1 Билет
1. Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды
2. .Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
3.Оралман-жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары. 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” заңының 1-ші бабына сәйкес оралмандар дегеніміз- Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
2 Билет
1.Қарақұмдағы тарихи құрылтай қазақ халқының санасының көтерілуіне және жоңғар шапқыншылығына қарсы жалпықазақ бірлігінің нығаюына үлкен үлес қосты. Нәтижесінде бүкіл қазақ рулары жаулап алушылардың әскери экспансиясына қарсы күреске қатысты. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті.
2.Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.. Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан.
3. Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған
3 Билет
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды. Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды. Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлыбастаған көтерілістерді жатқызуға болады.
Осы көп ұлтты көтеріліске қазақтардыңда қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден мал жайылымы жетіспеді.Патша қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі шебіне өтуіне,сондай-ақ оған жақын көшіп қонуға тыйым салынды.Оның үстіне Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойына өтуге тыйым салынды.1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың үлкен бір бөлігі өздерінің тарихи отанына,Жоңғарияның қаңырап бос қалған жеріне жетуге көш бетін түзеді.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары,патша үкіметінің айдап салуы мен Жоңғарияны көшіп бара жатқан қалмақтарды тас-талқан етіп қыруға белсене ат салысты.Қалмақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жайлаған жерледі иемденіп қалуға қазақтар толықтай құқығымыз бар деген талап қойды.Бірақ патша үкіметі бұған құлақ асқан жоқ. Екіншіден,қазақ халқы өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға тіпті де келісе алмады.Өйткені бұл мал шаруашылығына елеулі түрде зиянын тигізді. Үшіншіден, патша үкіметі Орта жүз емін еркін малын жайып жүрген Жаңаесіл жерін 1752-1755 жылдары басып алды. Төртіншіден,патша үкіметі қазақ жеріне әскери іздестіру деген сылтаумен қазақ жеріне кіріп қазақтарды ашық түрде тонап кетті. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты.
Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді. өлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған (қ. Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы). 1920 ж. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орталық Азия елдерінде мемлекеті биліктің жоғары органы Құрылтай болды. Қазіргі Моңғолияның заң шығарушы органы — ұлы халық хуралы. Моңғол және түркі елдерінде бұл жиналыс, кеңес деген мағынаны білдіреді;
Құрылтай — партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы.
