Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.02 Кб
Скачать

13 Билет

2.1939-1959 жылдар арасыңдағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістерді бірнеше ішкі кезеңдерге бөле отырып қарастыруға болады: Бірінші кезең 1939 жылғы санақ пен 1946 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Республика халқының қарастырылып отырған 20 жыл ішіңдегі айтарлықтай кемуі 1941-1945 жыддардағы демографиялық апат кезеңіне тен. Бұл мерзім ішіндегі халық құамының өзгерістеріне депортациялар, екінші дүние жүзілік соғысы және соғысқа қатысты мобилизация мен демобилизация, стихиялы және реттеулі эвакуация мен реэвакуация, өнеркөсіп орындарын көшіру, Еңбек армиясына мобилизациялау әсер етті. Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соның ішіндегі қазақтардан тікелей 153,9 мың, жанамалай 172,1 мың, барлығы 326,0 мың адам шығын болды [45]. Соғыс шығыны ашаршылықтың демографиялық зардабындай бола қойған жоқ.

3. Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

14 Билет

1. Партия Қазақстан коммунисттік партиясының бөлшектенуі себепті пайда болды. Партияны құру идеясы ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы С. Ә. Әбділдин келіспеушіліктер себепті құрамынан шыққан Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 12 мүшесіне тиесілі. Бөлінуге мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасыновтың ҚКП хатшысы болып тағайындалуы себеп болды. ҚКП-дан ҚКХП-ға 15 мың адамдай өтті. КНПК Құрылтай сьезі 2004 жылы сәуірде, 2004 жылы 21 маусымда Қазақстанның Әділет министрлігінде тіркелді.2004 жылғы мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша партия 1,98 % дауыс жинап (пропорционалды жүйе бойынша дауыс беру) парламентке өте алмады.2007 жылы 28 наурызда КНПК және ҚКП біріңғай пресс-конференция өткізіп дайындалып жатқан бірігу туралы жариялады. Кейінірек КПК-мен жіті саяси келіспеушіліктерге байланысты ҚКХП бірігуден бас тартты.

2. РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI съезінде жұмысшы жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Ал Қазақстан аумағында бұл әрекет азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында басталған болатын. 1918 жылы алғашқы комсомол ұясы дүниеге келді. Комсомолды ұйымдастырушылар Б.Атуев, Х.Чурин, Қ.Сахыбалиев, Ғ.Сұлтанов, Е.Сереченко, М.Кұжбанов, Н.Оперштейн, М.Шығаев, т.б. болды.1918 жылдың 29 қазанында Мәскеуде Жұмысшы және шаруа жастарының I Бүкілресейлік съезі ашылды. Комсомол тарихы осы кезден басталады.Комсомол ұйымының негізіне мына төмендегі қағидалар жатқызылды:Қазақстандағы алғашқы комсомол ұйымдары бірінші кезекте темір жол желісі бойындағы поселкелерде құрылды. Елде азамат соғысы жүріп жатты. Өз ықпалын күшейте түсу үшін Кеңес өкіметі жақтастары қатарын көбейтуге ұмтылды. Бұл жолда оған Қызыл Армияның партия ұялары мен саяси бөлімдері көмек көрсетті.

3. Мүлікті тәркілеу – қылмыс жасағаны, әкімшілік немесе азаматтық құқықты бұзғаны үшін қолданылатын қосымша жаза ретінде кінәлі адамның меншігіндегі мүлікті немесе оның бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, өтеусіз, қайтарымсыз алу. Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді де, заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Тәркілеуге сотталған адамның жеке өзіне тиісті мүлкі немесе сот үкім шығарған сәтте оның ортақ бірлескен меншіктегі үлесі болып табылатын мүлік қана жатады. Қылмыстық атқару заңына сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбейді.