- •Оқу әдістемелік материалдар
- •1.Әзірлеген:
- •4. Алғаш рет енгізілген
- •2. Дәрістер
- •1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері
- •1.Саясат дене не, ол қашан пайда болды?
- •2.Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері
- •3.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдар
- •4.Мемлекет оның белгілері туралы
- •5.Саяси партиялар мен қоғамдық –саяси қозғалыстар
- •6.Саяси элита және саяси жетекшілік
- •7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •8.Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер.
- •9. Саяси идеология
- •11.Әлемдік саясат
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
- •6. Әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
4 деңгейлі СМЖ құжаты |
ОӘК |
УМКД 042-14-5-08.01.20.05/03- 2011 |
ОӘК Оқытушыға арналған “Саясаттану” пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы |
№ 1 басылым 02.09.2011 |
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Саясаттану»
Барлық мамандыққа арналған
Оқу әдістемелік материалдар
Семей 2011
1.Әзірлеген:
Құрастырушы: _____________ «01» 09 2011 жыл
Екібаев Р.Ж., Философия кафедрасының оқытушысы
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Философия кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 «04» 09 2011 жыл.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /ф.ғ.к. Мұқатаева А.А./
2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 «11» 09 2009 жыл.
Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Колмогорова Г.Б./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама № _1_ «30» 09 2011 жыл.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор: ____________ /т.ғ.д. Рскелдиев Б.А./
4. Алғаш рет енгізілген
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Әдебиеттер
ГЛОССАРИЙ
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.
Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.
Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация-жаңалық енгізу
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.
Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.
Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.
Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.
Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
