Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222.21 Кб
Скачать

Нұсқа 7

Есеп № 1.

Науқас Т. 18 жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге шырышты-іріңді қақырықпен жүретін жөтелге, дене қызуының 38,8оС дейін жоғарлауына, бас ауруы, терлегіштікке шағымданып келді. Тынысы минутына 32 рет. Аускультативті қатаң везикулярлық тыныспен дыбысты ұсақ көпіршікті, ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – оң жақта ошақты көлеңкелер мөлшері 0,5 тен 1,0 см-ге дейін анықталады, өкпе суретінің күшейген аймақтарының орындарында құйылған, түбірі инфильтрацияланған.

1. Дыбысты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар қандай патологияны негіздейді?

А. бронх демікпесі

В. гидропневмотораксты

С. +ошақты пневмония

D. экссудативтік плеврит

Е. өкпе эмфиземасы

2. Науқастағы ентігудің механизмі қандай?

А. неопластикалық

В. аутоиммундық

С. рефлекторлық

D. тұқым қуалаушылық

Е. +тамырлық

3. Жедел бронхпневмонияға өкпе тінінің қандай морфологиялық өзгерістері

тән ?

  1. альвеолаларда фибринді экссудат біркелкі тараған, бірнеше абсцестер

  1. айқын бейнелі склероз, лимфоцитті аралық инфильтраттар

  1. ошақты эмфизема, пневмосклероз

  2. +альвеолаларда ірінді экссудат біркелкі жиналмаған, абсцестердің түзілуі

  3. бронхспазм, склероз, бронх қабырғаларында эозинофильді инфильтраттар

4. Қандай көлеңкені ошақ деп атайды?

A. өлшемі 20 мм дейінгі

B.+ өлшемі 15 мм дейінгі

C. өлшемі 18 мм

D. өлшемі 22 мм

E. өлшемі 16 мм

5. Осы патологияны емдеуде қандай фторхинолондар тобындағы дәрілік заттар ең тиімді ?

  1. норфлоксацин

  2. пефлоксацин

  3. налидикс қышқылы

  4. пипед қышқылы

Е.+ левофлоксацин

Есеп №2.

20 жастағы әйелде, әсіресе таңертеңгі уақытта («ауыз толтырып») көп мөлшерде іріңді қақырықпен жүретін жөтелге шағымданады. Дене қалпын өзгерткенде жөтелі күшейеді. Дене қызуы субфебрильді. Тексергенде тырнақ беттерінің сағат әйнегі тәріздес өзгеруі (Гиппократ саусағы). Өкпеде ашық өкпелік перкуторлық дыбыс, көптеген құрғақ ызыңды және қосарланған ірі және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Қанда лейкоциттер 14 . 109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ.

6. Науқас жөтелгенде бөлінген қақырық қандай ауруға тән?

A. бронхит

B. +бронхоэктаз ауруы

C. ошақты пневмония

D. өкпе ісігі

E. өкпе эмфиземасы

7. Науқаста орташа көлемді ылғалды сырылдардың пайда болу механизмі қандай?

A.+ тіндік элементтердің көбеюі

B. біріншілік альтерация

C. тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы

D. хемотаксистің әлсіреуі

E. фагоцитоздың белсендірілуі

8. Бронхоэктаздардың морфологиясын анықта:

А. боз бауырланған өкпе тіні

В. бронхының некрозды диффузды рагы

С.+ қалталана кеңіген бронхылар

D. өкпенің эмфиземалы тіні

Е. өкпе тінінің интерстицийлік фиброзы

9. Бронхоэктазды толық көрсетуге мүмкіндігі бар, заманауи зерттеудің сәулелік әдісін көрсетіңіз.

A. магнитті-резонансты томография

B. рентгеноскопия

C. шолу рентгенографиясы

D. пневмомедиастинография

E.+ компьтерлік томография

10. Бронхоэктаздарды емдеген кезде цефалоспориндерді қандай дәрілік топтармен біріктіруге болмайды?

  1. кардиотоксикалық

  2. нейротоксикалық

  3. +нефротоксикалық

  4. ототоксикалық

  5. гепатотоксикалық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]