусты ығыстыру//
Сауатты ығыстыру//
+Осі бойынша айландыру//
Тістердің тамырларын ығыстыру//
Тігінен ығыстыру
***
«Қысу» және «толу» симптомдары оң болады: //
Лимфангиомада//
Фибромада//
Папилломада//
+Гемангиомада//
Дермоидты кистада
***
Балаларда сілекей бездері ауруларының асқыну және ремиссия мерзімдері тән://
Жедел вирусты сиалоденитке//
Созылмалы интерстициалды сиалоденитке//
Жедел бактериалды сиалоденитке//
Сілекейтас ауруына//
+Созылмалы паренхиматозды сиалоденитке
***
Хейлопластика жасаудағы мақсат://
Жырықты жоғалту//
Үстінгі ерінді ұзартып, мұрынның формасын түзету//
Жырықты жоғалту, үстіңгі ерінді ұзарту//
Еріннің анатомиялық дұрыс пішінін жасау//
+Жырықты жоғалту, үстіңгі ерінді ұзарту, мұрынның формасын түзету
***
Жақ сүйектерінің одонтогенді ісіктеріне жатады://
Остеома//
+ Амелобластома//
Хондрома//
Остеобластома//
Миксома
***
7 жастағы баланың тісжегілі тістері бар, тұратын жердегі фтордың мөлшері 2 мг/л, балаға тағайындау қажет://
Құрамына емдік шөптер енетін емдік-профилактикалық тіс сықпасын//
Құрамында фторы бар емдік-профилактикалық тіс сықпасын,
гигиеналық тіс ұнтағын//
+Құрамында фосфорлы-калий тұзы бар емдік –профилактикалық тіс сықпасын//
Гигиеналық тіс сықпасын//
Тіс ұнтағын
***
12 жасар баланың 3.6 тісі үнемі сыздап ауырады, тіске тіс тиген кезде ауырсыну үдей түседі, баланың 3.6 тісін жұлу үшін ең бір тиімді жансыздандыру әдісін көрсетіңіз. Объективті: 3.6 терең тісжегі қуысы тіс қуысымен жалғасып жатыр. Зондтау ауырсынады, перкуссия тез ауырсынады, айналасындағы шырышты қабат қызарған ісінген. Тіс бірнеше рет емделген.//
Электрожансыздандыру//
Жалпы жансыздандыру//
Жағумен жансыздандыру//
+Өткізгіштік жансыздандыру//
Инфильтрационды жансыздандыру
***
Бала 5-жаста, тілінің қысқалығына, бойынша ота жасатуға келді. 1% тримекаин ерітіндісін 1,5 мл жасағаннан соң, қозғалып, мазасызданды, құсқысы келді, іші ауырды. Объективті: есі сақталған, бет, мойын терісі қызарған, тыныс алуы жиілеген, қиындаған, пульсі жиі, шаншулар.
Сіздің тактикаңыз://
25% кордиамин ерітіндісін бұлшық етке еңгізу//
10% кофеин ерітіндісін тері астына еңгізу//
денеге горизонталды қалып беруге//
+0,1 % адреналин ерітіндісін тері астына еңгізу//
24% эуфиллин ерітіндісін бұлшық етке еңгізу
***
8-жастағы баланың ауыз қуысын сауықтыруда 1.1,2.1, 3.1,4.1 тістердің вестибулярлы бетінің кесу қырында және шайнау жақ бетінде 1.6, 2.6, 3.6 ,4.6 тістерінің шайнау бетінде ақ дақтар байқалған. КПЖ +кп =8.
Гигиеналық индексі=1, Нәресте сары аурумен, пневмониямен ауырған.Осы аурудың патогенезіндегі негізгі фактор болып табылады://
Дисминерализация//
+Қалыптасу ақауы//
Деминерализация//
Кіреуке ақуызы мен көмірсуларының бұзылулары//
Реминерализация
***
10 жастағы бала көшедегі төбелестен ауыз қуысының түбін бізбен зақымдап алды. Объективті қарағанда: кішкентай ену тесігі, ауыз түбі жұмсақ тінінің аздаған ісінуі байқалады. Мүмкін болатын асқынуды атаңыз://
Обтурациялық асфиксия//
Аспирациялық асфиксия//
Дислокациялық асфиксия//
+Клапандық асфиксия//
Стенотикалық асфиксия
***
11-айлық баланы кеңес алуға бағыттаған. Анасының айтуынша, қатты таңдайының шырышты қабатында жара бар. Бала мезгіліне жетпей туған, жасанды тамақтанады. Ауыз қуысында қатты таңдайдың жұмсақ таңдайға өту жерінде терең жара көлемі 1,2* 0,6 см., жара беті сары-сұр қақпен жабылған.
Сіздің диагноз://
Жедел ұшықты стоматит//
Жедел саңырауқұлақ стоматиті//
+Созылмалы жарақаттық стоматит//
Созылмалы қайталана беретін ұшықты стоматит//
Жаралы-некротикалық стоматит
***
Мезофарингоконстрикция- бұл://
Үлкен таңдай тесігінен шығатын ағза-жүйке түйінен босату//
Шырышты сүйек бетіндегі қиықты қабаттап бөлу//
+Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінің тарылуы//
Таңдай жырығын тарылту//
Қанаттәрізді өскіннің күршегін негізгі сүйектің қанаттәрізді өскінінен айыру
***
Бала 14 жаста. Клиникаға төменгі сол жақ сүйегінің өсуі кідіргеніне және жақ деформациясына шағым айтты. Сау жағындағы ауыз бұрышы төменге ығысқан. Тістесуі айқасқан. Төменгі жақтың қозғалуы шектелген.
Сіздің диагноз://
Үйреншікті шығып кету//
Остеоартрит//
+Деформациялайтын жасөспірімдік артроз//
Анкилоз//
Созылмалы жарақаттық артрит
***
С П С
55 54 53 52 51 61 62 63 64 65
85 84 83 82 81 71 72 73 74 75
П 0 С
5 жастағы балада тісжегінің интесивтілігі тең://
2//
3//
4//
+5//
6
***
Бала тістерінің шыға салысымен косметикалық ақауға шағым айта келді. Қарағанда тістері қалыпты көлемде, пішінде, түсі де қалыпты. Барлық тістерінің кіреуке бетінде жүлгелер хаотикалы орналасқан, әр түрлі қырлы болып көрінуі. Рентген көріністе тіс қуысы мен түбірлерінде өзгеріс жоқ. Сіздің диагноз://
Жүйелі гипоплазия, жүлгелі түрі//
Флюороз, штрихты түрі//
Аяқталмаған амелогенез, І вариант//
+Аяқталмаған амелогенез, ІІІ вариант//
Аяқталмаған дентиногенез
***
7 жасар балада 3.6, 4.6 тістерінде терең интактілі сызаттары бар: соқыр шұңқырларын жабу үшін СИЦ қолдану мүмкін бе://
+Мүмкін, өткені материал тіс тінімен химиялық байланысқа түседі//
Мүмкін емес, өйткені материал тіс тінімен нашар байланысады//
Мүмкін емес, өйткені мықтылығы аз//
Мүмкін, тек тіс түбірлері толығымен қалыптасқан болғанда//
Мүмкін емес, өйткені иономерлік цементтер жоғары токсикалы
***
10 жасар баланың жарақат кезде 1.1 тістің деффекті диагностирленген, ұлпа камерасы жалаңашталған, рентегнограммада апикалды 1/3 түбірі қалыптасқан. Бала жиі аурады, педиатрдың бақылауында тұрады. Сіздің емдеу тактикаңыз://
Сауыт ұлпасын виталды келте кесу//
+Тірідей экстирпация әдісі//
Ашылған ұлпаға одонтотропты паста қойып және қорғайтын сауыт салу қажет//
Ортодонтиялық сауыт даярлау//
Ұлпаны терең келте кесу
***
2-жастағы бала жедел ауырды. Дене қызуы 38°С –қа көтерілді.. Объективті: халі орташа ауырлықта, бала әлсіз, жылай береді. Ауыз аймағының бет терісінде және қызыл ерінде топталған көпіршіктер. Жақасты аймағында, екі жағында да едәуір ұлғайған тығыз, ауырсынатын лимфа түйіндері. Лимфа түйіндері бетіндегі тері жамылғысы қызарған, қатпарға жиналады. Флюктуация анықталмайды. Болжам диагноз://
Жедел серозды одонтогенді лимфаденит//
+Жедел серозды стоматогенді лимфаденит//
Абсцесстелген лимфаденит//
Жақасты аймағының аденофлегмонасы//
Жақасты аймағының аденоабсцессі
***
Бала бір жарымда, 2-апта бұрын жедел респираторлық аурумен ауырған, екі күннен бері дене қызуы 39°С көтеріліп, құсады. ЖРВИ-деген диагноз қойылды. Қарағанда жақ асты лимфатүйіндерінің лимфадениті, сілекей ағу, алқызыл еріндерінің шырышты қабатында, тіл ұшында, ұртында көптеген ойықтар фибринозды қақпен жабылған. Қызыл иек ісінген, қансырайды. Жергілікті емі үшін қолданылатын негізгі препарат://
+Вирусқа қарсы//
Ыстық түсіретін//
Ауырсынуды басатын//
Антисептикалық//
Иммунитетті стимулдайтын
***
14 жастағы бала ас ішкенде пайда болатын ауырсынуға, күю сезіміне, қызыл иектің қансырауына шағым айтады, ауызы құрғап, күю сезімі болған.
Объективті: науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жоғарғы және төменгі жақтағы тістерінде тіс қақтары, тіс түзілістері бар. Тіс аралық қызыл иек емізікшелері қызарған, ісінген, ойылған, некротикалық қақпен жабылған, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі. Жақ асты лимфа түйіндері ісінген, ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. Осы ауруда микробтардың қай түрі басым болады://
Қарапайым ұшық вирусы//
Стрептококктар, стафилококктар//
Кандида саңырауқұлақтары//
Желшешек вирусы//
+Венсан спирохетасы, фузобактериялар
***
12 жастағы баланың жарақаттан соң қарағанда 2.1 тісі қысқарған, ығысқан, рентгенограммада периодонталды тесік жоқ. Сіздің тактикаңыз://
Тісті жұлу, протездеу//
Алып, тісті тесіп, ұлпасын алып, пломбалап, орнына реплантация жасау//
Салмақ түсірмей, бақылап (рентгенограмма, ЭОД), көрсеткіші бойынша эндодонтиялық ем//
+Орнына қойып, бекітіп, рентгенологиялық бақылау және ЭОД//
Дефектті имплантантпен жою
2 вариант
Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген зақымдану ошақ, көлемі 2 x 1,5 см, бархатты беткейлі қою қызыл түсті анықталады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта– тікенек жасушаларының полиморфизм. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
+Боуэн ауруы//
Қызылжегі, эрозивті түрі//
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі//
Лейкоплакия, эрозивті түрі//
Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр
***
Науқас Д., 67 жаста, төменгі еріннің қызыл жиегінде механикалық және химиялық тітіркендіру кезінде ауырсынатын бір эрозия пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінде эрозия кезеңді пайда болады, тез эпителизацияланады және төменгі еріннің дәл сол бөлікте қайтадан пайда болады. Қарау кезінде: төменгі ерін қызыл жиегінің орталық бөлігінде беті тегіс, сопақ пішінді эрозия. Пальпация эрозия ауырсынусыз. Айналасындағы шырышты қабат қабынбаған. Гистология: эпителий жасушасының дегенеративті өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз?//
Кейер эритроплазиясы//
Боуэн ауруы//
Қызыл жиегінің сүйелді обыралды//
Шектелген обыралды гиперкератоз//
+Абразивті канцералды Манганотти хейлиті
***
Науқас Р., 20 жаста, бір апта бұрын тәтті тағамнан пайда болған ауырсынуға шағымданады. Зерттеу кезінде 3.6 тістің мойын маңының артқы жанасу беткейінде кең көлемде эмаль және дентиннің сыртқы қабаты деңгейінде тіс жегі қуысы байқалды. Зондтағанда тісжегі қуысын қабырғасы ауырсынбалы. Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың ерекшеліктерін атаңыз?//
+Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды шайнау беткейі арқылы жүргізеді//
Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды мойын маңы аймағы арқылы жүргізеді//
Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды 3.7 тіс арқылы жүргізеді//
Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды көрші қуыс 3.5 тіс арқылы жүргізеді//
Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан апроксимальды беткейін трепанациялау
***
Тек қана еріннің қызыл жиегінде қабыршақтануымен жүретін созылмалы ауруы. Зақымдалуы элементі қабыршақ түрінде, ортасы маңайындағы тіндермен тығыз байланысты. Құрғақ және жалғақты түрін ажыратады. Бұл қандай ауру//
Экзематозды хейлит//
+Эксфолиативті хейлит//
Атопиялық хейлит//
Гландулярлы хейлит//
Метеорологиялық хейлит
***
Науқас Ф., 40 жаста ерін өлшемінің ұлғаюына, сөйлеу кезінде ерінде сілекейдің пайда болуына шағымданады. Объективті: ерін қалыңдаған, кеңейген сілекей безі өзегінің тесігі көрінеді, одан сілекей тамшысы бөлінеді («шық» симптом). Пальпация кезінде ерін қалыңдығында ұсақ «бұршақ» - безді тіндердің гипертрофиясы анықталады. Өзгеріс өтпелі аймақта орналасады, яғни еріннің қызылжиегі және ауыз қуысының шырышты қабаты арасындағы аймақта. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
Актиникалық хейлит//
Эксфолиативті хейлит//
+Гландулярный хейлит//
Экзематозды хейлит//
Метеорологиялық хейлит
***
Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршақтануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, науқастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрленген, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?//
Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі//
+Метеорологиялық хейлит//
Гландулярлы хейлит//
Контактты аллергиялық хейлит//
Актиникалық хейлит
***
Науқас 43 жаста, тағам қабылдау кезіндегі ауырсынуға, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде: екі жақ ұрттың өзгермеген шырышты қабатында папоротник суреті ретінде көптеген папулалар анықталады, түсі ақшыл-сұр, қырғанда алынбайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі//
+Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі//
Қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератотикалық түрі//
Қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті-гиперемиялық түрі//
Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі
***
Ер адам Б., 59 жаста, ауыз қуысында күйю сезіміне, кейде тағам қабылдау уақытында термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде тістердің түйісу сызығы бойында шырышты қабат үстінде түзіліс түрде қосылған түйіншектер (бляшк анықталады. Зақымдалу ошағы тығыз, қатпарға жиналмайды. Зақымдалған аймақ түсі – сүт – ақ жылтырмен. Кератоз аймағы айналасының шырышы өзгермеген. 4.4, 4.6 тістер алтыннан жасалған сауыттармен қапталған, 4.5, 4.7 тістер болаттан жасалған сауыттарымен қапталған. Гистологиялық анализ дәнді және мүйізді қабаттың өсу арқасында қалыңдауын көрсетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
Эрозивті-жаралы лейкоплакия//
Жұмсақ лейкоплакия//
Таппейнер лейкоплакиясы//
Жалпақ лейкоплакия//
+Веррукозды лейкоплакия
***
Ер адам 32 жаста тісінің қозғалғыштығына, қызыл иегінің қанауына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Объективті: қызыл иек қызарған, ісінген, болбыр, пародонтальды қалталардың терендігі 6 - 8 мм, ішінен іріңді жалқық бөлінеді. Қызыл иек асты және үсті тіс тастары бар, тісінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі. Рентгенде: альвеола арасындағы сүйегінің 1/2-2/3 түбір ұзындығына дейін горизонтальді және вертикальді резорбция. Қандай кюретаж жасау керек?//
+Ашық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталар грануляциялармен тіс тастарынан тазаланады.//
Жабық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталарындағы грануляциялармен тіс тастарын күйдіреді.//
Жабық кюретаж жасау керек, себебі тіс мойынының және одан төмен орналасқан тіс тастары, қақтары тазаланады//
Ашық кюретаж жасау керек , себебі сүйек тіндерін шетін кесіп егеп тастау керек//
Жабық кюретаж жасау керек себебі операция жүргізуде, визуальді контроль қажет
***
Науқас Н., 47 жаста қызыл иегінің қанауына, ауызынан жағымсыз иістің шығуына шағымданды. Анамнезінен бұндай белгілер бұрыннан болған, бірақ емделмеген. Объективті: ауыз қуысы санациядан өтпеген, ауыз қуысының гигиенасы төмен. 4.5, 4.6, 4.7, 3.5, 3.6, 3.7 тіс аймағында пародонтальді қалта бар, терендігі 3-4 мм. Сіздің нақты диагнозыңыз?//
Жедел катаральды гингивит//
Жайылмалы пародонтит, II дәреже//
+Жайылмалы пародонтит, I дәреже//
Жайылмалы пародонтит, III дәреже//
Пародонтоз, III дәреже
***
Ер адам 23 жаста тісін тазалағанда, қатты тағам жегенде қызыл иектің қанайтынына шағымданды. Объективті: төменгі жақтың алдыңғы тістер аймағындағы қызыл иегі қызарған, ісінген, пальпация кезінде қанайды. Ауыз қуысының шырышты қабығының басқа аймақтар өзгеріссіз. Тістесу терең. 4.1 және 4.2 тістер І дәрежелі қозғалғыш, басқа тістер қалыпты. Рентгенограммада: 4.1, 4.2 тістер маңындағы альвеола аралық сүйегінің 1/3 түбір ұзындығына дейін резорбциясы. Сізідң диагнозыңыз?//
Жайылмалы пародонтит, бастапқы дәреже//
Жайылмалы пародонтит, І дәреже//
Катаральды гингивит//
+Ошақты пародонтит, І дәреже//
Пародонтоз, І дәреже
***
Науқас В., 43 жаста, тілдің ерекше түріне, тітіркендіргіш тағамды қабылдау кезіндегі ауырсынуына, күйдіру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: тілдегі суреттің кезеңді ауысуын науқас байқайды. Қарау кезінде: тіл арқасының оң жақ аймағында және бүйір беткеінде ақ-сұр және қызыл түстес ошақтар байқалады. Ошақтар сопақ пішіндес болады, бір суретке қосылғанда географиялық картаны еске түсіреді. Осы клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?//
+Десквамативті глоссит//
Ромбтәрізді глоссит//
Қатпарлы тіл//
Шашты тіл//
Глоссалгия
***
Науқас 50 жаста қызыл иегінде қышу сезіміне, тістердің тактильді және химиялық тітіркендіргіштерге аса тым сезімталдылығына шағымданады. Қарау кезіңде қызыл иек тығыз, ақшыл – қызыл түсті. Тістерде сына тәрізді ақаулар бар. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығында жалаңаштанған, тістер қозғалмалы емес. Рентгенографиялық горизонтальді тіс аралық перделердің деструкциясы (атрофия) 2/3 ұзындығында. Болжамды диагноз қойыңыз?//
ІІ дәрежелі пародонтоз//
ІІ дәрежелі пародонтит//
атрофиялық гингивит//
ІІІ дәрежелі пародонтит//
+ІІІ дәрежелі пародонтоз
***
Нуқас 20 жаста, жоғарғы жақтың оң жағында тісжегі қуысының болуына шағыданады. Объективті: 1.6 тісте терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан, зондтау ашылған нүктеде ауырсынусыз. 1.6 тісте перкуссия әлсіз ауырсынбалы. Қызыл иекте 1.6 тіс түбір проекциясының маңында жыланкөз бар. Диагноз қойыңыз//
+Созылмалы гранулирлеуші периодонтит//
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит//
Жедел серозды периодонтит//
Жедел экссудативті периодотит
***
Науқас 34 жаста. Шағымдары жоқ, санация ретімен келді. Объективті қарағанда 1.6 тісте шайнау бетінде терең тіс жегі.Зондағанда: түбінде ауырсыныды,түбі тығыз. Перкуссия ауырсынбайды. Дәрігер тісжегі қуысты егеп–тазалаған кезде 1.6 тістің тіс қуысын бір нүктеде байқамай ашап алады. Осы пульпитті биологиялық әдіспен емдеп одонтотропты сықпаларды қолданып емдеуге болады. Қандай диагноз қойылды?//
Созылмалы гипертрофиялық пульпит//
+Жедел жарақаттық пульпит//
Жедел ірінді пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы//
Жедел диффузды пульпит
***
Науқас М., 60 жаста, 2.5 тісінен пломбаның түсе беруіне және химиялық тітіркендіргішке ауырсынатынына шағымданады. Анамнезінен пломбасы екі күн бұрын түсіп қалғанын білді. Науқасты тексеру кезінде 2.5 тісінің алдыңғы және артқы контактты бетінің мойын аймағында кариозды қуыс бар. Зондтау аздап ауырсынбалы, температуралық тітіркендіргіштерге ауырсынбайды. Осы клиникалық жағдайда ем жүргізу әдісінің ерекшелігі Қандай?//
+Егер тісжегі қуысына кіруге жақсы мүмкіндік болса, олардың әр қайсысын жеке, шайнау бетіне шығармай мүсіндейді//
Егер тісжегі қуысына кіруге жақсы мүмкіндік болса, шайнау бетіне шығарып,онда қосымша алан жасайды//
Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмаса, жанындағы тістің контактты бетінен трепанация жасап қосымша алан жасайды//
Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмасатістің контакт бетінен трепанация жасап, сол арқылы мойын аймағына кіруге мүмкіндік береміз//
Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмаса, жанындағы тістің шайнау бетінен трепанация жасап, сол арқылы мойын аймағына кіруге мүмкіндік береміз
***
Науқас 24 тісіндегі үздіксіз қақсап ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінен себепші тіс бұрын емделмеген. Сұрау кезінде 24 тісінің контакті бетінде терең тіс жегі қуысы бар, зондтау кезінде қуыс ашылмаған. Перкуссия тез ауырсынбалы. Пальпация кезінде өтпелі қатпар қалыпты. Рентген суреттемеде 24 тісінің патологиясы анықталмаған. ЭОД- 100 мкА. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?//
+Интоксикация фаза кезіндегі жедел периодонтит//
Экссудация фаза кезіндегі жедел периодонтит//
Созылмалы гранулирлеуші периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит//
Созылмалы периодонтиттің өршуі
***
Науқас Р., санация мақсатында келді. Обьективті 2.5 тісте тісжегілі қуыс пигменттелген тығыз дентинмен толған, зондау кезінде қуыстың түбі ауырсынады, түбі тығыз. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД – 6 мкА. Емдеуде кальцийдің гидрототығы негізіндегі пломбалық материалды қолдануға бола ма?//
Жоқ, себебі бұл материалдардың одонтотроптық қасиеті жоқ//
Жоқ, себебі кальцийдің гидрототығы - сілті, рН 10 – 12 және ұлпада некроз болуы мүмкін//
+Иә, себебі бұл материалдардың одонтотроптық қасиеті бар//
Жоқ, себебі бұл мақсатта басқа препараттар яғни, жаңадан шыққан препараттар қолданады//
Иә, себебі кальцийдің гидрототығы негізіндегі материалдар түбір өзекте дентиклдер және перификаттардың қалыптасуына әкеледі
***
Науқас А 1.6, 1.7 тістер аймағында тамақты қабылдағанда, тісті тазалағанда қызыл иектің қанауына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Объективті : гиперемия, ісіну, тістердің I-II дәрежедегі қозғалғыштық, мойынның және түбірдің жартылай жалаңаштануы, түбір ұзындығы 1/3 ден 1/2альвеолярлы өсіндінің биіктігі тегіс емес төмендеуі, абцесстердің түзілуі, пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм және одан серозды іріңді экссудат бөлінеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
+Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, орташа дәрежелі//
Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі//
Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, орташа дәрежелі//
Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, ауыр дәрежелі//
Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, ауыр дәрежелі
***
Науқас Ж., 39 жаста, 1.2 тісінен пломбасының түсіп қалғанына шағымданды. Анамнезінен пломба екі күн бұрын түсіп қалғанын білдік. Зондтау ауырсынбалы,температуралық тітіркендіргішке реакция теріс, тіс қуысы ашық. Дәрігер тұрақты пломба астына түбір өзекті қатаймайтын пастамен пломбалауды ұсынды. Бұндай ем қолдануға болама және дұрыспа.//
+Олай жасауға болмайды себебі бұл пасталар тінаралық сүйығынан сорылып отырады//
Бұлай жасау керек, себебі пломба ақауын қайтадан қалпына келтіруге болады //
Болады, егер жыланкөз болса, себебі емдік паста периапикалды тіндерінің регенерациясын ынталандырады//
Болмайды, себебі қатаймайтын пасталар периапикальді тіндерді тітіркендіреді//
Болады, ондай паста қабынған периодонт тініне емдік ретінде және оның регенерациясына қатысады
***
Жақ-бет бөліміне жағдайы ауыр науқас түсті, шағымдары дене қызуының кқтерілуіне, басының ауырсынуы, көз шарасының ацырсынуы, көру қабілітінің төмендеуі. Қарау кезіңде-қабағы қызыл көкшіл түсті, ісіңген инфильтрат анықталады. Хемоз, экзофтальм, диплопия. Диагноз қойыңыз.//
+Көз шарасының флегмонасы//
Көз асты аймағының флегмонасы//
Самай аймағының флегмонасы//
Қанат-таңдай шұңқырынң флегмонасы//
Гайморит
***
Анестезия жасағанан кейін науқастың ұрт аймағының ісіңуі байқалады. Стоматолог-хирург жоғарғы ақыл тіс жұлынды, суық басуды кеңес өтті. 3 күнен кейін жоғарғы жақ аймағында ауырсыну пайда болды, ауырсыну құлақ және самайға таралады, дене температурасы көтерілді. Қарау кезіңде құм сағат симптомы бар. Ауыз ашылуы шектеулі, ІІІ ші дәрежелі контрактура. Жоғарғы жақ азу тістерінің өтпелі қатпарда жедел ауырсыну бар. Жоғарғы ақыл тіс ұяшығында қан ұйығы бар. Болжамды диагноз қойыныз.//
Иньекциядан кейінгі самай аймағының гематомасы//
Иньекциядан кейнгі ұрт аймағының гематомасы//
+Иньекциядан кейнгі самай асты және қанат –таңдай аймақ шұңқырының гематомасы//
Иньекциядан кейнгі самай асты шұңқыры аймағының гематомасы//
Иньекциядан кейнгі қанат –таңдай шұңқыры гематомасы
***
Науқаста төменгі жақтың обыры T4N0M0. Дәрігер науқасты МСЭК бағыттады. Мүгедектік тобын анықтаныз//
+Бірінші//
Екінші//
Үшінші//
Төртінші//
Бесінші
***
Науқас қабылдау бөліміне ДТП кейін естүссіз жағдайда түсті. Мандай аймағында жара ұзындығы 6см, қатты қанайды; жара шеті тегіс. Атериальды қан қысымы 70/40 мм.с.б.б. Пульс әлсіз. Науқаста не дамыды//
Жарақатты шок//
Синдром длительного сдавления//
Талу//
Коллапс//
+Геморрагиялық шок
***
Науқас Т., объективті қарау да өзгеріс жоқ. Жақасты лимфа түйіндері сәл ұлғайған. 46 тіс аймағының шырышты қабаты қызарған, вазопарез симптомы анықталады. 4.6 тіс сауыты 2/3 бұзылған. Емдеу жоспарын құрыңыз//
+4.6 тісті жұлу//
4.6 тістің медиальды түбір ұшы резекциясы//
4.6 тістің дистальды түбір ұшы резекциясы//
4.6 тіс түбірі гемиссекциясы//
4.6 тістің медиальды түбір ампутациясы
***
Науқас протездеу мақсатында қаралды. Ауыз қуысында 1.2-1.3 тісі пломбаланған. Сол аймақтағы шырышты қабық өзгеріссіз. Рентгенограммада- 1.3 тіс түбір ұшында диаметрі 0,5 см болатын сүйек тінінің тітіркену бар. Емдеу әдісін таңдаңыз//
+Түбір ұшы резекциясы//
Тісті жұлу//
Цистоэктомия//
Цистотомия//
Гранулотомия
***
Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі.
Жұтынғанда ауырсыну. 3.7 тіс шырыш арты қызарған, ісінген; 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальды бағытта, ретромолярлы кеңістік 0,5 см. Ем тактикаңыз таңданыз//
Новокаин-антибиотикті тежеу//
+Капюшонды кесу//
Периостотомия//
38 тісті жұлу//
Аппликация метрогилмен
***
Науқасты сырттай қарау кезінде бір жақты көзасты аймағында коллатеральды ісіну бар. Бет терісі өзеріссіз. 2.4- 2.6 тістер өтпелі аймағында қызарған, ісінген; вестибулярлы жағында флюктуация анықталады. 2.4 тіс сауыты бұзылған. Перкуссия оң. Ем тактикаңыз таңданыз//
+2.4 тісті жұлу және периостотомия//
Периостотомия және антибактериальды терапия//
Антибактериальды терапия және физиоем//
2.4 тісті жұлу және антибактериальды терапия//
2.4 тісті жұлу және физиоем
***
Науқас төменгі жақтың дене аймағындағы жыланкөздің болуына шағымданып келді. Жыланкөзде грануляциялы іріңді бөлініс бар. Төменгі жақ денесі қалыңдаған. Бір ай бұрын стационарда төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті диагнозымен жатқан. Рентгенограммада-жаңа түзіліс сүйек тінінің ортасында, яғни шекарасы анық сүйек тінінің резорция ошағы төменгі жақ негізінде орналасқан. Емдеу тәсілін таңдаңыз?//
Кюретаж//
+Секвестрэктомия//
Антибиотикотерапия//
Иммуномодуляторлар//
Биогенді стимуляторлар
***
Науқас көз алмасына берілетін жоғарғы жақтың ауырсынуына шағымданып жақ-бет бөліміне келді; мұрынан бөлініс бөлінеді, ауырлық сезімі,басының ауруына, дене температурасы 40˚ С, иіс сезім төмендеуі, әлсіздік, дімкәстікке. Анамнезінен – 2 күн бұрын ұрт аймағында ісіну, мұрынының бітелуі, басының ауыруы. Ұрт және көз асты аймағы ісінген. Терісі өзгеріссіз. Үлкен түбірлі тістер аймағының ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабаты қызарған, ісінген. Пальпация ит шұңқыры аймағында ауырсынбалы. 2.6 тіс сауыты 1/3 бұзылған, перкуссия 2.5- 2.7 тістер ауырсынбалы. Сіздің емдеу тәсіліңіз?//
+2.6 тісті жұлу және гаймор қойнауы пункциясы//
