- •Оқу әдістемелік материалдар
- •1.Әзірлеген:
- •4. Алғаш рет енгізілген
- •2. Дәрістер
- •1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері
- •1.Саясат дене не, ол қашан пайда болды?
- •2.Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері
- •3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар
- •4.Мемлекет оның белгілері туралы
- •5.Саяси партиялар мен қоғамдық –саяси қозғалыстар
- •6.Саяси элита және саяси жетекшілік
- •7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •8.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер.
- •9. Саяси идеология
- •11.Әлемдік саясат
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
- •6. Әдебиеттер
11.Әлемдік саясат
1.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
2. Қазақстандағы сыртқы және халықаралық қатынастар мәселелері. 3.Қазақстанның Орта Азия мен Еуропа елдері арасындағы халықаралық мәселелері.
4.Жаңаша саяси ойлау және халықаралық саясат.
Әлемдік саясат деп- мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Оған сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді.
Сырқы саясат –жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа Мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер Мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арарсалмағы. Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған.
Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты.
Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда.
Халықаралық саясатпен тығыз байланысты ұғым «ұлттық мүдде». Бірақ әлемдегі мемлкекеттердің көпшілігі көпұлтты. Сондықтан Мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе бермейді. Ұлттық мүддемен етене байланысатын ьағы бір ұғым «ұлттық қауіпсіздік».
Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ең маңыздысы-мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізнде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық инститтуттар жасауға, Барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды.
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:
- Мемлекеттік мүддені қорғау;
- экономикалық реформаларды жалғастыру;
- демократиялық институттарды күшейту;
- сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
- әлем елдерімен тұрақтылықта болу;
- серіктестік қатынастарды дамыту;
- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене араласу;
- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.
Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесіне айналды. Сонымен қатар республиканың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған келелі мәселесі- қарусызданы мен халықаралық қауыпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтарын, ортаны, ішкі ахуалды жақсарту мен дамыту.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты шынайы жүргізумен бірге, өз елінің ішкі ахуалында жақсартып, әлем елдерінің (50 алпауыт елдер ) қатарынан шығуды және болашаққа өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сенімі мол егеменді елге айналуды жоспарлап қана қоймай оны өз халқының қолдауымен жүзеге асыруды да саяси бағдарламалармен қызмет жасауда.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Әлемдік саясат деген не?
2.Сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының айырмасы неде?
3.Сыртқы саясаттың мақсаты не?
4.Ұлттық мүдде деген не?
5.Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?
6.ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз?
3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
1 семинар
1)Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2)Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.
3)Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.
2 семинар
1)Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.
2)Жаңа заман және марксистік саяси идеялар.
3) Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
4)ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
3 семинар
1)Билік ұғымы мен түсінігі. Билік қызметі мен онің жіктелуі.
2)Билік түрлері: саяси және мемлекеттік.
3)Саяси тәртіп. Саяси жүйе. Олардың жіктелуі
4)Демократия түсінігі және оның саяси маңызы
4 семинар (2 сағат)
1)Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері.
2)Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия, демократия, тоталитаризм.
3)Мемлекет функциялары.Құрылымы.
5 семинар
1)Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі.
2)Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары.
3)Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі
4) ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі.
6 семинар
1)«Элита» термині, мазмұны мен қызметі.
2)Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі.
3)Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы концепциялар.
4) Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны.
7 семинар
1)Өтпелі кезең, саяси жүйе принциптері.
2)Саяси жүйелердің қалыптасуы. Саяси жүйенің реттеуші формалары, көзқарастар, концепциялар.
3)Қазақстандағы саяси жүйенің болашақ тұжырымдары.
8 семинар
1)Демографиялық саясат ұғымы. Оның негізгі бағыттары.
2)Демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіштері: миграциялық тұрғындар т.б.
3)Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайлар.
9 семинар
1)Қоғамның әлеуметтік-саяси этникалық топтары.
2)Этностардың даму теориялары. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны.
3)Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты.
10 семинар
1) Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі.
2)Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы
3)Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар.
11 семинар (2 сағат)
1)Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
2) Қазақстандағы сыртқы және халықаралық қатынастар мәселелері. 3)Қазақстанның Орта Азия мен Еуропа елдері арасындағы халықаралық мәселелері.
4)Жаңаша саяси ойлау және халықаралық саясат.
