Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

10 НҰСҚА

Есеп 1.

28-жастағы жібек комбинатының жұмысшысында ұстамалы жөтел, бас ауруына дейін алып келетін экспираторлы демікпе, мұрыннан шырыштың бөлінуі, түшкіру анықталады. Мұндай ұстамалар соңғы 3 жылда және көбінесе күндізгі уақытта мазалайды. Темекі шегеді. Өкпеде дауыс дірілі әлсіреген, өкпелік перкуторлық дыбыс қораптық дыбыспен қосарланып естіледі, қатаң везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған, диффузды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенограммада өкпеде ауа толу күшейген, толыққанды.

1. Шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар қандай патологияны негіздейді?

А. бронхоэктаз ауруын

В. крупозды пневмония

С. ошақты пневмония

D. +бронх демікпесінің ұстамасында

Е. жүрек демікпесінің ұстамасында

2. Науқаста бұл аурудың дамуына қандай биологиялық белсенді зат ықпал етеді?

А. цитокиндер

В. комплемент жүйесінің компоненттері

С. +лейкотриендер

D. баяу әсер ететін субстанция факторы

Е. лимфокиндер

3. Бронхының қабырғасында бронхылық астмаға тән қандай морфологиялық өзгерістер байқалады?

  1. пневмосклероз, шырышты қабықшаның атрофиясы, альвеолаларда және бронхтардағы ұйымалы экссудат

  2. +бронхының қабырғасында некроз, бронхспазм, саңылауындағы іріңді экссудат

  3. шырышты қабықша метаплазиялы, лимфоцитті инфильтраттар, микроабсцесті экссудат

  4. гиперсекреция, толыққандылық, эозинофилді, базофилді, лимфоциті инфильтраттар

  5. бронхспазм, бронх саңылауындағыфибринді-іріңді экссудат

4. Эмфизема кезінде өкпедегі өзгерісті дәл анықтауға мүмкіндік беретін қандай визуалді диагностика әдісі?

А. +рентгенография

В. мультиспиралді компьютерлік томография

С. сызықты томография

D. полипозиционды рентгеноскопия

E. магнитті-резонансты томография

5. Қандай препараттар бронх демікпеде тікелей синергист болып табылады?

  1. верапамил — тербуталин

  2. аминофиллин — эпинефрин

  3. +ипратропиум — атропин

  4. астемизол — платифиллин

  5. сальбутамол — ипратропиум

Есеп 2.

56 жастағы ер адамда көп мөлшерді іріңді қақырықпен жүретін жөтел, кезеңді қалтырау, ентігу анықталады. Жарты ай бұрын пневмониямен ауырған соң дене қызуының 1-2оС аралығында тәулік бойы сақталуы байқалады. Беті бозарған, көгерген. Өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, оң жақ бұғана астында бронхиальды тыныс, әртүрлі калибрлі дыбысты ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының екі жақты проекциясында өкпе суретінің күшейген фонында көптеген жұқа қабырғалы сақиналы аздаған суйықтық бар көленкелер анықталады. Қанда лейкоциттер 12,0 . 109/л, гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,5 . 1012/л, ЭТЖ 54 мм/сағ. Қақырықты бактериологиялық тексеруінде алтын стафилококтың өсу дәрежесін көруге болады.

6. Науқастағы оң жақ бұғана астының аускультацисының мәліметтері қандай синдромды негіздейді?

А. +өкпедегі қуысты

В. өкпе тінінің тығыздалуы

С. ауа толу

D. ателектаз

Е. бронхоспастикалық

7. Әртүрлі көлемді ылғалды сырылдардың даму негізінде қандай механизм жатады?

А. кіші қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуі

В. газдардың диффузиясының жоғарылауы

С. газдардың перфузиясының жоғарылауы

D. +тамыр-тіндік мембраналардың өткізгіштігінің жоғарылауы

Е. альвеолалық желденудің артуы

8. Өкпенің микроскопиясы кезінде альвеолалардағы көп мөлшерлі нейтрофилді экссудаттың болуы, ошақты гистолиз, қоршаған көп мөлшерлі капиллярлар мен жұқа қабатты грануляциялық тін табылған. Өкпедегі патологиялық үдерісті анықта:

  1. +абсцесс қалыптасқан ошақты пневмония

  2. крупты пневмонияның боз бауырлану кезеңі

  3. бронхэктазды ауру

  4. өкпедегі бірнеше созылмалы абсцестар

  5. өкпенің жедел каверналы туберкулез

9. Берілген рентгенологиялық көрініс қандай патология үшін тән?

А. өкпенің стафилококкты деструкциясы

В. өкпе циррозы

С.+ өкпенің кавернозды туберкулезі

D. крупозды пневмониясы

Е. өкпе эхинококкозы

10. Қандай бета-лактамды антибиотик алтын стафилококқа әсері жоғары?

  1. гентамицин

  2. бензилпенициллин

  3. эритромицин

  4. полимиксин

  5. +цефипим

Есеп 3.

Науқас К., 49 жаста,аздаған қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелге, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене қызуының 38,5° С дейін жоғарлауына шағымданады. Жоғарыдағы аталған симптомдар 2 күн бұрын басталған. Объективті тексергенде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, оң жақ төменгі аймақта анықталады, аускультативті - везикулярлы тыныс әлсіреген, осы жерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар бар. Кеуде клеткасын рентгенограммасында 2-жақты стандартты түсіргенде оң жақ төменгі бөліктің шетері тегіс емес орташа интенсивті қараю анықталады , сол аймақтан бронхтардың саңылауы көрінеді.

11. Дауысты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар қандай патологияға тән?

А. Бронхальды демікпе

В. гидропневмоторакс

С. +Ошақты пневмония

D.экссудативті плеврит

Е. өкпе эмфиземасы

12. Науқаста дамыған әлсіз везикулярлық тыныстың механизімі қандай?

А. өспелік

В. гендік

С.+ қабынулық

D. паразитарлық

Е. дистрофиялық

13. Өкпе тінін пальпациялағанда көптеген тығыздалған ошақтар аныкталған, кесіндісінде беткейі қара-қызыл және сұр түсті бөліктердің кезектесу салдарынан шұбар , беткейінің кесіндісінен жеткілікті мөлшерде лайсаң сұйықтық аққан. Патологиялық үрдісті анықта

  1. бронхоэктазды ауру

  2. бронхопневмония

  3. крупты пневмонияның, қызыл бауырлану кезеңі

  4. +крупты пневмонияның боз бауырлану кезеңі

  5. бронхиальді астма

14. Берілген рентгенологиялық көрініс кезінде морфологиялық субстраты не болып табылады?

А.+ пневмониялық инфильтрация

В. туберкулез кезіндегі инфильтрация

С. ателектаз

D. өкпе тінінің склерозы

Е. ісікті зақымдануы

15. Қандай респираторлы фторхинолон берілген ауруды емдеуде анағұрлым тиімді?

  1. норфлоксацин

  2. пефлоксацин

  3. налидикс қышқылы

  4. пипед қышқылы

  5. +левофлоксацин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]