Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Есеп 6.

26 жасар ер адам бала кезінен бастап ревматизммен ауырады, ауруханаға бас айналуына, қатты жүрек соғуына, кардиалгияға шағымданады. Тексеру кезінде: терісі бозарған, ұйқы артериясының пульсациясы, жалғанкапиллярлық пульс анықталған. Кәріжіліктік артериядағы пульс жоғарылаған, жиілеген. АҚ 160/30 мм сб.б.б. Жүрек аускультациясында: жүрек ұшында 1 тонның әлсіреуі, қолқа үстінде ІІ тонның әлсіреуі, Боткин нүктесінде әлсіз протодиастолиялық шу анықталған.

26. Клиникалы-физикальды мәліметтер қандай жүректің ақауын анықтайды?

А. митральды стенозын

В.+ қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігін

С. митральды қақпақшаның жеткіліксіздігін

D. трикуспидальды қақпақшаның жеткіліксіздігін

Е. қолқа стенозын

27. Ревматизммен ауыратын науқаста жүрек жеткіліксіздігі дамуының патогенетикалық механизімі қандай?

  1. қанның минуттік көлемінің төмендеуі

  2. қанның жалпы шеткері қарсыласу күшінің төмендеуі

  3. +жүректен шығатын қан көлемінің күшеюі

  4. жүктемеден кейінгі күштің төмендеуі

  5. жүректен шығатын қан көлемінің төмендеуі

28. Жүрек қақпақшаларының қайтымды дезорганизациясының морфологиялық нышандарын көрсетіңіз:

  1. қақпақша жақтаушыларының склерозы, фибриноидты некрозы

  2. жүрек қақпақша жақтаушыларының іріңді гистолизі

  3. жүрек қақпақша жақтаушыларының өзгермеген мукоидты ісінуі

  4. жүрек қақпақша жақтаушыларының кальцинозы және перфорациясы

  5. +жүрек қақпақша жақтаушыларының склерозы және гиалинозы

29. Сағасының тарылуы кезінде қолқада қандай өзгеріс болады?

A. қолқа өзгермеген

B. +қолқаның жайылып (диффузды) кеңеюі

C. жоғарлаған бөлігінің жергілікті (локальное) кеңеюі

D. қолқа тарылған

E. қолқа тығызданған

30. Қандай таңдамалы β-адреноблокатор ГЭТ-дан өтеді және берілген ауруда қолданылады?

  1. +лабетолол

  2. окспренолол

  3. талинолол

  4. пропранолол

  5. бисопролол

Есеп 7.

25 жасар Т. деген науқас әйел 10 жыл бойы ревматизммен ауырады. Тексеру кезінде: науқастың бозарғаны, еріндерінің цианозы, тобықтарының ісінуі анықталған. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты, АҚ 130/85 мм сб.б.б. Жүрек аускультациясы: жүрек ұшында «перепел ырғағы», сол жақ қолтық асты аймағына берілетін біртіндеп төмендейтін диастолалық шу естіледі, өкпе артериясының үстінде 2 тон акценті, Грехэм-Стил шуы анықталады.

31. Берілген аускультациялық мәліметтер жүректегі қандай ақау туралы ойлауға мүмкіндік береді?

А.+ екі жармалы қақпақшаның тарылуы

В қосарланған екі жармалы қақпақшаның ақауы

С. қосарланған қолқалық ақау

D. екі жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

Е. үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

32. Науқастың тобықтарының ісінуінің дамуында қандай патогендік фактор жатыр?

А. +гидростатикалық қысымның жоғарылауы

В. лимфа ағымының күшеюі

С. онкотикалық қысымның жоғарылауы

D. альдостеронның гипосекрециясы

Е. гидростатикалық қысымның төмендеуі

33. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде өкпеде қандай патологиялық үдеріс байқалады?

  1. фиброзды альвеолит

  2. диффузды пневмосклероз

  3. өкпе гемосидерозы

  4. +өкпенің жедел веналық толыққандылығы

  5. бронхопневмония

34. Жүрек – тамыр көлеңкесінің митралді конфигурациясы үшін қандай рентгенологиялық белгілері тән?

    1. +сол жақ контуры бойынша 2 және 3 доғаның үлкеюі, белінің тегістелуі, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғары қарай ығысуы

    2. доғаларда оның контурының айқындылығының жоғалып жүректің біркелкі үлкеюі

    3. сол жақ контуры бойынша 2 және 3 доғаның ойыстынуы, олардың арасындағы бұрыштың кішіреюі, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғары қарай ығысуы

    4. сол жақ контуры бойынша 2 доғаның шығып тұруы, оң жақ жүрекшенің үлкеюі, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғары қарай ығысуы

    5. E.оң жақ атриовазалді бұрыштың төмен қарай ығысуы, қолқа орнының және енінің өзгерісі, сол жақ контуры бойынша 2 және 3 доғаның ойыстынуы, 4-ші доғаның үлкеюі.

35. «+» инотропты және «–» хроноторопты әсері бар қандай препарат бүйрек қызметінң қалпына келуіне және диурездің көбеюіне ықпал көрсетеді?

  1. нитроглицерин

  2. фуросемид

  3. нифедипин

  4. атенолол

  5. +строфантин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]